Елбасы шешімін қолдаймын!

Елбасы шешімін қолдаймын!

 

Елбасы  шешімін  қолдаймын!

ҚР Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға! Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйретуімен ата-бабаларымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі. «Ер қанаты – ат» деп білген алаш баласы әр сөзінің астарын атпен сабақтайды. Айтар ойын атпен байланыстыра бейнелейді. Өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел.

Атты әспеттеу – болмысыңды зерделеу. Сонымен де, осы мақаланың меңзері алыс, мәні терең.

Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына өз үлесімді қосамын.

Жалынды жастар Елбасының әрбір бастамасын қолдап, ел дамуы жолындағы әрбір жаңа қадамдарды дүйім қазақпен бірге жасауға нақты қадамдар жасаймын, елдің ертеңін жақсартуға, жаңартуға бар күш-жігерімізде саламыз.

 

Дата публикации
08 февраля 2021