Меркі ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
2021 жылдың ІІІ тоқсанында аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктерімен барлығы – 5486 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 5465 қызмет (99,6 %);
қағаз түрінде – 0 қызмет (0 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 21 қызмет (0,4 %).
Мемлекеттік қызметті бас тарту саны – 10. Аталған бас тартулардың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы. Негізсіз бас тарту фактілері жоқ.
2021 жылдың есепті мерзімінде шағымдану фактісі тіркелмеген.
2021 жылдың тамыз айында «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне портал арқылы тіркелген 1 қызметтің мерзімі бұзылды («Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» қызметі). Жіберілген кемшіліктері үшін жауапты маманға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың есепті кезеңінде 57 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1037 адам қамтылған (40 семинар, тұрғындармен жиналыс, 15 мақала аудандық газеттерде жарияланды, 1 инфографика, 1 бейнеролик түсіріліп әлеуметтік желіде көрсетілді).
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесімен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізудің 2021 жылғы жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 20.12.2020 жылғы №845-ө өкімімен бекітілген) ағымдағы жылдың 3 тоқсанында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 15 заңбұзушылықтар (құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері-2, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процес) бұзу фактілері-11, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері-2) анықталды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 4 ұсыныстар беріліп, 4 орындалды. Кемшіліктерге жол берген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілік қолданылды.