Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 1 қыркүйекке атқарылған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ
Аудан бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған, тұрмысы төмен санаттарының табыс көзін арттырып, ауданда кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында ағымдағы жылы бюджеттен 923,7 млн теңге бөлінді. Оның 507,0 млн. теңгесі республикалық, 29,3 млн. теңгесі облыстық, 387,0 млн. теңгесі жергілікті бюджетті құрап отыр.
01 қыркүйекке 2022 жылға төлемдер бойынша 458 млн. 586 мың тенге бөлініп, 458 млн. 548 мың тенгесі (99,99%) игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 205 млн. 578 мың тг. бөлініп, 205 млн. 578 мың тг. (100 %), облыстық бюджеттен 14 млн. 717 мың теңгесі 100%, жергілікті бюджеттен 238 млн. 291 мың тг бөлініп, 238 млн. 252 мың тенгесі 99,98% игерілді.
Атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша: 2022 жылға атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысына жоспар бойынша 1116 отбасы 6691 адамға республикалық бюджеттен 345 млн. 628 мың теңге жергілікті бюджеттен 80,0 млн теңге қаражат қарастырылды.
2022 жылдың 01 қыркүйек АӘК жәрдемақысына 922 отбасының өтініштері қабылданып, қаралды. Оның ішінде 235 отбасының (1175 адам) табысы асып, 687 отбасы/3821 адам (шартты-589 отбасы/3381 адамға, шартсыз- 98 отбасы/440 адамға) тағайындалып, 170800,5 мың теңге толығымен төленді. Бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын алушылардың ішінен көпбалалы 351 отбасы/2457 адам.
Сонымен қатар, 2022 жылы АӘК алатын отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 1503 балаға жоспар бойынша кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 91 млн. 732 мың теңге, жергілікті бюджеттен 16 млн. 500 мың теңге қаражат қарастырылды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 682 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама (1-3 жасқа дейін 365 бала, 3-6 жасқа дейін 317 бала) және 1381 балаға тоқсанына бір рет берілетін тұрмыстық химия заттары тағайындалып берілді.
Тұрғын-үй көмек жәрдемақысы бағдарламасы бойынша: Тұрғын-үй көмегі жәрдемақысына 2022 жылға 3700,0 мың теңге қаражаты қарастырылды. Қыркүйек айына тұрғын-үй жәрдемақысына 136 отбасы (821 адам) қайырылды. Оның ішінде 21 отбасы (126 адам) табысы асып, 115 отбасы/ 690 адам тұрғын-үй жәрдемақысы тағайындалып, 1252,0 мың теңге төленді.
Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2495 адамды құрайды, оның ішінде: 1 топ - 185 адам, 2 топ -1068 адам, 3 топ – 852 адам. 16 жасқа толмаған мүгедек балалар саны – 390 адам.
Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 4 млн. 687 мың бөлінді (1 айға 2 АЕК: 3063 теңге *2= 6126 теңге есебінде тағайындалды) 2-тоқсанға 55 өтініш қабылданып, 1 млн.713 мың теңге тағайындалып, төленіп берілді.
Жеке көмекші қызметіне 34 млн. 41 мың теңге бөлініп, 36 өтініш қабылданып әлеуметтік қызметтер порталынан таңдау жасап қызмет алуда. Есепті мерзімге 15 млн. 505 мың теңгесі игерілді. Ымдау тілі маманының қызметіне мұқтаж 27 азаматтан (2 ымдау тілінің маманы қызмет көрсетуде) өтініш қабылданып, әлеуметтік қызметтер порталына жіберілді. Ымдау тілі маманының қызметіне (ЖБ-тен 8 млн. 100 мың теңге, РБ-тен 5 млн. 100 мың теңге) қарастырылған 13 млн. 200 мың теңгенің 5 млн. 738,5 мың теңгесі игерілді.
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет бойынша 79 азаматқа «Жамбыл облысы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» ҚБ мемлекеттік сатып алу арқылы келісімшарт жасалды. Бұл мақсатқа 27 млн. 500 мың тенге қарастырылып, есепті мерзімге 17 млн. 744 мың тенгесі игерілді.
Міндетті гигиеналық құралдармен қамту үшін РБ-тен 24 млн. 253 мың теңге, ЖБ-тен 14 млн. 467 мың теңге бөлінген. Есепті мерзімге 173 азамат әлеуметтік қызметтер порталынан таңдау жасап міндетті гигиеналық құралдармен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тифло-сурдотехникалық құралдармен қамту үшін РБ 11 млн. 102 мың теңге бөлініп, сурдотехникалық құралдар алу үшін 26 көмекке порталдан таңдау жасалып, 23-і көмекпен қамтылды және тифлотехникалық құралдар алу үшін 59 көмекке таңдау жасалып, 59 көмекпен қамтылып отыр.
