Меркі ауданы әкімі Ж.Баубеков Аспара ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған  жолдауларында  мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетуде.  Осы орайда аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында  Аспара  ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Шырайлы жүздесуде аудан  әкімі биылғы жылға жоспарлармен, соның ішінде Аспара ауылдық округінде атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Жиында  тұрғындар аудан әкіміне көптен күткен мектеп құрылысының басталуына алғыстарын айтты.

Биыл аталған округте 150 орындық заман талаптарына  сай мектептің іргетасы қаланды. Ұсыныс ретінде  ескі мектептің қолдаыссыз қалмай, бір кәдеге  жараса,  балабақша немесе спорт мектебін жасаса деген ниеттерін білдірді. Аудан әкімі заң талаптарына сай ғимаратты бос қалдырмауға әрекет жасалатындығын жеткізді.

Дата публикации
13 апреля 2023