2019 жылы атқарылған жұмыстар

2019 жылы атқарылған жұмыстар

 

                                  2019 жылы атқарылған жұмыстар

1) Қысқы күтіп ұстау бойынша:      

Ауданда қоғамдық қолданыстағы автожолдар негізі 3 санатқа бөлінеді. Жолдың жалпы ұзындығы 344,4 шақырым, оның: 178 шқ. республикалық автожолдың күтіп ұстаушысы «ДЭУ 35» ЖШС, 70,5 шқ. облыстық автожолдың күтіп ұстаушысы «Жасыл Меркі» ЖШС, 95,9 шқ. аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының күтіп   ұстаушысы    «Нұрасыл құрылыс и К» ЖК.

2019 жылға аралығында Республикалық, Облыстық, Аудандық  автожолдардың қардан тазартылу деңгейін зерделеу бойынша арнайы топ құрылды. Сонымен қатар  Республикалық автожолына тексеруге  бөлім басшысы Арғымбаев Қайрат Рахымбаевич, Аудандық мәндегі автожолын тексеруге   аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы Отанбек Самат Бақытжанұлы, Облыстық мәндегі автожолын тексеруге аудандық  ішкі істер бөлімінің қызметкері Арзамбаев Алмас Ергалиевич шықты. Аталған автожолдардың қардан тазартылуы қанағаттандырарлық жағдайда болғаны анықталды.

          2) Газ бойынша:

Аудандағы 45 елді мекеннің 39 ауылы газбен қамтылған. Қалған 6 ауылға газбен қамтылмаған. Ағымдағы жылы 2 ауылға (Қарасу, Ақкөз қайнар) газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеуге  Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан келісім алынды, алдағы уақытта ЖСҚ әзірленетін болады.

         3) Автобекет бойынша:

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан аудан аумағына автобекет салуға іс-шара жоспары бекітілді. Сонымен қатар  бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес тұрақты түрде жұмыстар атқарылуда.

         4) Заңсыз такси тасымалы бойынша:

 Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан стихиялық тұрақтар мен заңсыз тасымалдау бойынша іс-шара жоспары әзірленді және жұмысшы топ құрылып бүгінгі күнге бөлім тарапынан 6 акт әзірленіп облыс әкімдігінің  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылды.

          5) Жол бойынша

2019 жылға аудандық маңызы бар Ойтал – Қызыл Кишлак 18,6 шқ  автомобиль жолына орташа жөндеуге 194 410,0 мың теңге

Андас батыр – Гранитогорск 12 шқ оның ішінде  2018 жылға 239 764,0 мың теңге игерілді  2019 жылға  49 999,0 мың теңге  1,4 шқ жолына қаражат  қарастырылды.

Аудандық мәндегі автомобиль жолы ағымды жөндеуге  10 000,0 мың теңге қарастырылған және мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша мердігер «Жандос и К» ЖШС.

Паритет 50/50 схемасы бойынша 12 ауылішілік көшелерінің 13,2 шқ орташа жөндеуге  199 450,7 мың теңге қарастырылған.

Ойтал ауылдық округіне қарасты  Темір жол вокзалына кірме жолы 1,9 шқ-ға облыстық және республикалық бюджетерінен 46 606,6 мың теңге қарастырылған.

Меркі ауылдық округіне қарасты 2 көшенің 2 шқ жолына жергілікті бюджет есебінен 28 531,0 мың теңге қарастырылды.

Нақты аудандық мәндегі жолдардың жақсы және қанағаттандырарлық үлесі 4 айдың қортындысымен 80,4 % құрайды, ал жылдың қортындысымен 86,3 % шығу жоспарлануда және аудан аумағындағы ауылішілік көшелердің жалпы меженің жылдық  көрсеткіші 73,6% құрайтын болады.

Орташа жөндеу – 17 жол немесе 35,2 шқ.  518 997,3 мың теңге

Ағымды жөндеу – 4 жол немесе 16,7 шқ. 10 000,0 мың теңге

РБ – 169 701,0 мың теңге.

ОБ – 221 534,6 мың теңге.

ЖБ – 137 761,7 мың теңге.

Барлығы  528 997,3  мың теңге

 

         Көктемгі байқау.

Жамбыл облысның әкімінің орынбасары Е.Дауылбаевпен бекітілген іс-шараға сәйкес көктемгі байқау кезіндегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының техникалық жағдайының сапасын бағалауға зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде:

Зерделенген аудандық автомобиль жолының саны 14 жол немесе 95,9 шқ оның ішінде 77,1 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда немесе 80,4% құрайды, ал қалған 18,8 шақырымы қанағаттарлық емес жағдайда немесе 19,6% құрайды және аудандық мәндегі жолында орналасқан 70 дана су өткізгіш құбыры (лоток) зерделенді оның ішінде 57 данасы жақсы жағдайда, 11 данасы қанағаттанарлық жағдайда және 2 дана қанағаттанарлық емес жағдайда.

