МАЗМҰНЫ
| I. ПАСПОРТ…………………………………………………………………… | 3 |
| II. Ағымдағы ахуалды талдау……………………………………….……….. | 6 |
| 1-бағыт: Экономика…………………………………………………………………. | 6 |
| 1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар…………………………………………….. | 6-9 |
| 1.2. Агроөнеркәсіп кешені………………………………………………….. | 9-12 |
| 1.3. Шағын және орта бизнес…………………………………………………. | 12-15 |
| 2-бағыт: Әлеуметтік сала………………………………………………………… | 15 |
| 2.1. Білім ……………………………………………………………………….. | 15-18 |
| 2.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ……………………………………… | 18-22 |
| 2.3. Мәдениет, спорт және туризм …………………………………………………. | 22-31 |
| 2.4. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі…………………………………… | 31-41 |
| 3-бағыт: Инфрақұрылым………………………………………………………………………. | 41 |
| 3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық…….. …… … | 41-47 |
| 3.2. Экология және жер ресурстары…………………………………… | 47-49 |
| III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары………………………………………………………… | 50 |
| 3.1. Мақсаттар, мақсатты индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары ……….. | 50-61 |
I.ПАСПОРТ
| Бағдарлама атауы | 2016-2020 жылдарға арналған Меркі ауданының даму бағдарламасы |
| Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №64 бұйрығы |
| Аумақтың негізгі сипаттамалары | Меркі ауданының аумағы 7,05 мың км.2 немесе Жамбыл облысы аумағының 4,9 % құрайды және Жамбыл облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Шу, Мойынқұм, Т. Рысқұлов аудандарымен және – Қырғыз Республикасымен шекаралас.
Аудан құрылымында 14 ауылдық округ, оның ішінде 45 елді-мекен бар. Әкімшілік орталығы – Меркі ауылы. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдайға Меркі ауданы халқының саны 84944 адамды құрады, олардан экономикалық белсенді халық саны – 43149 адам (50,0 %). Халықтың тығыздығы – 12,04 адам/шқ². Өз бағыты бойынша аудан индустриалды-аграрлық болып табылады. 2019 жылы өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 38,8 пайызды құрады. |
| Бағыттар | · Экономика;
· Әлеуметтік сала; · Инфрақұрылым; |
| Бағдарлама мақсаттары | Бағыт: Экономика
· Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін және инвестицияны арттыру; · Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау; · ШОБ субъектілерінің өсуіне жағдай жасау. Бағыт: Әлеуметтік сала · Білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру; · Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру; · Жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларының тиімділігін арттыру және азаматтарды қорғаудың тиімді жүйесін құру; · Халықтың мәдени-көпшілік бос уақытын, жаппай спортпен шұғылдануды дамыту үшін жағдай жасау, туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету; · Қоғамдық тәртіпті нығайту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру. Бағыт: Инфрақұрылым · Тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын дамыту; · Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау; |
| Нысаналы индикаторлар | Өнеркәсіп және инвестициялар
· Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі; · Негізгі капиталға салынған инвестициялар; Агроөнеркәсіп кешені · Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілген қызметтердің) нақты көлемінің индексі; · Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі; · Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі; · Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және ұсақ мал басының үлесі; Шағын және орта бизнес · Жұмыс істеп тұрған ШОК тіркелгендер санындағы үлесі; · Бөлшек сауданың нақты көлем индексі; Білім · Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептер саны; · Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту; Денсаулық сақтау · Нәрестер өлімі; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау · Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлес салмағы; · Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен жұмысқа орналасқандар үлесі; · Мүгедектерге қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының үлесі; Мәдениет, спорт және туризм · 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: – кітапханаларға – мұражайларға · Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі; · Өткен жылмен салыстырғанда өңірде орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі; Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп · 10000 халыққа қылмыскерлік деңгейі; · Көшелерде жасалған қылмыстың үлес салмағы; · Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі; Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық · Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету; · Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі; · Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы; · Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу; · Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі; · 100 адамнан асатын халқы бар ауылдық елді мекендердің қоғамдық көлікпен қамтылуы. Экология және жер ресурстары · Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі; · Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан); |
| Қажетті ресурстар | 2019 год – 5944,1 млн. тенге;
2020 год – 9478,5 млн. тенге. * – бюджеттің нақтылануына байланысты қаржыландыру көлемдері өзгертіледі. |
1-БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА
1.1. Өнеркәсіп және инвестиция
Өнеркәсіп Меркі ауданы экономикасынын базалық салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің негізін 1 ірі, 9 орта және шағын кәсіпорындар құрайды. Аудан өнеркәсібінде төрт негізгі салалық кешен басым – тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, оның өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі жалпы өндірілген өнім көлемінде 82,0 пайызға жуығын құрайды.
