Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Осы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қвзметтерді алуға болады.
Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10-00 және 12-00, 15-00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.
2021 жылдың 17 наурызында сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edaa35d6afe79ab541d7a334971b51b9b
event-мәжіліс нөмірі: 184 191 7383
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 17 наурызында сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1840c9f7efbaa86d9247320b5b9e6402
event-мәжіліс нөмірі: 184 100 7444
event-мәжіліс паролі: 00000
2021 жылдың 17 наурызында сағат 15-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ecc8bb0369253998a0574cc9ab7e01e1d
event-мәжіліс нөмірі: 184 023 0295
event-мәжіліс паролі: 00000
Біз Сіздерді күтеміз!