Меркі ауданында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Меркі  аудандық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

                                   

 

 

Меркі ауданында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша

 сайлау округтерін құру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:

1) Ақарал ауылдық округінің әкімі- Ақарал ауылдық округінің шекарасында Ақарал сайлау округі;

2) Андасбатыр ауылдық округінің әкімі- Андасбатыр ауылдық округінің шекарасында Андасбатыр сайлау округі;

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                Ш. Абылкасымов

 

Хатшы                                                                 Г. Далиева

 

 

Меркі  ауылы,

2021 жылғы 25 маусым

№5

 

Дата публикации
25 июня 2021