Меркі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы
«18» ақпандағы №83 қаулысына 1 қосымша
Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2020 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары
|
№ |
Атқарылатын жұмыстар |
Жауаптылар |
Орындалу барысы |
Ескертпе |
|
1. |
Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
Барлық салада атқарылатын жұмыстар бойынша мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа насихаттау мақсатында медиа жоспар бекітілді. Медиа жоспарға сәйкес брифингтер ұйымдастырылып, тұрғындар керекті мәліметтерін тікелей эфирде қойып, жауаптарын алуда. Сонымен қатар, облыстық, аудандық БАҚ-қа атқарылған жұмыстарды насихаттау мақсатында арнайы материалдар дайындалып, жариялануда. Жыл басынан бері аудан әкімдігінің бөлімдері және ауылдық округ әкімдері, аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен тікелей эфирге шығып, халықпен кері байланыс орнатып, тұрғындар тарапынан қойылған 87 сауалға тиісті жауаптар берілді. Жыл басынан бері барлығы 29 тікелей эфир өткізілді. Медиа жоспар бойынша белгіленген меже І жарты жылдыққа орындалды. |
|
|
2. |
Аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, кәсіппен айналысам деушілерге грант және жеңілдетілген несие беру жұмыстарын ұйымдастыру |
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты аясында жұмыссыз азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа 300 адамға 175,1 млн.теңге беріліп, қаражат толық игерілді. Шағын несие беру бойынша 2021 жылға 79 адамға 348,8 млн.теңге қаражат бөлініп, 49 адамға 157,5 млн.теңге қаражат берілді. |
|
|
3. |
Меркі ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысын сапалы және уақтылы аяқтау |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
«Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысына «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылға 322,5 млн. тг. бөлініп, толығымен игерілді. 2021 жылға 186,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер мекеме «АгроСпецСтрой» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 22.04.2020 жылы басталып, 26.05.2021 жылы аяқталды. |
Орындалды |
|
4. |
Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету |
Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспалау бөлімі |
2021 – жылы көтерме жәрдемақы алу үшін 41 маманға 12 168,0 мың теңге аудан бюджетінен (1 маманға 291 700 теңге) бөлінді. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн 34 маманға -148 767,0 мың теңге бөлінді. (1 маманға 4 375 300 теңге). |
|
|
5. |
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну, қаржыландырылған жобалардың құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
|
Халықты тұрғын үй салуға арналған жер телімдерімен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2020 жылы 5 алқаптың электр жүйесіне 503,145 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда учаскелерге бөлу схемалары және жерге орналастыру жобалары мен мемлекеттік актілері әзірленуде. Аталған 5 алқаптың су жүйелерінің құрылысы жүргізілгеннен кейін, кезектегі азаматтарға 720 жер телімін беру жоспарланып отыр. 2021 жылға Сарымолдаев 21 га Андас батыр 10 га алқаптарының су жүйелерінің құрылысына бюджеттен 118,814 млн. тг. қаржы бөлінді. Сондай-ақ, 2019-2020 жылдары жобалық сметалық құжаттары әзірленген жаңа 7 алқаптың (су, электр жүйелері және қиыршықтас жол) құрылыстарына қаржы бөлінсе, қосымша 1200 жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады. |
|
|
6. |
Сұрат ауылына жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысын жүргізу |
Аудандық орталық аурухана |
Сұрат дәрігерлік амбулаториясына 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстары 2021 жылдың екінші жарты жылдығында жүргізу жоспарлануда, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына шығарылды. Жалпы сметалық құны 179, 276 млн. тг. |
|
|
7. |
Аудандық орталық кітапхана ғимаратының қазандығын газға қосу |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
Меркі ауданы, А.Исмаилов №153 мекен-жайындағы аудандық орталық кітапхананың ғимаратын газдандыру үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігері "Real Story 2050" ЖШС, келісім шарт құны 25055,8 мың теңге. Құрылыс монтаж жұмыстарының басталған күні 19.04.2021 ж. Құрылыс ұзақтығы 6 ай. Келісім шарт бойынша пайдалануға тапсыру мерзімі 19.10.2021 ж. Техникалық қадағалаушы "Құрылыс Сауда Экспо" ЖШС, келісім шарт құны 414,1 мың теңге. Авторлық қадағалаушы "НС ГеоСтрой Проект" ЖШС, келісім шарт құны 150,37 мың теңге. Қазіргі таңда игерілген қаражат 10316,76 мың теңге. |
|
|
8. |
Тұрлыбай батыр ауылындағы №34 ЖББМ-ін күрделі жөндеуден өткізу |
Аудандық білім бөлімі |
Тұрлыбай батыр ауылындағы №34 ЖББМ-не күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлініп, мердігерді анықтауға конкурс жарияланды (Құрылыс мерзімі 3 ай). |
|
|
9. |
Аспара ауылындағы жаңа мектеп құрылысының ЖСҚ-сын сараптамадан өткізіп, қаржыландыруға ұсыну |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
Аспара ауылдық округіндегі 150 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды. Қаржы бөлу үшін 698,968 млн тг. бюджеттік өтінім тапсырылды.
