Сервис по доставке документов

Достар!
Сәуір айынан бастап біз дайын құжаттарды клиенттің есігіне дейін жеткізу қызметін іске қостық. Алғашында бұл сервис Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қолжетімді болған. Енді дайын құжаттарды Талдықорған, Петропавл, Ақтау, Ақтөбе қалаларының тұрғындары да тапсырыспен алдырта алады.

Қазір сіз 144 мемлекеттік қызмет бойынша анықтамаға немесе құжатқа тапсырыс бере аласыз.

Құжаттарыңыз дайын болғанда сізге жеткізу сервисін пайдалану ұсынысымен SMS-хабарлама келеді. Ұсынысты қабылдасаңыз, смс-хабарламадағы жеке сілтеме бойынша өтіп, деректерді толтырасыз және 970 теңге көлемінде жеткізу құнын төлейсіз.
Курьер құжаттарыңызды тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайға жеткізеді.

Жыл соңына дейін бұл сервис барлық қазақстандықтарға қолжетімді болады.

Дата публикации
13 декабря 2021