Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын «Цифрлы агент» қосымшасы арқылы бағалаңыз

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын «Цифрлы агент» қосымшасы арқылы бағалаңыз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен 2018 жылдың қараша айынан бастап «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылып, жұмыс жасауда.
Аталған мобильдік қосымшаның артықшылығы қызмет алушылар нақты сол уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда қызмет алушылар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жамбыл облысы филиалының қалалық,аудандық бөлімдерімен, ҚР Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және оның қалалық, аудандық басқармаларымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіменкөрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын білдіре алады.
Қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болады. Сауал жіберілгеннен кейін Агенттіктің тиісті аумақтағы құрылымдық бөлімшесі құзыреті шеңберінде әрекет етеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы

Дата публикации
01 марта 2021