Меркі аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

 

 

 

 

ҚАУЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

№02

2022 жылғы                            29 желтоқсан

 

Меркі аудандық  мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Меркі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 «Меркі аудандық  мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін  құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Меркі аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 15 (он бес) округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. 2. Меркі аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Меркі аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. 3. Осы қаулы Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Меркі Ақиқат» аудандық қоғамдық саяси бұқаралық газетінде орналастырылсын.
  4. 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Меркі аудандық сайлау

комиссиясы төрағасының м.а.                                            Б. Самбетов

 

Меркі аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                       Г. Далиева

 

 

Дата публикации
29 декабря 2022