Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің
сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылы 28 қарашада Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне 6736 азамат енгізілді, оның 6202-і дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.
«Nur Otan» партиясы - 1 адам,
«Ауыл»ХДПП -1 адам,
ҚДП «Ак жол» -0 адам,
«ADAL» ПП - 0 адам,
ҚХП - 0 адам,
ОСДП* - 0 адам,
Өзін-өзі ұсыну жолымен - 1 адам.
Жамбыл сайлау округі
Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 6736 азамат енгізілді, оның 6202-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 87, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 23.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Айнаев Е. - 286; Байболсынов Е. Б. - 5704; Кошербаев М. Д. - 90 .
Жамбыл ауылдық округінің сайланған әкімі Байболсынов Ербол Байболсынович 1979 жылы туылған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылында тұрады.
Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен 2021 жылы 28 қарашада сайланған Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін тіркеді.