|
Орындалды |
|
10. |
Андас батыр ауылындағы ауылдық клуб құрылысына әзірленген ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
«Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылындағы ауылдық клубының құрылысы» ЖСҚ әзірленген. Қазіргі таңда, сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысын 01.09.2021 жылына дейін алу жоспарлануда. |
|
|
11. |
Асарлатып үй салу жобасын жоспарға сай жүргізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
2021 жылы 13 ауылдық округте 13 тұрғын үй және 1 асхана құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде және 3 тұрғын үй сатып алынатын болады. Ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, тұрғын үй кімге тапсырылатыны анықталды. Бүгінгі күнге 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жұмыс жоспары бекітілді. |
|
|
12. |
Қарасу және Ақкөз қайнар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Ауданда 45 елді мекеннің 39-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген немесе 86,6%. Аудан аумағында газбен қамтылмаған 6 елді мекен (Мыханды, Ақкөз қайнар, Қарасу, Шемен, Жауғаш батыр, Тасөткел). Бүгінгі таңда 2 елді мекенге (Ақкөз қайнар, Қарасу) ЖСҚ әзірленіп, сараптамалық қорытындысы алынды. Сонымен қатар, 2021 жылға 1 елді мекенді (Мыханды) газбен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
Орындалды |
|
13. |
Андас батыр ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді мұқтаж азаматтарға беру |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Андас батыр ауылдық округінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлер толығымен қолданысқа берілді. |
Орындалды |
|
14. |
Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
2020 жылы 1,9 млрд. теңгеге 129 жол ағымды және орташа жөндеуден өтіп, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 91,1% құрады. 2021 жылға аудандық мәндегі «Меркі-Талдыбұлақ» - 3,6 шқ, «Ақтоған-Қазақ Дихан» - 2,6 шқ, «Қызыл Қыстақ-Арал Қыстақ» - 3,3 шқ жалпы 9,5 шқ жолын орташа жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, қазіргі таңда конкурс амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы құны 257,5 млн теңге құрайтын 10 жоба қолдау тапты. Қазіргі таңда конкурс амалдары жүргізілуде. Мердігері анықталғаннан кейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
|
15. |
Жауғаш батыр ауылын электр қуатымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жауғаш батыр ауылына электр тоғын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу мақсатында қаражат қарастырылып, конкурс амалдары жүргізілді. Нәтижесінде анықталған жобалаушы мекеме ЖСҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. ЖСҚ әзірлеу және сараптамалық қорытындыны алу ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. |
|
|
16. |
Аудан орталығынан айналма жол салу үшін ЖСҚ әзірлеу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Аудан орталығынан айналма жол салу үшін ЖСҚ әзірлеу мақсатында техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша конкурс амалдары өткізіліп, нәтижесінде Алматыдорпроект» ЖШС мердігер болып анықталды. Қазіргі таңда топографиялық түсірілім жасалып, тиісті мекемелерден техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
17. |
Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстарды жоспарға сай өткізу |
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі |
2021 жылға кәсіпкерлік мақсатындағы жер телімдеріне аукционды тоқсанына бір рет электронды түрде өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта I-тоқсанға аукцион өткізу бойынша 26 наурыз күні электронды түрде өткізілді. Сатылымға қойылған 4 жер телімінің 1 жер телімі сатылып, сату бағасы 414 546 тг. құрады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайта айналымға енгізу бойынша 2021 жылғы 06 қаңтар күні конкурс өткізілген. Жалпы ауданы 1350,0 га, оның ішінде тәлімді егістік 750,0 га, 600,0 га жайылым жер телімдері қайта айналымға енгізілген. |
|
|
18. |
Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі |
Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің 2021 жылы 29 қаңтардағы №51 қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, ағымдағы жылдың 25 ақпанында, 13 наурыз және 12 мамыр күндері 3 штаб отырысы өткізілді. Аудан тарапынан күнделікті аудан орталығында орналасқан ірі супермаркеттердің (Корзинка, Оптовка, Қуаныш) бағалары шарықтап кетпеу мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. 