2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша  мәлімет

 

Аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерімен  барлығы 89 мемлекеттік қызмет түрі бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы саны:

№

қабылдау түрі

2019 жыл

2020 жыл

 

 

95477

34810

1

Қағаз түрінде

9989

(10%)

3657  (10,5%)

2

Қағаз түрінде көрсетілген баламалы қызметтер

 

951 (1%)

178 (0,5%)

4

Электронды түрде

 

76326 (80%)

30975 (89 %)

 

Мемлекеттік корпорация арқылы

8211

(9%)

4989 (14,3%)

 

ақпараттық жүйелері арқылы -

73173

(77%)

21717  (62,3%)

 

электрондық үкімет веб-порталы арқылы –

3153

(3%)

4269 (12,2%)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны

 

12

6

 

2020 жылы электрондық қызметтердің азаюының басты себебі Меркі ауданы әкімдігінің 17.04.2020 жылғы №175 қаулысына сәйкес аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі таратылып, ветеринариялық бөлімнің қызметтері есепке кірмей қалды.

2019 жылы ветеринариялық бөліммен барлығы 54632 қызметтері көрсетілген (Ветеринариялық анықтамалар беру – 17191, Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу – 37429, Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру- 12).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және электронды түрде көрсетілуін арттыру мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша баламалы қызметтердің қағаз түрінде көрсетілген үлесі төмендеп, 0,5 % құрады.

Мемлекеттік қызметті бас тарту саны – 478. Аталған бас тартулардың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ.

Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде жүргізілген насихаттау, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың есепті кезеңінде 264 іс-шара ұйымдастырылып (207 семинар, дөңгелек үстел, тұрғындармен жиналыс, оған 4506 адам қамтылған, 53 мақала аудандық «Меркі тынысы» және «Меркі ақиқат» газеттерінде жарияланды, 4 бейнеролик түсіріліп әлеуметтік желіде көрсетілді).

2020 жылы «Е-лицензиялау» АЖ-не тіркелген қызметтер бойынша 3 мерзімі бұзылған өтініш анықталды. Оның біреуі 2020 жылдың қыркүйек айында аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау жүргізу кезінде анықталған. Анықталған кемшіліктер:

22.06.2020 жылы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің «Е-лицензиялау» АЖ-не «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» қызметі бойынша электронды өтініш тіркелген. Стандарт бойынша қызметті көрсету күні болып 29.06.2020 жылы белгіленгеніне қарамастан,  архитектура бөлімімен 08.07.2020 жылы қызмет көрсетілген (6 жұмыс күнге кешіктірілген). Аталған кемшілікті жіберген жауапты маман Б.Тұрлыбайға бөлім басшысының 6.10.2020 жылғы №137 бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді;

20.04.2020 жылы аудан әкімінің аппаратының кеңсе бөлімшесінің «Е-лицензиялау» АЖ-не "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" қызметі бойынша түскен электронды өтініш 11.05.2020 жылы кешіктіріліп тіркелген. Жіберілген кемшіліктері үшін аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы Н.Найзабековқа аудан әкімінің 10.07.2020 жылғы №320-ө өкімімен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды;

4.08.2020 жылы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне                         «Е-лицензиялау» АЖ-не "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту " қызметі бойынша электронды өтініш түскен. Өтінішті 1.09.2020 жылы орындап, мерзімін кешіктіргені үшін  жер қатынастары бөлімінің жауапты маманы  М.Сәрсенге бөлім басшысының 2.10.2020 жылғы №53-б бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды (стандарт бойынша қызмет көрсету мерзімі 7 жұмыс күн, өтінішті орындау күні 13.08.2020 жыл).

2019-2020 ж. білім саласындағы 7 мемлекеттік қызметтері «edugarden.kz»  және «eduschool.kz» ақпараттық жүйелері арқылы электронды тіркеліп, автоматтандырылды. (1 сыныпқа қабылдау, лагерьге жолдама беру, балабақшаға кезекке қою, қосымша білім беру бойынша құжаттарды қабылдау, мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну,  шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін тасымалдауды ұсыну, денсаулығына байланысты балаларды үйде тегін оқыту).

Аудан әкімінің 13.12.2019 жылғы №845-ө өкімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2020 жылға жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес маусым, қыркүйек, қараша айында 8 ауылдық округінде (Акермен, Ақтоған, Андас-батыр, Аспара, Жаңатоған, Кеңес, Тәтті, Сұрат, Меркі) және аудан әкімдігінің 5 бөлімінде (спорт бөлімі, экономика бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімі,  жер қатынастары бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы) және аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №16, №17, №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 39 заң бұзушылықтар анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, заңбұзушылыққа жол берген жауапты қызметкерлер 3 ескерту, 1 сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Меркі ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық түрде көрсетілу үлесін арттыру мақсатында 14 ауылдық округ әкімі аппаратында және  16 шалғай елді мекендеріндегі ауылдық кітапханаларда «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары»  жұмыс істейді. Бұл жерде азаматтар үшін қажетті электрондық анықтамалар мен қызметтерді алуына мүмкіндік  жасалған.

2019 жылдың маусым айынан бері «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында аудан әкімдігінің ғимаратының бірінші қабатында сервистік әкімдік ашылып, халыққа қызмет етуде. Жалпы көлемі 56 м2 құрайды, қабырғасы тұтастай әйнектен салынған. Жобаның мақсаты - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді бір жерден көрсетіп, қолайлы жағдай жасау.  Севистік әкімдікте аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылық, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандары отырады.  Бұл жерде Wi-Fi желісі және азаматтарға күту орны бар, ғимаратқа кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандус, шақыру қоңырау, көзі нашар көретіндерге арналған сары жолақ орнатылған.

 

Дата публикации
25 ноября 2021