         ТҚҚ бойынша.

Меркі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге арналған тарифтерді бекіту бойынша  қаулы және шешім жобасы әзірленді, қоғамдық кеңес мүшесі мақұлдап бекітуге ұсыным берді.

Жамбыл облысының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы тарапынан сараптамалық қорытынды алынды. Бүгінгі күнге шешім жобасы ағымдағы жылдың 19 шілде күні өтетін кезекті  мәжіліс отырысына қарауға ұсынылды.

         Қоғамдық көлік бойынша.

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан тиісті  жұмыстар жүргізіліп қазіргі таңға аудан аумағындағы елді мекендерге тасымалдау тарифі 24 қаңтар күні №4093 болып Әділет департаментінде тіркелді.

 

Меркі ауданы аумағында 3 елді мекенді қоғамдық көлік қамту мақсатында, аталған елді мекендерді субсидиялау бойынша бөлім тарапынан  зерделеу жұмыстар жүргізілді және  Жамбыл облыстық қоғамдық кеңеске, шешім жобасы және қосымшалар ұсынылды.

Жарнама бойынша:

Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан көрсетілетін қызметтердің ішіндегі «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» бойынша 2019 жылы 4 қызмет көрсетілді.

Ауыз су

         Ауданда 44 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал   14 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су бойынша қамту үлесін арттыру мақсатында орталықтандырылған су құбыры жүргізілмеген 2 елді мекенге (Тұрлыбай Батыр, Қарасу) ЖСҚ әзірленіп 2019 жылға қаражат қарастырылған. Қазіргі танда мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігерлері: Тұрлыбай батыр «Арқат Өркендеу», Қарасу «АсылҚуат Құрылыс» мекемесі болып анықталды. Құрылыс жұмыстары шілде – тамыз айларына жоспарланған. Сарымолдаев  ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында  «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2018-2020 жылдары аралығында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «KAZ Intel Group» ЖШС. Сонымен қатар Қостаған, Т.Рысқұлов елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге 17 280,0 мың теңге қарастырылып, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізілуде.

Елді мекендерді абаттандыру

Меркі ауданында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы аудан әкімінің №62 қаулысы ағымдағы жылдың 25 ақпан күні жарияланып, іс – шарасы бекітілді. Сонымен қатар атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау мақсатында аудан әкімінің №153 өкімімен штаб мүшелері құрылды. Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда аудан бойынша ұйымдастырылған сенбіліктердің нәтижесінде 437 шқ көше мен 142,6 шқ арық және каналдар, 10750 м2 саябақтар мен скверлер күл қоқыстан тазаланып, нәтижесінде 432 тонна күл қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар 6498 тал тарақ отырғызылды. Бұл жұмыстар жалғасын табуда. Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 200 қарағай (сосна) және 70 шырша ағашы мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары арқылы алынып, ауылдық округ әкімдіктеріне таратылған. Атап айтқанда Жамбыл ауылдық округіне  –127 қарағай ағашы, Сарымолдаев ауылдық округіне – 8 қарағай ағашы, Меркі ауылдық округіне 65 қарағай мен 70 шырша берілген. Аудан аумағындағы стихиялық күл-қоқыс орындарына айналған орындарды анықтау мақсатында және аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнату үшін Whatsapp желісі іске қосылғандығы туралы 2019 жылдың 12 сәуір күні Меркі тынысы аудандық газетіне және әлеуметтік желілерде хабарландыру жарияланды.

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру:

2019 жылы Меркі ауылдық округіне қарасты Е.Есимбекова, С.Сейфуллина көшесі және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жауғаш батыр көшесіне трансформатор орнату мақсатында 54 877,0 мың теңге бөлініп, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізіліп, мердігері «Енерджи Тараз» мекемесі болып анықталды. Құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда нысанды қабылдап алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй бойынша:

Андас батыр ауылдық округінде орналасқан бұрынғы кеденшілер үйін ағымдағы жылдың 25 ақпандағы №63 Меркі аулан әкімінің қаулысына сәйкес 26.02.2019 жылы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімнің теңгеріміне рәсімделді. Қазіргі танда «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша аудандық бөлімінен техникалық төлқұжат алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі бойынша 2019 жылы тұрғын үй кезегіне: көп балалы отбасы санаты бойынша – 48, халықтың әлеуметтік осал тобы санаты бойынша – 46, жетім балалар санаты бойынша – 10, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер санаты бойынша – 8 азамат тіркелген. Қазіргі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелген жалпы азаматтар саны – 285. (көп балалы отбасы санаты бойынша – 59, халықтың әлеуметтік осал тобы санаты бойынша – 121, жетім балалар санаты бойынша – 84, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер санаты бойынша – 21 азамат тіркелген.)

 

 

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлім басшысының у.м.а                                         А.Мұсабеков

Дата публикации
15 февраля 2021