2017-2019 жылдары өнеркәсіп өндірісінің жылдық көлемі 61,2 % төмендеді, ауданның өнеркәсіп өндірісінің жалпы облыстық көлемдегі үлесі 2017 жылы – 4,7 %, 2018 жылы – 3,4 %, 2019 жылы – 1,2 % құрады.
2019 жылы аудан кәсіпорындарымен 5,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейінен 32,8 %-ға төмендеген, 2018 жылы аудан кәсіпорындарымен 14,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейінен 16,4 %-ға төмендеген.
2017 жылы индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына «ЦАСК» ЖШС Меркі филиалы – «Қант зауытын қайта жаңғырту» жобасы ұсынылды. Жоба құны 1014,2 млн. теңге. Жоба 2017 жылдың шілде айында іске асырылды.
Ауданның өнеркәсіп әлеуетін «Центрально-Азиатская сахарная корпорация» ЖШС Меркі ауданы бойынша филиалы, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, «Айя-сервис» ЖШС құрайды.
Өңдеу өнеркәсібі – аумақ өнеркәсібінің жетекші саласы. 2017 жылы өнім өндірісінің көлемі 48,5 пайызға азайды, 2018 жылы өнім өндірісінің көлемі 18,0 пайызға азайды, 2019 жылы өнім өндірісінің көлемі 66,0 пайызға азайған. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісі көлемінің төмендеуінің негізгі себебі «Меркі қант зауыты» ЖШС тұрақты жұмыс атқармауына байланысты.
2019 жылы құрылымы бойынша өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы тамақ өнеркәсібінде 93,0 %.
№1 кесте. 2017-2019 жылдары өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы
| Наименование | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
| қант, мың. тонна | 73,8 | 68,1 | 11,4 |
| сары май, тонна | 79,0 | 70 | 168 |
| ірімшік және сүзбе, тонна | 337 | 286 | 447 |
| басқа да сүт өнімдері тонна | 1276 | 1365 | 1210 |
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу.
Меркі ауданында тау-кен өндірісі секторында «Айя сервис» ЖШС, «Дорстрой» ЖШС қызмет атқарады, олар асфальт және әр түрлі құрылыс материалдарын өндіреді.
2019 жылы осы салада 360,2 млн. теңгенің өнімдері өндірілді, бұл 2018 жылдың деңгейінен 8,2 %-ға азайған, 2018 жылы осы салада 209,2 млн. теңгенің өнімдері өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейінен 53,1 %-ға өскен, 2017 жылы 153,2 млн. теңгенің өнімдері өндірілді, бұл 2016 жылдың деңгейінен 14,7 %-ға өскен.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау саласының өнеркәсіптегі үлесі 0,6%-ды құрайды. Бұл салада «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС, «Ремкомсстрой» ЖШС қызмет атқарады.
2019 жылы сала бойынша 123,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ –53,1 % құрады. 2018 жылы сала бойынша 119,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ –93,9 % құрады. 2017 жылы сала бойынша 116,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ –71,7 % құрады.
