15.02.2023
🔰Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы халықпен кездесу кестесіне сәйкес, Кеңес ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
✅Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі алдымен өңірдің салалар бойынша даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында атқарылатын жұмыстар жайында баяндады.
☑️Жорабек Нұрмергенұлы кездесуде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
⠀
❗Ауыл ақсақалдары аудан әкімінің бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларына оң бағасын берді.
📍Сонымен қатар Жорабек Нұрмергенұлы кездесу соңында жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарды қабылдады.