Меркі ауданы әкімдігінің 2021 жылғы
«18» ақпандағы №83 қаулысына 1 қосымша
«Меркі ауданы әкімінің аудан тұрғындары алдындағы «2020 жылғы атқарылған жұмыстардың қортындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды орындау бойынша бекітілген іс-шара жоспары
|
№ |
Атқарылатын жұмыстар |
Жауаптылар |
Орындалу барысы |
Ескертпе |
|
Барлық салада атқарылатын жұмыстарды, мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспар бекітіп, жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі |
Барлық салада атқарылатын жұмыстар бойынша мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктерді халыққа насихаттау бойынша 2020 жылы және 2021 жылға жыл басында аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтеріне арнайы медиа жоспары бекітілген. Медиа жоспарға сәйкес 9 брифинг ұйымдастырылып, тұрғындар керекті мәліметтерін тікелей эфирде қойып, жауаптарын алды. Сонымен қатар аудандық БАҚ-на «Меркі тынысы» газетіне-6 мақала, «Меркі ақиқат» газетіне 3 мақала жарияланды. |
|
|
|
Аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, кәсіппен айналысам деушілерге грант және жеңілдетілген несие беру жұмыстарын ұйымдастыру |
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы |
Аудан тұрғындарынан тұрақты жұмысқа 316 азаматар жұмыспен қамтылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты аясында жұмыссыз азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамту үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант және шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылы сәуір айының басында 150 адамға 87,5 млн теңге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. |
|
|
|
Меркі ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысын сапалы және уақытылы аяқтау |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
«Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысына «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2020 жылға 325,031 млн тг. бөлінді. Мердігер мекеме «АгроСпецСтрой» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Аз и Мур Строй» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Тараз-Технопроект» ЖШС. 2020 жылы 22 сәуірде құрылысы басталып 317,288 млн.тг. қаражаты игерілді. 2021 жылға бюджеттен бөлінген қаражат 191,208 млн.тг. Нысанның құрылысы 01.07.2021 жылы аяқталады. Құрылыс жұмыстары үнемі бақылауда, бүгінгі күнге 80 пайызға орындалды. |
|
|
|
Ауданға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету |
Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспалау бөлімі |
2021 – жылы көтерме жәрдемақы алу үшін 41 маманға 12 168,0 мың теңге аудан бюджетінен (1 маманға 291 700 теңге) бөлінді. Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн 34 маманға -148 767,0 мың теңге бөлінді. (1 маманға 4 375 300 теңге). |
|
|
|
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, дайын жобаларды сараптамадан өткізу, қаржыландыруға ұсыну, қаржыландырылған жобалардың құрылысын жүргізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
|
Халықты тұрғын үй салуға арналған жер телімдерімен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 5 алқаптың электр жүйесіне 503,145 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда учаскелерге бөлу схемалары және жерге орналастыру жобалары мен мемлекеттік актілері әзірленуде. Аталған 5 алқаптың су жүйесінің жобалық сметалық құжаттары әзірленген, бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Бүгінгі күнге Сарымолдаев ауылында 557, Андас батыр ауылында 57, Сұрат ауылында 156, Ақтоған ауылында 627 азамат жерге кезекте тұр. Су жүесінің құрылысы жүргізілгеннен кейін жер кезегінде тұрған шамамен 700 азаматқа жеке тұрғын үй салу үшін жер берілу жоспарланып отыр. |
|
|
|
Сұрат ауылына жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысын жүргізу |
Аудандық орталық аурухана |
Сұрат дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысын салуға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына бір ауысымына 30 келушіге арналған бюджеттік өтінім ұсынылды. Жалпы сметалық құны - 179,276 млн. теңге. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. |
|
|
|
Аудандық орталық кітапхана ғимаратының қазандығын газға қосу |
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
Мемлекеттік сатып алу конкурсы амалдары жүргізіліп, нәтижесіне «Real Story Group 2050» ЖШС женімпаз болып анықталды. Келісім шарт құны 25 055,9 мың тенге. Құрылыс жұмыстары жылыту маусымы аяқталған соң жүргізу жоспарлануда. |
|
|
|
Тұрлыбай батыр ауылындағы №34 ЖББМ-ін күрделі жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің білім бөлімі |
Тұрлыбай батыр ауылындағы №34 ЖББМ-не күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалау сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өткізілді. Облыстық білім басқармасынан қаражат қарастырылып, мердігерді анықтау үшін конкурс өткізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
|
|
Аспара ауылындағы жаңа мектеп құрылысының ЖСҚ-сын сараптамадан өткізіп, қаржыландыруға ұсыну |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
Аспара ауылдық округіндегі 150 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ әзірленді. Сараптама қорытындысы алынды, бюджеттік өтінім 15.04.2021 ж. тапсырылады.
