Қазақстан жерінен табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік
технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.Уақыт тұрғысынан айтылып отырған
мәдени жетістіктер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпал етті және олардың осы Ұлы Дала елінде пайда болғаны анық. Осының бәрі, әсіресе, оның ішінде, тарихи жәдігерлер өз уақытындағы өркениетті дамудың негізгі қозғаушы күші болғаны және технологиялық дамуға айтарлықтай септігін тигізгені туралы
дәлелдер мақалада жан-жақты айтылған. Нақты ғылыми деректердің негізінде, қазақ тарихының бүкіләлемдік сахнада өзіндік ерекше орны бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл
өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ Елінің рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері, бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері
– Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». «Алтын адам» жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау
алатын Түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген – Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ Елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жәйт қана
емес, сонымен қатар, әрбір Қазақ үшін аса қымбат құндылықтар болып табылады. Елбасының мақаласы арқылы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік береді. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан, мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру
барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады.
«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаның аясында, Түркістан қаласында, тарихи мұраларымыздың негізінде, Түркі әлемінің орталығы – музейін ашу, өткен мен қазіргі
уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі ұрпақ үшін де маңызы зор болар еді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенім бар екенін айтуға болады. Өйткені, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді.
Жиын барысында көпшілік назарына ұсынылған осы басты мәселелер бойынша көптеген ой-пікірлер айтылып, құнды құжаттың маңыздылығына басымдық жасалды.
№48 ЖББМ-нің тарих
пәні мұғалімдері.
.