|
|
ҚАУЛЫ |
|
|
|
№01 |
2022 жылғы 29 желтоқсан |
Меркі аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4 тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Меркі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Меркі аудандық сайлау
комиссиясы төрағасының м.а. Б. Самбетов
Меркі аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Г. Далиева
Меркі аудандық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№01 қаулысына қосымша
Меркі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
№ 1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақтоған ауылы, Қосбармақов көшесі №26, Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Шекаралары: Ақтоған, Қазақдикан, Жеміс – жидек ауылдары. Құрамына №269, №273 сайлау учаскелері кіреді.
№ 2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауылы, А. Ысмаилов көшесі №153А, Аудандық орталық кітапхананың ғимараты
Шекаралары: Жамбыл, Интернациональный ауылдары. Құрамына №270, №288 сайлау учаскелері кіреді.
№3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл ауылы, А. Ысмаилов көшесі №146, А. Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты
Шекаралары: Жамбыл, Тәтті, Қарасу, Беларық, Ақжол ауылдары, Тасөткел разъезі. Құрамына №271, №302, 303, 304, 305 сайлау учаскелері кіреді.
№4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауылы, М. Маметова көшесі №1, Аудандық мәдениет үйінің ғимараты
Шекаралары: Меркі, Тұрлыбай батыр, Талдыбұлақ ауылдары, Меркі шипажайы. Құрамына №272, №274, №275, №278 сайлау учаскелері кіреді.
№5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауылы, А. Ысмаилов көшесі №243, И. Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясының ғимараты
Шекаралары: Меркі, Сарымолдаев ауылдары. Құрамына №276, №478 сайлау учаскелері кіреді.
№6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауылы, А. Ысмаилов көшесі №258, балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайының ғимараты
Шекаралары: Меркі, Кеңес ауылдары, Жауғаш Батыр бөлімшесі. Құрамына №277, №299 сайлау учаскелері кіреді.
№7 сайлау округі
|
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауылы, Сарымолдаев көшесі №162А, «Балдәурен» балабақшасының ғимараты. |
Шекаралары: Меркі, Аспара, Қайыңдысай, Құмарық ауылдары. Құрамына №477, №301 сайлау учаскелері кіреді.
№8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарымолдаев ауылы, Омарходжаев көшесі №1, №9 Меркі колледжінің ғимараты
Шекаралары: Меркі, Сарымолдаев ауылдары. Құрамына №279, №280 сайлау учаскелері кіреді.
№9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарымолдаев ауылы, О. Карбозов көшесі №1, «Нұршуақ» бөбекжай бақшасының ғимараты
Шекаралары: Сарымолдаев, Екпінді ауылдары. Құрамына №281, №282 сайлау учаскелері кіреді.
№10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі №1А, Ойтал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Шекаралары: Ойтал ауылы, Меркі стансасы. Құрамына №285, №286 сайлау учаскелері кіреді.
№11 сайлау округі
|
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ойтал ауылы, Достық көшесі №19, №48 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты Шекаралары: Ойтал ауылы, Маханда бөлімшесі. Құрамына №284, №479 сайлау учаскелері кіреді. |
№12 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақарал ауылы, Сейтімбет көшесі №15, №5 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясының ғимараты.
Шекаралары: Ақарал, Тескентоған, Аққайнар, Қостоған ауылдары. Құрамына №289, №291, №293 сайлау учаскелері кіреді.
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сұрат ауылы, Ш. Қалдыбай көшесі №59, Сұрат ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты
Шекаралары: Сыпатай, Сұрат, Қызыл сай, Мыңқазан, Рысқұлов ауылдары. Құрамына №290, №292, №294, №295, №287 сайлау учаскелері кіреді.
№14 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Андас батыр ауылы, Ә.Шотай көшесі №44, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Андас батыр, Гранитогор ауылдары, Шалдабар стансасы. Құрамына №296, №298, №480 сайлау учаскелері кіреді.
№15 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қызыл Қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №38, №3 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қызылқыстақ, Аралкишлак, Акермен, Ақкөз – Қайнар, Алтынарық, Кентай, Ойтал ауылдары. Құрамына №297, №283, №300 сайлау учаскелері кіреді.