Ақтоған ауылдық округі бойынша 2023 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Ақтоған  ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Ақтоған ауылы (3472 адам) –565 түтін, Қазақ –Дихан ауылы (542 адам) - 82 түтін, барлығы 647 түтін, тұрғындар саны – 4014 адам. Зейнеткерлер саны – 347,  мүгедектері – 124, асыраушысынан айырылғандар саны- 20, аз қамтылған отбасылар саны – 11.  Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны – 25 адам.

Ауылдық округ көлемінде «Тілеміс батыр» ЖШС мен 85 шаруа қожалығы, 57 – жеке кәсіпкерлер тіркелген. Сонымен қатар, 2 мешіт, Ақтоған ауылдық дәрігерлік амбулатория, Қазақ-дихан медициналық пункт, Ақтоған ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, №4 «Тілеміс батыр» атындағы жалпы білім беру мектебі мен №33 жалпы білім беру мектебі, 1 жеке меншік балабақшасы, 1 монша мен 15 дүкен, 1 жаңар-жағар май құю станциясы, 2 сұлулық салоны, 1 пластикалық есік-терезе шығаратын кіші цех пен Казпочта бөлімшесі қызмет көрсетуде.

         Ауылдық округтың жалпы жер көлемі – 12 639,9 га. Оның ішінде: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 5 930,9 га, егістік – 5 779,9 га, суармалы – 1 451 га, шабындық – 151 га, жайылым – 6 543 га.

         Ауылдық округ бойынша жалпы егістік жердің көлемі 5 765 гектар.

2023 жылға күздік бидай – 1000 га, жаздық арпа – 2150 га, парға қалдырылған жер - 300 га, мақсары - 100 га,  бірінші жылғы жоңыршқа – 200 га, ескі жоңыршқа 2300 га егіліп жыл соңына дейін  жоспар толығымен орындалады деп күтілуде.

2023 жылдың І тоқсанына округ аумағында 3200 мүйізді ірі қара, сиыр 1855, қой ешкі- 30000, жылқы -1490, құс- 5800 бар.

Биылғы жылдың соңына дейін 60 га тұрғын үй алқабының су жүйесінің жұмыстары толығымен аяқталған соң қолданыстағы заңдар аясында кезектілік бойынша халыққа үлестіріледі. Аталған алқапқа инженерлік инфрақұрылым (қиыршықтас  жол) құрылысының жалпы сметалық құны - 112,5 млн.тг, ал электржүйесі құрылысының жалпы сметалық құны - 253,9 млн.тг, су жүйесінің жұмыстары жалпы сметалық құны - 338 967 000 тг құрайды.

Ауылдық округ бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанында «Тілеміс батыр» ЖШС 50 тн. көлемінде минералдық тыңайтқыш алса,  шаруа қожалық басшылары 5 жаңа техника алды.

«Бизнестің бастау» бағдарламасы бойынша

Бүгінгі күнге барлығы Ақтоған ауылдық округі бойынша «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы оқуға қатысуға 10 азамат ниет білдіріп, 2 азамат қайтарымсыз мемлекеттік грантты иелінді.

Ветеринария саласы бойынша Ақтоған ауылдық округінде жоспарланған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық тексерулер жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері 11000 бас ҰМ мен 2000 бас бұзау малдары сырғаланды.

Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша округ аумағында     І тоқсан бойынша 13 отбасының (57 бала) табысы кедейшілік деңгейінен төмен болуына байланысты АӘК тағайындалып, берілді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы қоғамдық ақылы жұмыста бүгінгі таңға 33 жұмыссыз азаматтар жұмыс атқаруда. 2023 жылы көктемгі  әскерге шақырушылар саны 8 баланы құрайды. Оның ішінде бүгінгі таңға 2 бала әскерге жолданды.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша ауылдық округте халыққа қызмет көрсететін 35 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория мен Қазақ-дихан ауылдық дәрігерлік пункті бар. Барлығы 1 дәрігер және 10 орта буын медицина қызметкерлер жұмыс атқарады. 