|
|
|
|
Андас батыр ауылындағы ауылдық клуб құрылысына әзірленген ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
ЖСҚ 2017-2018 ж. әзірленген. Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес 2019 жылы сметалық құнын төмендету жұмыстары жүргізілген. Мемлекеттік сараптаманың бірінші бөлімі комплектациядан өте алмағандықтан, жобалаушы мекеме «ЛидерПроектДизайн» ЖШС міндеттеу үшін 2 рет сотқа арыз берліп сот шешімімен міндеттеді. Жобалаушы мекеме сот шешімін осы уақытқа дейін орындамаған. Бүгінгі күнге сараптаманың қарауына ұсынылды. Сараптама қорытындысы алынбаған жағдайда, қайта сотқа қайрылып ЖСҚ жұмсалған қаржыны қайтару жоспарланып отыр. |
|
|
|
Асарлатып үй салу жобасын жоспарға сай жүргізу |
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
2021 жылы 13 ауылдық округте 13 тұрғын үй және 1 асхана құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге, ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, тұрғын үй кімге тапсырылатыны анықталды. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жұмыс жоспары бекітілді. |
|
|
|
Қарасу және Ақкөз қайнар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Ауданда 45 елді мекеннің 39-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген немесе 86,6%. Ауданы аумағында газбен қамтылмаған 6 елді мекен (Мыханды, Ақкөз қайнар, Қарасу, Шемен, Жауғаш батыр, Тасөткел). Қазіргі таңда Қарасу және Ақкөз-Қайнар елді мекендерін табиғи газбен қамту мақсатында жобалық сеталық құжаттамасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысы алынды. Осыған орай қаржыландыру үшін облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. (Қарасу ауылына 10.02.2021 ж, Ақкөз қайнар ауылына 30.03.2021 ж.) Сонымен қатар, 2021 жылға 1 елді мекенді (Мыханды) газбен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
|
|
|
Андас батыр ауылындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді мұқтаж азаматтарға беру |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Андас батыр ауылдық округінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға беру мақсатында құжат топтамасы толықтырылды. Қазіргі таңда 20 тұрғынның тізімі жинақталды. Аталған тұрғын үйді беру жұмыстары алдағы коллегия отырысында комиссия құрамы бекітілген соң жүргізіледі. |
|
|
|
Аудандағы жалпы пайдаланымдағы автожолдарды күрделі, орташа және ағымды жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
2020 жылы 1,9 млрд. теңгеге 129 жол ағымды және орташа жөндеуден өтіп, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 91,1% құрады. 2021 жылға аудандық мәндегі «Меркі-Талдыбұлақ» - 3,6 шқ, «Ақтоған-Қазақ Дихан» - 2,6 шқ, «Қызыл Қыстақ-Арал Қыстақ» - 3,3 шқ жалпы 9,5 шқ жолын орташа жөндеуден өткізуге салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Аталған жолдарды қаржыландыру қолдау тапқан жағдайда қанағаттанарлық үлесі 95,8% құрайды. Сонымен қатар 2021 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 10-жобаға, жалпы құны 257,5 млн. теңге жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда жақсы және қанағаттанарлық үлесі 92,8% құрайтын болады. |
|
|
|
Жауғаш батыр ауылын электр қуатымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Жауғаш батыр ауылына электр тоғын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу мақсатында қажетті жұмыстар атқарылуда, атап айтқанда облыстық басқармадан келісім, қосылу нүктесін анықтау мақсатында техникалық шарт, топографиялық түсірілім (топосъемка) жасалды. Сонымен қатар жобалық сметалық құжаттама әзірлеу үшін бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс амалдары жүргізілуде. |
|
|
|
Аудан орталығынан айналма жол салу үшін ЖСҚ әзірлеу |
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
Аудан орталығынан айналма жол салуға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары техникалық экономикалық негіздемеге (ТЭО) сәйкес жүргізіледі. Қазіргі таңда ТЭО әзірлеу үшін амалдары жүргізіліп, мердігер тарапынан хаттаманың қорытындысына шағым беруіне орай конкурс амалдарының нәтижесі белгіленген уақыттан кейінге қалдырылды. |
|
|
|
Бос жерлерді мерзімінде айналымға қосу мақсатында аукциондар мен конкурстарды жоспарға сай өткізу |
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі |
2021 жылға кәсіпкерлік мақсатындағы жер телімдеріне аукционды тоқсанына бір рет электронды түрде өткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта I-тоқсанға аукцион өткізу бойынша 26 наурыз күні электронды түрде өткізілді. Сатылымға қойылған 4 жер телімінің 1 жер телімі сатылып, сату бағасы 414546 тг. құрады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайта айналымға енгізу бойынша 2021 жылғы 06 қаңтар күні конкурс өткізілген. Жалпы ауданы 1350,0 га, оның ішінде тәлімді егістік 750,0 га, 600,0 га жайылымжер телімдері қайта айналымға енгізілген. |
|
|
|
Аудандағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу |
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі |
Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша аудан әкімдігінің 2021 жылы 29 қаңтардағы №51 қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, ағымдағы жылдың 25 ақпанында және 13 наурызында 2 штаб отырысы өткізілді. 2021 жылы баға өсімін тежеу мақсатында азық-түлік дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10-15%-дан асырмау туралы 120 меморандумға қол қойылды.Ағымдағы жылы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, «Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасымен келісім жүргізіп, ЖК «Надирбекова Узипа» тұрақтандыру қорынан, ауданымызға 200 кг күріш, 1000 кг бірінші сұрыпты бидай ұны, құмшекер – 1000 кг, 300 лт сұйық май алып және 1000 кг қарақұмық жармасы алынып, «Арзан» әлеуметтік азық-түлік дүкенінде жоғарыда арзандатылған бағамен алынған тауарлар, ауданымыздың тұрғындарына саудаланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде аудан әкімінің орынбасарының атынан облыстық тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын босату бойынша хат жолданды. Тұрақтандыру қоры тауарларын босатқан жағдайда, кәсіпкер өзінің жүк көлігімен баруға дайын. |
|
|
|
Аудан аумағында су қоймаларының құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Су қоймалары құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін» Андас батыр, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтерінің әкімдігінің шешімдеріне сәйкес жалпы ауданы 34,6344 га. жалпы сыйымдылығы 2,175млн.м³, оның ішінде «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», «Тескентоған» су қоймаларының құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығына берілді. Аталған су қоймаларының ЖСҚ-н әзірлеу, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан күтілуде. Сонымен қатар, ауданы бойынша 2021 жылы «Жамбыл су қоймалары» мекемесі тарапынан 4 су қоймаларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізу (СТФ - соммасы 1,6 млн тенге, Аспара – 1 Андас батыр ауылдық округі, соммасы 9,0 млн тенге, Кеңес – 4 соммасы 23,7 млн тенге, Ленин жол – соммасы 8,3 млн тенге) жоспарлануда. Кәзіргі таңда аталған су қоймаларының ЖСҚ-сы әзірленіп, конкурс амалдары жүргізілуде. Бүгінгі күнге мердігер анықталған жоқ. |
|
|
|
Тәтті ауылдық округі «Ленинжол» су қоймасынан бастау алатын К-1, К-2 каналдарының латоктарын ағымды жөндеуден өткізу |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
2021 жылы іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың тізіміне кірген Меркі ауданы Тәтті ауылдық округі аумағындағы Тәтті К-1 ұзындығы 9,4 км (156 758,0 мың теңге), Тәтті К-2 ұзындығы 4,6 км (56 741,0 мың теңге) каналдарының ағымды жөндеу жұмыстарына жұмыс жобасы бойынша 213 499,0 мың теңге қаржы сұратылған. Алайда, бөлінген қаражат 190 577,0 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс тәсілімен ойнатылып, ПМК-109 ЖШС жеңімпаз болып анықталған. Бүгінгі күнге, келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуіне байланысты қосымша құн салығына (ҚҚС) қажет 12 198,0 мың теңге қаражатты алдағы облыстық мәслихат сессиясында қарастырылуда. |
|
|
|
Минералдық тыңайтқыштар алу бойынша аудандық ШҚ-тармен жұмыс жүргізіп жоспарды орындау |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
2020 жылы облыс 2,670 мың тонна минералды тыңайтқыш алуға жоспар беріп 3000 алынып, 111 пайызға орындалды. 2021 жылы 3,2 мың тоннаға тыңайтқыш енгізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 268 тонна тиыңайтқыш алынып 8,3 пайызды құрады. Бүгінгі күнге 51 шаруа қожалығы 1959 тонна минералдық тыңайтқыш алуға «Каз Азот» АҚ-мен келісім шартқа тұрды. Барлық шаруа қожалық жетекшілерімен, ауылдық округ әкімдерімен күнделікті минералды тыңайтқышты алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
|
|
Су үнемдеу технологиясын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттап жоспарды орындау |
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі |
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасының № 11 "Суару жүйелерін және тамшылатып суаруды құру және кеңейту" жобасын ағымдағы жылдың наурыз айының 10-12 аралығында ауданның барлық округтерінде шаруа қожалықтармен жиналыс өткізіліп түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.2020 жылы су үнемдеу технолгиялары 4284 гектарға енгізілсе, 2021 жылы су үнемдеу технологияларын 6406 гектарға ұлғайту жоспарланды. Бүгінгі таңда 9 шаруа қожалығы 10 жаңбырлатқыш суғару агрегаттарын сатып алып 1042 гектар жерге енгізді. |
|
|
|
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – құру тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштерді зерделеп, дер кезінде шешу бойынша жұмыс жүргізу |
Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі |
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – құру тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылы аудан әкімі аппаратына келіп түскен жазбаша өтініш-арыздардың саны – 137. Жеке қабылдауға барлығы 118 азамат қабылданып, тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштерді тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізіліп, дер кезінде қолданыстағы заңдар аясында шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
|
|