«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы ___ _________ № ____ бұйрығына
анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) | «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес |
| 3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 4. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме | Көзделген жоқ |
| 5. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
| 6. | Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы (таралуы) туралы мәліметтер | Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет: www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған |
| 7. | «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер | Талап етілмейді |
| 8. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) | Талап етілмейді |
| 9. | Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер | Жоқ |
| 10. | Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер | |
| 11. | Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер | Әлеуметтік-еңбек саласындағы Қоғамдық кеңестің 2017 жылғы ___ _________ № ___ хаттамасы |
| 12. | Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшіліктің талқылауы туралы мәліметтер | egov.kz, 2017 жылғы ___ _______ ___ __________ дейін |
Заң қызметі департаменті
директорының м.а. Э. Тажиханова