2021 жылы баға өсімін тежеу мақсатында азық-түлік дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10-15%-дан асырмау туралы 120 меморандумға қол қойылды. «Арзан» әлеуметтік дүкені (ЖК Надирбекова Узипа): Әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, аудан тарапынан тұрақтандыру қорынан тауарлар босатуы бойынша сұраныс хат жолданды. Тұрақтандыру қорынан жауап алынып, нәтижесінде ағымдағы жылдың 09 маусымында, «Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен келісім жүргізіп, ЖК «Надирбекова Узипа» тұрақтандыру қорынан, яғни Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарында орналасқан көтерме бағада сататын кәсіпкерден ауданымызға 125 кг күріш, 15 л сұйық май, 200 кг рожки және 1800 дана жұмыртқа алынды. «Арзан» әлеуметтік азық-түлік дүкенінде жоғарыда арзандатылған бағамен алынған тауарларды, ауданымыздың тұрғындарына 1 кг күрішті 280 теңгеден, 5 л сұйық майын 3800 теңгеден, 1 кг рожкиді 200 теңгеден ал 10 дана жұмыртқаны 280 теңгеден саудалануда. «Әлеуметтік дүкен» (ЖК Сатынбаев Қасымбек): Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде ЖК Сатынбаев Қасымбек Меркі ауылдық округі, Қарасу өзені маңайындағы әлеуметтік дүңгіршектерде арзандатылған азық-түлік тауарларын саудалау үшін, «Әлеуметтік дүкен» ашылды. Әлеуметтік дүкенге кәсіпкер Алматы қаласында орналасқан көтерме сауда орталықтарынан 460 кг қырыққабат, 385 кг пияз, 860 кг картоп, 420 кг сәбіз, 150 кг бірінші сұрыпты бидай ұны, 50 кг макарон, 60 кг тұз, 150 кг күріш сатып алынып, аудан тұрғындарына нарық бағасынан 15-20% төмен сатылуда. Сонымен қатар, ауданда бүгінгі күнге 3 әлеуметтік дүкен іске қосылып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Олар: ауыл тұрғыны Сапарғалиева Райкүл демеушілер арқылы берілетін әлеуметтік көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және т.б. осы дүкенде таратылады. Бұдан бөлек Меркі ірімшік зауытында өндірілген өнімдерді сататын 2 дүкен жұмыс істеп тұр. |
|
|
19. |
Аудан аумағында су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
«Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Су қоймалары құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін» Андас батыр, Жаңатоған ауылдық округтерінің әкімдігінің шешімдеріне сәйкес жалпы ауданы 34,6344 га. жалпы сыйымдылығы 2,175млн.м³, оның ішінде «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», су қоймаларының құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығына берілді. Аталған су қоймаларының ЖСҚ-н әзірлеу, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан күтілуде. Сонымен қатар, 2021 жылы «Жамбыл су қоймалары» мекемесі тарапынан 4 су қоймаларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізу (СТФ - соммасы 1,6 млн тенге, Аспара – 1 Андас батыр ауылдық округі, соммасы 9,0 млн тенге, Кеңес – 4 соммасы 23,7 млн тенге, Ленин жол – соммасы 8,3 млн тенге) жоспарлануда. Кәзіргі таңда аталған су қойталарының ЖСҚ-сы әзірленіп, конкурс амалдары жүргізілуде. Мердігер анықталған жоқ. |
|
|
20. |
Тәтті ауылдық округі «Ленинжол» су қоймасынан бастау алатын К-1, К-2 каналдарының латоктарын ағымды жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
2021 жылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізіміне кірген Тәтті ауылдық округіндегі Тәтті К-1 ұзындығы 9,4 км және Тәтті К-2 ұзындығы 4,6 км каналдарына ағымды жөндеу жұмыстарына 190 577,0 мың теңге қаржы бөлінген. Каналдар мемлекеттік сатып алу порталында конкурс тәсілімен ойнатылып, мердігер анықталып келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
21. |
Минералдық тыңайтқыштар алу бойынша аудандық ШҚ-тармен жұмыс жүргізіп жоспарды орындау |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
2021 жылы 3,2 мың тоннаға тыңайтқыш енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 268 тонна тыңайтқыш алынып 8,3 пайызды құрады. Бүгінгі күнге 51 шаруа қожалығы 1959 тонна минералдық тыңайтқыш алуға «Каз Азот» АҚ-мен келісім шартқа тұрды. Барлық шаруа қожалық жетекшілерімен, ауылдық округ әкімдерімен күнделікті минералды тыңайтқышты алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
|
22. |
Су үнемдеу технологиясын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттап жоспарды орындау |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасының №11 "Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту" жобасын ағымдағы жылдың наурыз айының 10-12 аралығында ауданның барлық округтерінде шаруа қожалықтармен жиналыс өткізіліп түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы су үнемдеу технолгиялары 4284 гектарға енгізілсе, 2021 жылы су үнемдеу технологияларын 6286 гектарға ұлғайту жоспарланып 6406 гектарға енгізілді. Бүгінгі таңда 9 шаруа қожалығы 10 жаңбырлатқыш суғару агрегаттарын сатып алып 1042 гектар жерге енгізді. |
|
|
23. |
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – құру тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштерді зерделеп, дер кезінде шешу бойынша жұмыс жүргізу |
Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – құру тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылы аудан әкімі аппаратына келіп түскен жазбаша өтініш-арыздардың саны – 349. Жеке қабылдауға барлығы 298 азамат қабылданып, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштерді тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізіліп, дер кезінде қолданыстағы заңдар аясында шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. |
|