Меркі ауданы ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат

Меркі ауданы  ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы ақпарат.

           

2021 жылы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

 Меркі ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтетін 2 сайлау округіне  6 кандидат ұсынылды. Олардың 4-і  (66,7%) саяси партиялармен, 2-ы (33,3%) өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Саяси партиялар 2 сайлау округіне төмендегіше  өз кандидатураларын ұсынды:

«NurOtan» партиясынан 2 кандидат;

«Ауыл» ХДПП – 2 кандидат;

«Ақ жол» ҚДП – 0 кандидат;

«АDAL» саяси партиясынан – 0 кандидат;

ҚХП – 0 кандидат;

ЖСДП – 0 кандидат.

Бір орынға орташа бәсекеге қабілеттілік 3  кандидат болды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және оларды тіркеуді 2021 жылдың 14 шілдесінде сағат 18.00-де аяқтауға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 6  кандидат немесе 100 пайызы тіркелді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

 

 

Дата публикации
10 июля 2021