Мемлекеттік қызметті берушілермен семинар-кеңес өткізілді
2022 жылғы 8 ақпанда аудан әкімдігінде аппараттың бас инспекторы Р.Тажиевамен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы HR және СМЖ дамыту басқармасының HR-менеджері Г.Болатпен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар-кеңес жүргізілді. Жиынға АХАЖ қызметінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, спорт бөлімінің, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, архитектура бөлімінің мамандары қатысты. Жауапты қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс кестесін қатаң сақтау, өтініштерді мерзімінде тіркеп, орындау, кемшіліктерді жібермеу қажеттілігі туралы айтылып, бірқатар ұсыныстар берілді.



