Меркі ауданы әкімдігіне жеке және заңды
тұлғалардан түскен жолданымдар туралы
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы
Аудан бойынша 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2898 жолданым түскен. Оның ішінде өтініш саны – 2491, шағымдар – 52, басқасы – 355 (хабарлама, сұрату, үн қосу). 2023 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі ұзартылып қаралған өтініштер саны – 39.
Талдау көрсеткендей, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелердің ішінде халықтың әлеуметтік өмір сүру жағдайлары, оның ішінде жер мәселелері бойынша - 23%, жол, жарық және тұрғын үй сатып алу бойынша - 49%, коммуналдық қызметтер бойынша - 8%, материалдық көмек көрсету бойынша – 6% және басқа да мәселелер бойынша-14%.
Жеке қабылдау туралы
Меркі ауданы әкімдігінің ресми сайтында онлайн қабылдау бөлімінің сұрақ-жауап сервисіне 2023 жылы жолданым түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексітің 90-бабына сәйкес жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауында әр-түрлі сұрақтармен 252 азамат қабылданды. Жалпы саны 168 өтінішпен қайырылған. Қабылдау барысында 76 өтініш – заң талаптарына сәйкес түсіндірілді, 86 тапсырма – бақылауға алынды оның ішінде 80 тапсырма – орындалды, 6 тапсырма тұрақты бақылауда.
2023 жылы аудан әкімінің бекітілген кестеге сәйкес 56 халықпен кездесуі өтті. Кездесу кезіндегі жеке қабылдауда әр-түрлі сұрақтармен 68 азамат қабылданды. Қабылдау барысында 27 өтініш – заң талаптарына сәйкес түсіндірілді, 41 тапсырма бақылауға алынып орындалды.
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер баспана мәселесі бойынша, қайтарымсыз грант алу туралы, марапат туралы, жұмыс мәселесі, әлеуметтік көмек бойынша, жер мәселесі, білім саласы туралы, жол туралы, түңгі жарықтандыру бойынша қайырылғын. Олардың барлығына да қолданыстағы заңдар аясында жауаптар мен түсініктемелер берілді.
«Jambyl 109» қызметіне 2023 жылы «AIKEY» мобильді қосымшасы арқылы 105 өтініш түскен. Түскен өтініштердің барлығына жауабы беріліп «AIKEY» мобильді қосымшасы арқылы жабылған.