Электр энергиясының негізгі жеткізушілері «Гидроэнергетическая компания» ЖШС – 2,1 МВт, Меркі ГЭС-3 – 1,5 МВт болып табылады. Жалпы жеке энергокөздерінің қуаттылығы 3,6 Мвт құрайды.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласының өнеркәсіптегі үлесі 2019 жылы 2,0 % құрады. 2019 жылы 143,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 92,8 %, 2018 жылы 165,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 107,7 %, 2017 жылы 162,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 113,0 %, құрады.
Бұл салада «Таза су» МКК, «Молдир су» ЖШС қызмет атқарады.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Қолайлы географиялық орналасуы: шекаралас аудандар, транзиттік дәліз;
· шектес салалардың даму қарқыны; · дәстүрлі күшті сегменттерді дамыту бөліміндегі перспективті бағыттар; · жаңартылған энергия көздерін пайдалану үшін айтарлықтай энергетикалық әлеует.
|
· Аумақтың облыс экономикасындағы төмен үлесі;
· өнімдердің басым бөлігінің ресурстық және энергия сыйымдылығының жоғарылығы; · шикізат жеткізіліміне тәуелділік; · инновациялық құрылымдағы саланың төмен үлесі; · өнім өңдірісінің өзіндік құнының жоғарылығы; · өнімді өңдіруден шығаруға дейінгі жоғары дәрежелі тауар дайындығымен, толық өндіріс топтамасымен шоғырланған кешендердің әлсіз деңгейі; · шығарылатын өнімнің бәсекеге төмен қабілеттілігі; · электр желілері және станциялары тозуының жоғары деңгейі;
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · ҮИИД, 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту, Өңімділік-2020, Бизнестің жол картасы-2020 Бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдау шаралары;
· инвестициялық тартымдылықты жоғарылату; · мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту; · пайдалануға берілген жаңартылған энергия көздері нысандарын арттыру есебінен ауданның энергияға тәуелділігін төмендету; · Еңбек әлеуетін дамыту. |
· Өнеркәсіптің шикізаттық бағыттылығын сақтау қаупі;
· импорттың жоғары үлесі; · энергетикалық және көлік инфрақұрылымына бағасының ішкі өсімі, бұл шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. |
Сала проблемалары:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – шикізатты шығару деңгейінің төмендігі және қайта өңдеудің жеткіліксіздігі, көптеген өнімдердің жоғары ресурстық және энергетикалық шығындылығы.
Өңдеу өнеркәсібінде:
– Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі – өндіріске энергияның көп жұмсалуы, өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны, аудандағы құрылыс қарқынының төмендеуі, сала кәсіпорындарының көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен құнына тәуелділігі;
– Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – желілердің, кіші станциялардың тозуы және осымен байланысты электр және жылу энергиясының жоғары шығындылығы, өзіндік электр энергиясының тапшылығы, өзіндік дәстүрлі отын ресурстарының болмауы, энергия ресурстарының жоғары бағасы, қолданыстағы гидростанциялардағы судың аздығы;
– Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы.
Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестициялар
2017-2019 жылдары аумақтың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 28,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 2019 жылы – 11,0 млрд. теңгені және 2017 жылмен салыстырғанда нақты есептеуде 28,0 % өсті. Аудан инвестицияларының облыс бойынша жалпы көлемдегі үлесі 2019 жылы 3,7 % құрады.
2019 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымы: өзіндік қаражат – 58,1 %, республикалық бюджет қаражаты – 13,6 %; жергілікті бюджет қаражаты – 6,3 %; басқа қарыз қаражаттар – 22,0 %.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Тұрғындардың жоғары білім деңгейі;
· техника және технологияны дамыту бойынша бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;
|
· ірі өнеркәсіптік компанияларының өңірлік университеттермен өзара-іс қимылға қызығушылығының болмауы;
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · «100 нақты қадам» Ұлттық жоспар шараларының аясында өнеркәсіптің, инвестициялардың және инновациялардың стратегиялық даму бағдары; |
Саланың проблемалары:
– жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.
1.2. Агроөнеркәсіп кешені
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы секторларынан тұратын агроөнеркәсіп кешені негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша қомақты үлесті қамтамасыз етіп, аудан экономикасында маңызды роль атқарады.