Шипажайлық-курорттық ем алу үшін жеке оңалту бағдарламасы негізінде 90 азаматқа РБ 15 млн. 806 мың теңге қаражат бөлінді. Шипажайлық-курорттық ем алу үшін қайрылған 138 азаматтың 90-ы әлеуметтік қызметтер порталында таңдау жасап есепті мерзімге 75 азамат мерзімімен шипажайларға барып демалып келді. Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін есепті мерзімге 186 көмек түріне порталдан таңдау жасалып, 88-і көмектермен (протездік таяқтарға, балдаққа, ортопедиялық аяқ киімдерге, аяқ, жамбас, кеуде протездеріне) қамтылды. Протездік –ортопедиялық көмектермен қамту үшін РБ 2,1 млн. теңге, ОБ 11,6 млн. теңге қаражат қарастырылды.
Есепті мерзімге кресло-қорап алу үшін өтініш берген 37 азаматтың әлеуметтік қызметтер порталында таңдау жасап, 34 азамат бөлмелік, серуендік (балалар, ересектер) және көп салалы кресло-қораптармен қамтылды. Кресло-қораптармен қамту үшін РБ 2 млн. 116 мың теңге, ОБ 2,9 млн. қаражат бөлінді. Жеке оңалту бағдарламасы негізінде жартылай стационарлық жағдайда қызмет алу үшін 25 өтініш қабылданып, 16 бала аудандағы оңалту және бейімдеу орталығына жолдамамен жіберілді, 9 ересек азамат Тараз қаласындағы оңалту орталығына арнаулы қызмет алу үшін жолданды. Әлеуметтік қызметтер портал арқылы таңдау жасалып арнаулы қызмет алуда. 1 зейнеткер қарттар мен мүгедектерге арналған қызмет көрсету орталығына орналастырылды.
2022 жылы диспансерлік есепте тұратын, туберкулездің төзімді түрімен ауыратын 75 азаматқа ай сайын амбулаторлық емін алу кезеңіне облыстық бюджеттен 20 млн. 734 мың теңге бөлініп, есепті мерзімге 11 млн. 793 мың теңгесі игерілді.
Атаулы мейрам күндеріне (ҰОС ардагерлері (2-соғыс мүгедегі, 1- соғысқа қатысушы), ҰОС ардагерлерінің жесірлері (26 адам), тыл ардагерлеріне (197 адам), барлығы 226 адамға 14 млн. 150 мың теңге, ЧАЭС (14 адам) апатын жоюға қатысқан 14 азаматқа 150 000 теңгеден барлығы 2 млн. 100 мың теңге, Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілер, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын қорғаушылар, Ирактағы, Таулы-Карабахтағы этносаралық қақтығыста болған ә/қызметшілерге, барлығы 116 адамға 150 000 теңгеден барлығы 17 млн. 400 мың теңге есеп шоттарына аударылып берілді. Семей ядролық полигонында сынақтарға қатысқан 168 азаматқа 150 мың теңгеден барлығы 25 млн. 200 мың теңге төленді. Атаулы мейрам күндеріне жергілікті бюджеттен барлығы 67 млн. 500 мың теңге бөлінген, барлығы 524 адамға 58 млн 850 мың теңге есеп шоттарына аударылып берілді.
Жергілікті органдардың шешімі бойынша бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, есепті мерзімге 40 азаматқа 1 млн. 735 мың теңгесі аударылып берілді.
Ауданның еңбек ардагерлерін санаторлы-курортты сауықтырумен қамту үшін жергілікті бюджеттен 10 млн. 500 мың бөлінген. Баға ұсыну тәсілімен (запрос ценовых предложений) мемлекеттік сатып алу нәтижесінде Түркістан облысындағы «Арыс» санаториі жеңімпаз атанып, 8 млн. 212 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Қыркүйек айында игеру жоспарлануда.
Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ветеренария, спорт және әлеуметтік сала мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек төлеу үшін ЖБ-тен 48 млн. 995 мың теңге қарастырылып, мамыр-мауысым айларында 3998 адамға төрт айлық есептік көрсеткіштен (12 252 теңге) төленіп, толығымен игерілді.
Инватакси қызметі «Қоғамдық Тараз» қоғамдық бірлестігі арқылы көрсетілуде. Биылғы жылы 73 азаматқа қызмет көрсету жоспарланған. Аталған қызмет үшін 10 млн. 688 мың бөлінген. Есепті кезеңге аталған қызмет үшін 4 млн. 957 мың теңге қаражат төленді.
Бүгінгі таңға е. Otinish «Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» бойынша жалпы 43 өтініш түсті оның ішінде 11 өтініш біздің мекеме арқалы түсіп уақытылы қаралып, белгіленген мерзімде жауаптар беріліп, тиісті нұсқаулыққа сай рәсімдеумен қамтамасыз етілді. Азаматтардың арыз-шағымдарынан басқа шығыс хат - хабарлар тек қана мемлекеттік тілде рәсімделген.
Бөлім басшысының міндетін
уақытша атқарушы А. Омар
М.Кошербаев, С. Нуркемелова,