Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2022 жылдың 20 ақпанына тағайындалған Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды.
Шекаралары: Сарымолдаев ауылы, Екпінді ауылы, Ойтал ауылы.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Исмаилов көшесі №169, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.