Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

2023 жылғы «18» ақпан

 

№08 өкім

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

 

 

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер                           туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабы                      3-тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы                   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес:

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                    Ж.Баубеков

 

 

 

 

    Меркі ауданы әкімінің 
2023 жылғы «18»

ақпан
     № 8 өкіміне

қосымша

 

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

 

  1. Меркі ауданы әкімінің орынбасары (қаржылық мәселелерге жетекшілік ететін);
  2. Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы;
  3. 3. Меркі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 марта 2023