Алтын қазына

Білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай
үйлесімді дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды дәріптеу, оқушылар шығармашылығының көркем және қолданбалы сәндік өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында
өткен бұл «Алтын қазына» байқауына жалпыға білім беретін 14 мектептің оқушылары қатысты. Байқау 11-14 жас және 15-17 жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Көрме-байқауға 5 номинация бойынша 1 жұмыстан (барлығы 5 түрлі жұмыс) қабылданды. Тоқымабұйымдары, ағашты, сүйекті, теріні өңдеу, шыны мен металды өңдеу және т.б. Жұмыстың көрме номинациясына сәйкестігі, жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі, ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдануы секілді өлшемдермен бағаланды. Қазылар алқасы, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері М.Тілеужанов, «Үміт» оқушылар сарайы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ниязбекова, қосымша білім беру педагогы А.Өтебаевалар көрмені аралап, әр жұмысқа жеке тоқталып, бағасын берді. №21 ЖББМ-нің оқушылары «Кешкі әуен», «Қарлығаш» және «Ана мейірімі»
тақырыбымен құрақ киіз басса, №16 мектептің балалары «Ұлы дала әуені», «Оюлар сыры», «Үй тұмары» фетра жапсырмалау жұмысын, «Сазды әуен» гобелен және «Гүл шоғыры» тоқымасын әзірлеп әкеліпті. №5 Ақарал ЖББМ- гимназиясы «Ауылым – алтын бесігім» жіп жапсырмалау, «Менің туған өлкем»
фетр жапсырмалау орындап, фанерден «Алтын адам» бейнесін дайындап келіпті. №22 ЖББМ газет түтікшелерінен жасалған тоқыма бұйым, себет, құмыра тоқып келіпті. №23 Тескентоған ЖББМ сәндік қолданбалы өнерін даярласа, №14 ЖББМ гобелен, қалдық заттарды өңдеп мүсін жасап, кесте тігіп,
керемет құрақ көрпе құрапты. №7 А.Тұрғымбаев атындағы ЖББМ «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбымен
жүннен, киізден, жіптен, жұқа матадан стенд дайындаған. №35 ЖББМ «Сұлу бикеш» тақтайшасын дайындады. Киізден «Жастықша», қазақтың «Тұмарын» көлемді жұмыс түрінде әкепті. Ал, «Жүрек қаламсалғышты» гипстен жасап, тасқа «Мерген» өрнегін салыпты. Сонымен қатар, «Қылыш» витражасын жасап, «Көктемнің алғашқы гүлдерін» кестелепті. №9 ЖББМ тоқыма жіптерден «Көк жайлау», «Менің Қазақстаным» атты жапсырма жасап, шағын формалардың мүсінін, «Монумент» бедерін салса, «Мелодия
степи» деп ағаш өңдеп әкеліпті. №39 Темірбек Қожакеев атындағы ЖББМ- гимназиясы кестелеп сырмақ, құрақ пластикасынан құрақ пен жастықша, қаңылтырдан қобдиша жасапты. №11 ЖББМ ағаштан кішкене зембіл жасап, былғарыдан гүл шоғырын дайындаған, сондай-ақ, тоқымадан шәугім, шәйнектің астына қоятын салфетка тоқыған. Байқаудың аты – байқау. Салыстырмалы түрде алғанда біреу озып, біреу қалып жататыны заңды, «Тоқыма» номинациясы бойынша I орынды №20 мектептен Мамедова Исмира, II орынды №23 мектептен Әділ Мерей, №7 мектептен Құрамысова Сауле, III орынды №14 мектептен Қазбек Гүлім, №21 ЖББМ- нен топтық жұмыс, №9 мектептен Талғатова Жүнісай иеленді. «Құрақ» номинациясы бойынша I орынды №39 мектептен Есмаханбетова Дания, II орынды №16 мектептен Базия Айсана, №4 мектептен Әбілхан Алуа, III орынды №1 ЖББМ-нен Қазбек Нұрдина иеленді. «Ағаш өңдеу» номинациясы бойынша I
орынды №5 мектептен Сейсенбай Бауыржан, II орынды №39 мектептен Жәдігер Ерасыл, III орынды №21
мектептен Хасенов Сабыр алды. «Тері» номинациясы бойынша I орын №11 мектептен Құрманбет Бибінұрға, «Витраж» номинациясы бойынша I орын №21 мектептен Кенжебек Дәуренге берілді.

 

 

Г.Ниязбекова,
«Үміт» сарайының қосымша
білім беру педагогы

Дата публикации
08 февраля 2021