Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу
туралы» жарлығына және Меркі ауданы әкімімен бекітілген кестеге сәйкес 2023 жылдың 6 сәуірі күні Сыпатай ауылындағы №16 орта мектебінде Ақарал ауылдық округінің әкімі Бекасилов Ерлан Толғанбайұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар хаттамаланып, заң аясында жауап берілді.
Сонымен қатар, кездесу соңында округ әкімі ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.