Меркі ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2022 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
2022 жылдың 2 тоқсанында аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерімен барлығы – 4791 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 4314 қызмет (90 %);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 459 (21,61%);
қағаз түрінде – 0 қызмет (0 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 18 қызмет (0,37 %).
Мемлекеттік қызметті бас тарту тіркелмеді. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ.
2022 жылдың есепті мерзімінде шағымдану фактісі тіркелмеген.
Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың есепті кезеңінде 41 іс-шара ұйымдастырылып, оған 787 адам қамтылған (тұрғындармен семинар, жиналыстар өтіп, аудандық газеттерде мақалалар жарияланды).
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2021 жылғы жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 22.12.2021 жылғы №577-ө және 15.06.2022 жылғы №19-ө өкімімен бекітілген) ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында Жаңатоған, Сұрат, Ақарал ауылдық округтері әкімінің аппаратында және аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 17 бұзушылық (мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері) анықталды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 17 ұсыныстар беріліп, 17 орындалды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 3 тәртіптік жазалардың қабылданды.