Меркі ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
4 тоқсаны бойынша қысқаша есебі
2021 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерімен барлығы – 4570 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 3646 қызмет (79,8 %);
Мемлекеттік корпорация арқылы – 914 (20 %);
қағаз түрінде – 0 қызмет (0 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 10 қызмет (0,2 %).
Мемлекеттік қызметті бас тарту саны – 6. Аталған бас тартулардың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ.
2021 жылдың есепті мерзімінде шағымдану фактісі тіркелмеген.
4 тоқсанда Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының «Е-лицензиялау» АЖ-не тіркелген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша 1 өтінішке бас тарту мерзімі бұзылып көрсетілді. Бас тарту себебі қажетті құжаттары толық болмауы. Жауапты маман Д.Балгаевқа ауылдық округі әкімінің 30.12.2021 жылғы №7-13/150 өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың есепті кезеңінде 67 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1062 адам қамтылған (40 семинар, тұрғындармен жиналыс өтті, 20 мақала аудандық газеттерде жарияланды,3 онлайн ярмарка өткізілді,1 бейнеролик түсіріліп әлеуметтік желіде көрсетілді). 11 қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың 4 тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2021 жылғы жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 20.12.2020 жылғы №845-ө өкімімен бекітілген) ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 1 заңбұзушылық (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша жұмыстар аз жүргізілген) анықталды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 4 ұсыныстар беріліп, 4 орындалды.