Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.
Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.
Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.
Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусымда сағат 10-00 және 12-00, 15-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.
2021 жылдың 18 маусымда сағат 10-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5012d95979c07fbaa0fc4547546f2fb6
event-мәжіліс нөмірі: 184 885 6311
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 18 маусымда сағат 12-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e9c7d4f098ceb2f9d9436e5404350e09b
event-мәжіліс нөмірі: 184 361 9388
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 18 маусымда сағат 15-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e78ea5e1e4019fd087c3dcf3e4000f310
event-мәжіліс нөмірі: 184 533 4677
event-мәжіліс паролі: 00000
Сіздерді асыға күтеміз!