Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

2023 жылғы 04 қаңтарда  Меркі аудандық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті, онда  "2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған  Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" Шешім қабылданды.

2021 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер мен түзетулерге қол қойды. Мұндағы өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Абылкасымов Шорман Туреханович Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы баяндама жасады.

Комиссия төрағасы кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 2023 жылғы 05 қаңтарда басталып, сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда, яғни 2023 жылғы 17 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталатынын хабарлады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни                 2023 жылғы 22 қаңтарда  сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

 

 

 

 

Дата публикации
09 января 2023