Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

 

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп нормаларын жетілдіру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалды – адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану.

Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Тәртіптік жаза қолдану қағидаларына қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.

         Сонымен бірге, Агенттіктің Әдеп жөніндегі комиссиясына облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері орынбасарларының, облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандары мен қала аудандары әкімдерінің, облыстарың әкімшілік орталықтары болып табылатын қала әкімдерінің, комитеттер төрағаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттікқызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін қарауға өкілеттік берілген.

Дата публикации
24 марта 2022