Аудан әкімі Қызыл сай ауылының тұрғындарымен кездесті

📅16.02.2023

🔰Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы кезекті кездесуін Қызыл сай ауылының тұрғындарымен өткізді.
⠀⠀⠀
✅Кездесуде аудан әкімі шалғайдағы ауылды дамыту жөнінде ауыл тұрғындарымен ой бөлісті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ауылдағы мәселелерді шешу жолдарын бірге талқылады.

❗Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.

📍Сонымен қатар, Жорабек Нұрмергенұлы өңірдің салалар бойынша даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында атқарылатын жұмыстар жайында да баяндады.⠀
⠀⠀
📍Кездесу соңында аудан әкімі жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарды қабылдады.

Дата публикации
16 марта 2023