«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін».

БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.

Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі жөнінде әңгімелеп беретін болады.

Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.

Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.      

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда сағат 10-00 және 12-00, 15-00 онлайн форматта  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

2021 жылдың 10  желтоқсанында сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e157ef8e87e266883372f470fa0d6d6c7

event-мәжіліс нөмірі:  2516 677 4958

event-мәжіліс паролі: 00000

2021 жылдың  10  желтоқсанында  сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec71410f9c1c75488f6008909f8150fe8

event-мәжіліс нөмірі:   2513 826 2303

event-мәжіліс паролі: 00000

2021 жылдың  10  желтоқсанында  сағат 15-00  сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb2e95cfce781ac15f6cf2548a735ff80

event-мәжіліс нөмірі:  2517 838 9962

event-мәжіліс паролі: 00000

        

        

 

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

 

Дата публикации
14 декабря 2021