Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы, 1-тармағы, 4-14) тармақшасына сәйкес, орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретіне жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.
Осыған орай, «Жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта рәсімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығы әзрленіп, №27508 нөмірімен 2022 жылдың 11 сәуірде мемлекеттік тіркеуден өткендігін хабарлайды.