2017-2019 жылдары агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс көлемінің өсімі байқалды, ол 2019 жылы 29,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 1,1 %-ға өскен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі – 15,8 млрд. теңге (НКИ-104,6 %), мал шаруашылығы – 13,3 млрд. теңге (НКИ- 97,3 %).
Мал шаруашылығы өндірісімен салыстырмалы жағынан өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің айтарлықтай тербелісі байқалды.
№1 кесте. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млрд. теңге
| Атауы | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
| Ауыл шаруашылығы өнімі | 23,9 | 24,9 | 29,1 |
| НКИ, % | 105,3 | 106,0 | 101,1 |
| оның ішінде: | |||
| өсімдік шаруашылығы | 12,4 | 13,0 | 15,8 |
| НКИ, % | 100,4 | 106,0 | 104,6 |
| мал шаруашылығы | 11,6 | 11,9 | 13,3 |
| НКИ,% | 110,9 | 106,0 | 97,3 |
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің қатынасты құрылымында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің ара қатынасы теңдей үлеске ие, мал шаруашылығы жағында біршама басымдық бар.
Ауданның жалпы жер көлемі 705,6 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқабы – 203,7 мың га (29,0 %), олардан егістіктер – 100,5 мың га (14,2 %).
2017-2019 жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының өсімі байқалды.
№2 кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алқаптарының құрылымы
| Наименование | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | |||
| мың га | % | мың га | % | мың га | % | |
| Егіс алқабы – барлығы | 78,3 | 100 | 86,3 | 100,0 | 93,3 | 100 |
| оның ішінде: | ||||||
| дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар | 36,9 | 47,1 | 43,7 | 50,6 | 54,0 | 57,9 |
| майлы дақылдар | 11,8 | 15,1 | 12,8 | 14,8 | 4,6 | 4,9 |
| қант қылшасы | 2,3 | 2,9 | 2,0 | 2,3 | 2,0 | 2,1 |
| көкөніс | 1,0 | 1,3 | 1,3 | 1,5 | 1,3 | 1,4 |
| бақша | 0,3 | 0,4 | 0,4 | 0,5 | 0,4 | 0,4 |
| картоп | 0,6 | 0,8 | 0,7 | 0,8 | 0,8 | 0,9 |
| жемдік дақылдар | 25,4 | 32,4 | 25,4 | 29,5 | 30,2 | 32,4 |
Егіс алқаптарының құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар (57,9 %), сондай-ақ жемдік дақылдар (32,4 %) ең көп үлеске ие.
Егістіктер құрылымын оңтайландыру үшін жыл сайын әртараптандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Нәтижесінде майлы, көкөніс және қант қылшасы дақылдарды егу алқаптары ұлғайтылуда. Жаңа прогрессивті әдістер: ылғал сақтау және суды үнемдеу технологиялары қолданылуда.
Ауданның мал шаруашылығы – көпсалалы. «Сыбаға, «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының іске асырылуы арқасында құстар мен шошқалардан басқа мал басының барлық түрлерінің өсімі байқалады.
Ауданның мал шаруашылығының асыл тұқымдандыру базасы 16 шаруашылық жүргізуші субъектілермен ұсынылған. Олардан 1-еуі асыл тұқымды зауыт мәртебесіне, 15-сі – асыл тұқымды шаруашылық мәртебесіне ие, олардың 5 қой шаруашылығы саласында, 5 шаруашылық ет бағытында және 5 шаруашылық сүт бағытындағы ірі қара малмен айналысады.
Мемлекеттік қолдау шеңберінде қабылданып отырған шаралар асыл тұқымды малдардың үлес салмағын ұлғайтуға мүмкіндік берді: МІҚ 2016 жылы 28,5 %-ға, 2017 жылы 29,0 %-ға, 2018 жылы 29,1 %-ға дейін, тиісінше қой мен ешкі – 2016 жылы 32,0 %-ға, 2017 жылы 32,1 %-ға, 2018 жылы 32,2 %-ға дейін, жылқы – 2016 жылы 12,2 %-ға, 2017 жылы 12,2 %-ға, 2018 жылы 12,3 %-ға дейін.
