Меркі аудандық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ Меркі ауданында Рысқұлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Меркі  аудандық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

                                   

Меркі ауданында  Рысқұлов ауылдық округінің әкімін

 сайлау бойынша  сайлау округтерін құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы               ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Рысқұлов ауылдық округінің әкімі - Рысқұлов ауылдық округінің шекарасында Рысқұлов сайлау округі;

  1. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.

 

 

Төрағаның м.а.                                                 Б. Самбетов

 

Хатшы                                                                 Г. Далиева

 

 

Меркі  ауылы,

2023 жылғы 04 қаңтар

№03

Дата публикации
04 января 2023