Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?».
2020 жылы бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне қарамастан, БЖЗҚ тарапынан көрсетілген қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды.
Көп жағдайда мұндай өсім Қордың электрондық қызметтерінің танымалдығының арқасында қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ онлайн қызметтердің кең спектрін ұсынады, соның ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін қарау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу және т. б.
Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы Қордың электрондық қызметтерін әзірше қолданбайтын немесе олар туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Осыған орай БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға Салымшы қандай қызметтерді онлайн режимде ала алады? Ол үшін не қажет? Сұрақтар туындаса, қайда жүгінуге болады? - деген сауалдарға жауап береді.
Сонымен қатар кездесу барысында БЖЗҚ мамандары Қордың салымшылармен өзара іс-қимылының барлық арналары туралы айтып береді. Сондай-ақ, басқа мәселелер бойынша да жеке кеңестерін береді.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10-00 және 12-00, 15-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.
2021 жылдың 17 наурызында сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edaa35d6afe79ab541d7a334971b51b9b
event-мәжіліс нөмірі: 184 191 7383
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 17 наурызында сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1840c9f7efbaa86d9247320b5b9e6402
event-мәжіліс нөмірі: 184 100 7444
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 17 наурызында сағат 15-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ecc8bb0369253998a0574cc9ab7e01e1d
event-мәжіліс нөмірі: 184 023 0295
event-мәжіліс паролі: 00000