Жамбыл ауылдық округі әкіміне тіркелінген кандадаттар туралы
Меркі аудандық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкіміне төмендегі кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
«Nur Otan» партиясы» ұсынған Байболсынов Ербол Байболсынович, 1979 жылы туылған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауылында тұрады.
«Ауыл» ХДПП ұсынған Кошербаев Максат Даулетиярович, 1975 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі, Сарымолдаев ауылында тұрады.
Өзін-өзі ұсынған Айнаев Бакыт Отарбекович, 1968 жылы туылған, «Отрабек» Шаруа қожалығының жетекшісі, Жамбыл ауылында тұрады