2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша  мәлімет

 

ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарш өнеркәсібі министрінің 31.01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығы) 2021 жылы аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерімен  барлығы – 19447  мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Атап айтқана, қағаз түрінде - 1655   (8,5%), қағаз түрінде көрсетілген баламалы қызметтер – 123 (0,6%),  мемлекеттік корпорация арқылы – 4029 (21%), электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13640 (70%).

Мемлекеттік қызметті бас тарту саны – 536. Аталған бас тартулардың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ. 2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі тіркелмеген.

Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде жүргізілген насихаттау, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2021 жылдың есепті кезеңінде 286 іс-шара ұйымдастырылды (205 семинар, дөңгелек үстел, тұрғындармен жиналыс, оған 4478 адам қамтылған, 69 мақала аудандық «Меркі тынысы» және «Меркі ақиқат» газеттерінде жарияланды, 3 онлайн жәрмеңке өткізілді, «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы туралы баннер ілінді, 4  бейнеролик және 4  инфографика жасалып әлеуметтік желіде көрсетілді). 11 қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.       

2021 жылы екі өтініштің мерзімі бұзылды. Біреуі, тамыз айында  «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне портал арқылы тіркелген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» қызметі бойынша өтініш. Жіберілген кемшіліктері үшін аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің маманы Н.Сейітқазыға аудан әкімінің 06.10.2021 жылғы №432-ө өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Екіншісі, 15.10.2021 жылы Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының «Е-лицензиялау» АЖ-не тіркелген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша Б.Дузеловтың өтінішіне (KZ21RBE00365034) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімі бұзылып көрсетілді. Бас тарту себебі  қажетті құжаттары толық болмауы. Жауапты маман Д.Балгаевқа ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №7-13/150 өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2021 жылғы жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 20.12.2020 жылғы №845-ө өкімімен бекітілген) 1 тоқсанда Ойтал, Рысқұлов,  2 тоқсанда Ақарал, Сарымолдаев, Жамбыл ауылдық округтерінде, 3 тоқсанда аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, 4 тоқсанда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтәк бағдарламалар бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 16 заңбұзушылықтар (құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері-2, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процес) бұзу фактілері-11, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері-3) анықталды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді, кемшіліктерге жол берген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімнің маманына «ескерту»  түріндегі тәртіптік жауапкершілік қолданылды.

Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық түрде көрсетілу үлесін арттыру мақсатында 14 ауылдық округ әкімі аппаратында және 16 шалғай елді мекендеріндегі ауылдық кітапханаларда «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді. Бұл жерде азаматтар үшін қажетті электрондық анықтамалар мен қызметтерді алуына мүмкіндік жасалған.

2019 жылдың маусым айынан бері «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімдігінің ғимаратының бірінші қабатында сервистік әкімдік ашылып, халыққа қызмет етуде. Жобаның мақсаты - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді бір жерден көрсетіп, қолайлы жағдай жасау.  Сервистік әкімдікте адалдық алаңы, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары отырады.  2021 жылдың  12  айында сервистік әкімдікке 6913 өтініш түсті (5119 электронды, 1794 ауызша).

2021 жылы аудан әкімінің аппаратының ұйымдастырумен 2021 жылдың қазан, қараша айларында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 рет «онлайн жәрмеңке»  өткізілді. («Меркі ауданы әкімдігі» фейсбук парақшасында) өтті.  Онлайн жәрмеңкеге қызмет көрсететін мекемелердің жауапты мамандары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.  

 

2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет
Дата публикации
10 января 2022