          Есепті кезеңде туберкулез - 1, вирустық гепатит – 0, онкологиялық аурулар -0 адам тіркелді.

Мәдениет және спорт саласы бойынша Ақтоған ауылындағы мәдениет үйі 1986 жылы салынған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Көрермен залында 164 орындық бар. Бүгінгі таңға    5 үйірме жұмыс істейді. Музыкалық және дыбыстық құралдарымен қамтылған. Жалпы бүгінгі таңға 4 іс-шара ұйымдастырылды. Ақтоған ауылдық мәдениет үйінде домбыра, вокал, би  үйірмелері жұмыс атқаруда.

Округ бойынша бір кітапхана жұмыс істейді. Жалпы кітапхана қоры -    10 809 дана, оның ішінде қазақ тілінде – 6 685, орыс тілінде – 4124. Балалардың әдебиеті - 337 дана. Бүгінгі күнге кітапханамен 430 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіліп,  3330  кітап берілді. Сонымен қатар кітапханада 14 мерзімді басылымдардың материалдарымен танысуға болады. Кітапханада өткізілген    12 іс-шараға   250 адам  қатысты.

    Ақтоған ауылдық округінде жүйелі турде спортпен шұғылданушылар саны – 1 360 адам, оның ішінде 597 (14 жасқа дейінгі), 607 (14-29 жасқа дейінгі), 164 (29-жастан асқан), 18  (зейнеткер), 18 (мүгедек). Өткізілген іс-шаралардың саны 8.

 Көктемгі және күзгі екі айлық абаттандыру жұмыстарына келетін болсақ 2023 жылғы 3000,0 мың теңге абаттандыру-көгалдандыру  жұмыстарына қойылды. Екі елді мекенннің аумағында орналасқан электр және байланыс бағаналары әктелініп, түрлі-түсті сырмен сырланды. «Батыс Европа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орналасқан 15 га дендропаркке демеушілер көмегімен 20 түп ақ қайын, 50 түп гибискус талдарының көшеттері  отырғызылды.  Саябақтың ішіндегі тал-тарақтар күнделікті баптап күтілуде. Жалпы округ бойынша санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Ақтоған ауылында 565 аула саны, оның 544 табиғи көгілдір отымен қамтылған, ал 21-не белгілі бір себептермен (құрылыс бітпеген, құжаттары дұрыс емес, тіркелмеген, жалдамалы пәтерге берген) тартылмаған. Қазақ-Дихан ауылында 82 аула саны, оның 76 табиғи көгілдір отымен қамтылған, ал 6-не тартылмаған.

Білім саласы бойынша №4 «Тілеміс батыр» атындағы жалпы білім беру мектебінде 719 оқушы ,  ал №33 ЖББМ жалпы білім беру мектебінде бүгінгі таңда 81 оқушы білім алуда.

    Ақтоған ауылдық округте «Ерсултан» балабақшасында 2023 жылы 140 жас бүлдіршіндерді қабылдап қуантып отыр. Ауылдық округ бойынша балабақшаға бүгінгі күнге кезекте тұрған балалар жоқ.

    Арыз-шағымдар бойынша: 2022 жылы бүгінгі күнге 9 айдың қорытындысы бойынша ауылдық әкімшілікке келіп түскен өтініштер саны – 42. Барлығы жеке тұлғалардан келіп түсіп,  38 толығымен қанағаттандырылып,        1 бас тартылды, қалған 3 орындалу үстінде. Ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауына 16 азамат қайырылып, қолданыстағы заңдар аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Қаңтар-Наурыз айларына төлемдер бойынша жоспарланған қаражат көлемі – 16 523 000 теңге. Игерілген қаражат көлемі – 16 508 815,30 теңге яғни 100% пайызга игерілді.

Ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері бойынша – 15 402 000 теңге.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша – 765 000 теңге. Түнгі көше жарығының электрэнергиясына ақы төлеу үшін мемлекеттік сатыпалудың бір көзлен сатып алу тәсілімен  Жамбыл Жарық Сауда-2030 ЖШС-мен жыл бойына - 1 120 000 теңгеге келісім шарт жасалып 139 000 теңге қаражат игерілді.

Мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілі бойынша мердігер ЖК Шымырбаева түнгі көше жарығы құрылғыларын ұстап тұруға ағымдық жөндеуге жыл бойына – 2 000 000 теңгеге келісім шарт жасалып 608 000 теңгем қаражат игерілді.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 56 000 теңге. Мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тісілі бойынша мердігер Андас-Тазалық ЖШС жеңімпаз болып анықталып жыл бойына – 385 000 теңгеге келісім шарт жасалып, Ауылдық округтегі күнделікті санитариялық тазалық жұмыстары жүргізілуде. 56 000 теңге қаражат игерілді.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 0,0 теңге

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша - 0,0 теңге.

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасына бойынша Ақтоған ауылдық округінің автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстары бойынша 300 000 теңгеге мердігер «Рыскулов А.О. жеке кәсіпкермен келісім шарт жасалып жұмыстар жүргізіліп, қаражат толығымен игерілді.

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бойынша – 0,0 теңге.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша – 0,0 теңге

Ақтоған ауылдық округіне 2023 жылға бөлінген бюджет қаражаты -         152 405 000 теңге.  

Атап айтқанда ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге – 58 152 000 теңге. Оның ішінде:

Қызметкерлердің жалақы қоры – 57 059 000 теңге.

Жанар-жағар май сатып алуға – 455 000 теңге.

Өзге де қорларды сатып алуға (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, қызметтік автокөлік құралдары) – 403 800 теңге.

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – 700 000 теңге.

Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге (телефон абонентік төлем- 40 000 теңге, интернет желісі-714 000 теңге, е-халық порталы-545 000 теңге) – 1 263 000 теңге.

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу – 19 213 600 теңге. (Лотос бағдарламасын жаңарту және сүйемелдеу, 1С бухгартерлік бағдарлама жаңарту 1с бухгартерлік бағдарлама сүйемелдеу, 1с мекеме бағдарлама жаңарту 1с мекеме бағдарлама сүйемелдеу Банктiк қызметтер каита даярлау  1 қызметкер (1 қызметкер-3 апта;) Газетке мақала жариялау, табиғатты қорғауды жобалау, Мемлекеттік мүлік порталын сүйемелдеу, ИПГО порталын сүйемелдеу, қызметтік автокөлікті ұстап тұру және ауылдық әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына.)

Қызметтік іс-сапар шығындары – 611 000 теңге.

Өзге де шығыстар – 81 000 теңге.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасына – 3 500 000 теңге.

Электрэнергиясына – 1 500 000 мың теңге.

Жарықтандыру құрылғыларын ұстап тұруға – 2 000 000 теңге.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – 500 000 теңге.

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 2 817 000 теңге

Абаттандыруға қажетті тауарлар сатып алуға (әк, бояу, щеткалар, бояуға қосатын ертінді (уайт спирит),  қоқыс салатын қаптар) – 1 000 000 теңге.

Отырғызылған ағаштарды баптау, суару жұмыстарына – 817 000 теңге.

Ақтоған саябағы және дендросаябақты күтіп ұстауға – 1 000 000 теңге.

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру – 603 000 теңге.

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 300 000 теңге

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары – 900 000 теңге

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша – 85 633 000 теңге

 

Салық түсімдері айтатын болсақ 31.03.2023 жылға  Жеке табыс салығы – 154,8 % мүлік салығы – 183,5 %, көлік салығы – 232 % орындалды.

 

 

Ақтоған ауылдық округінің әкімі                                       Д.Абдіразақ

 

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2023