Жамбыл облысы Меркі аудандық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ

Жамбыл облысы Меркі  аудандық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

 

 

 

 

Меркі  ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ   ЕТЕДІ:

 

  1. Меркі ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Ақарал ауылдық округінің әкімі;

     - Андасбатыр ауылдық округінің әкімі.

 

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Меркі ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшсына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Меркі Ақиқат" газетінде жариялансын

 

 

Төраға                                                                 Ш. Абылкасымов

 

Хатшы                                                                 Г. Далиева

 

 

 

Меркі ауылы

2021 жылғы 25 маусым

№ 4

 

Дата публикации
25 июня 2021