Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

         Тыңайтқыш - өсімдіктерді қоректендіруді, топырақ қасиетін жақсарту, өнімділікті жоғарылату үшін қолданылатын заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді.

Минералды, органоминералдық, органикалық тыңайтқыштарға және топырақты жақсартатын заттарға, сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының Техникалық регламентінің (бұдан әрі – Техникалық регламент) талаптары таралады.

Тыңайтқыштарды ҚР нарығы айналымына келесі шарттарды сақтағанда шағарады:

- олардың осы Техникалық регламентке сәйкес келген;

- олардың қауіпсіздік паспорты болған кезде.

Тыңайтқыштарды сату кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1.тыңайтқыштарды сату мамандандырылған сату орындарында жүзеге асырылуы тиіс

2.тыңайтқыштарды тамақ өнімдерімен, медициналық дәрілік препараттармен және балаларға арналған тауарлармен бірге бір сауда бөлімінде сатуға рұқсат етілмейді

  1. тыңайтқыштарды бөлшек саудада сатуға тек буып-түйілген күйде рұқсат етіледі

Орамы бүлінген және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін етіп таңбаланған тыңайтқыштарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілмейді.

Тыңайтқышта келесі міндетті ақпаратты қамтитын таңбалар болуы тиіс:

1) тыңайтқыштың атауы мен мақсаты;

2) сол бойынша тыңайтқыш өндірілетін нормативтік құжаттың белгілері;

3) пайызбен көрсетілетін негізгі қоректік элементтердің, макроэлементтердің, микроэлементтердің массалық үлесі;

4) қауіптілікті сипаттау элементтері (қауіптілік белгісі, сигналды сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы);

5) таза салмағы (қатты тыңайтқыштар үшін), ыдыстағы атаулы көлемі (сұйық тыңайтқыштар үшін);

6)өндірушінің атауы және тұрғылықты жері (заңды мекен-жайы, елді қоса алғанда);

7)өндірілген күні және лек нөмірі;

8)сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі;

9)сақтау шарттары;

10)қолдану бойынша нұсқау, сондай-ақ, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар (бөлшек саудаға арналған тыңайтқыштар үшін);

11)сұйық тыңайтқыштармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі қосымша нұсқаулықтар.

Таңба мықты болуы тиіс және қоршаған ортадағы факторлар әсерінен өзінің тұтыну сипатын жоғалтпауы тиіс. Бос күйінде жеткізілетін тыңайтқыштар үшін таңба ілеспе құжаттарда көрсетіледі. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалуы тиіс.

Тыңайтқыштарға арналған ыдыс орау материалдары олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде олармен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.

Тыңайтқыштардың сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

2016 жылдың 30 қарашасында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында «Минералды тыңайтқыштарға талаптар туралы» 036/2016 Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)  техникалық регламенті қабылданған болатын,  аталған техникалық регламент 2021 жылдың 2 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл техникалық регламент ЕАЭО шығарылатын минералды тыңайтқыштарға қолдануға және орындауға міндетті қауіпсіздік талаптарын орнатады.

 

«Меркі ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі» КММ 

 

 

Дата публикации
26 марта 2021