Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының
4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Меркі Ақиқат» газетіне орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                Ш.Абылкасымов

 

Хатшы                                                               О.Тойбаев                                     

         

 

 

 

 

 

Меркі ауылы,

2024 жылғы 31 қаңтар

№2

Дата публикации
31 января 2024