
2019 жылдың 15 мамырында Меркі ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастырумен Ойтал және Рысқұлов ауыл округтерінде мемлекеттік қызметтерді ашық, қол жетімді, әрі сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық қызметтерді көрсетудің үлесін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарымен кезекті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өтті.
Қарапайым халық мемлекеттік қызметтерді электронды алуға болатынын білгенімен, алу тәртібін көпшілігі біле бермейді. Осындай іс-шаралар барысында ауыл тұрғындарына «TelegramBot», «Мgov», «Еgov», «Digital Agent» қосымшаларын пайдаланып, ұялы телефон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрету бойынша бейнеролик, слайд, көрсетілді, денсаулық, әлеуметтік, жер, сәулет, АХАТ салалары бойынша және салық, көші-қон, әділет басқарлмаларының мамандары қатысып кәсіби тұрғыда түсіндірме берді.
Тұрғындардың аталған іс-шараға қызығушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып, тұрғындар арасында электрондық қызметтерді мобильдік қосымшалары арқылы алу бойынша ойындар ойнатылып, анықтамаларды бірінші алған азаматтарға сыйлықтар табыс етіліп, марапатталды. Тұрғындарға «EGOV» белгісі бар ыдыстар, қаламсаптар, күнтізбелер және кітапшалар таратылды.