Меркі аудандық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы Меркі ауданы Ақарал, Андасбатыр ауылдық округітері әкіміне «Nur Otan» партиясы, «Ауыл» ХДПП ұсынған төмендегі кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Ақарал ауылдық округі әкіміне «Nur Otan» партиясы» ұсынған Бекасилов Ерлан Толганбаевич, 1970 жылы туылған, Меркі ауданы №2 балалар музыка мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ақарал ауылында тұрады.
Ақарал ауылдық округі әкіміне «Ауыл» ХДПП ұсынған Айбасов Алибек Маратұлы, 1992 жылы туылған, Меркі ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі, Меркі ауылында тұрады.
Андасбатыр ауылдық округі әкіміне «Nur Otan» партиясы» ұсынған Қожамберді Думан Мақсүтұлы, 1987 жылы туылған, Меркі ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің басшысы, Меркі ауылында тұрады.
Андасбатыр ауылдық округі әкіміне «Ауыл» ХДПП ұсынған Оңалбай Мәдияр Нұрәділұлы, 1995 жылы туылған, Жамбыл ауылдық округінің маманы, Сарымолдаев ауылында тұрады.