«МІҚ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде 2012-2017 жылдары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2975 бас сиыр сатып алынып, 24 фермерлік шаруашылық өсірумен айналысады.
Жалпы қабылданып отырған шаралар және мемлекеттік қолдау 2016-2018 жылдары егістіктер алқаптарын ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін және малдардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде негізгі ауыл шаруашылығы өнімдері түрлері өндірісінің өсіміне ықпал етті.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісімен 1661 шаруа қожалығы және үй шаруашылықтары, 11 агроқұрылымдары айналысады. Мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі жұртшылық шаруашылығының үлесі әлі де болса жоғары болып отырғанын атап өту қажет, бұл сала өнімі өндірісінің ұсақ тауарлы сипатын айқындайды.
2017-2019 жылдары аралығында ауданның агроқұрылымдарымен жалпы соммасы 1104,4 млн. теңгеге 212 дана ауылшаруашылық техникасы алынды.
Жыл сайын мемлекеттік қолдау шеңберінде қаржыландыру көлемі ұлғаюда. 2017 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 261,2 млн. теңге, 2018 жылы – 567,3 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2017 жылы – 198,6 млн. теңге, 2018 жылы – 389,5 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 2017 жылы – 748,8 млн. теңге, 2018 жылы – 231,5 млн. теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін өндірісті дамыту үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар;
· табиғи шабындықтар мен жайлым жерлер; · ауыл шаруашылығы кластерлерін қалыптастыру үшін АӨК-гі дамыған институционалдық инфрақұрылым; · мемлекеттік қолдау (Агробизнес – 2020). |
· Механикаландырудың жеткіліксіз деңгейі және ауыл шаруашылығы техникаларының тозу деңгейінің сақталуы;
· суару инфрақұрылымының тозығы; · ұсақ тауарлық, малдың 70%-ға жуығы жеке қосалқы шаруашылықтарда; · кепілдік капиталдың болмауына байланысты екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығын төмен несиелеуі.
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · «Агробизнес-2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдау шаралары;
· экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік беретін, жеке қосалқы шаруашылықтарды ірілендіру; · егіс алқабының құрылымындағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру; · ұсақ ауыл шаруашылығы өндірістерін ірілендіру жолымен машина-технологиялық станцияларын құру; · ауылдық несиелік серіктестіктер мен ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісін кеңейту. |
· Қолайсыз ауа-райы жағдайының, табиғи апаттардың, аса қауіпті мал аурулары ошағының әсер етуі;
· ауыл шаруашылығында қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері шектеулі жеке қосалқы шаруашылықтардың (әсіресе мал шаруашылығында) үлесі басым, бұл саланың дамуына, жаңа технологияларды енгізуге кері әсер етеді; · нашар кепілдік базаға байланысты ауыл халқын несиелеу проблемалары, халықтың ауылдық кооперациялар және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі. |
Саланың проблемалары:
– Меркі ауданында ауыл шаруашылығы өсімінің дамуын тежейтін негізгі себеп – шаруашылықтардың ұсақ тауарлығы. Ұсақ шаруашылықтар өндіріске агротехнологиялар ендіре алмайды, сондай-ақ егістік айналымдарын сақтай алмайды, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару және басқа ылғалды үнемдеу технологиялары сияқты ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ендіруді айтпағанның өзінде өсімдіктерді қорғау жүйесін қолдана алмайды.
– көптеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және айналымдағы қаржылардың жеткіліксіздігі;
– мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;
– «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдармаларының әлеуетті қатысушыларында несиелерді кепілдік мүлікпен қамтамасыз ету проблемасының болуы. Кепілдікті қамтамасыз ету үшін ұсынылатын мүлік негізінен ауылдық жерлерде орналасқан, сондықтан өте төмен бағаланады.
– машина-трактор паркінің жеткіліксіз техникалық жарақтандырылу деңгейі, жаңа прогрессивтік технологиялардың әлсіз енгізілуі;
– ауылда білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;
– еңбекті көп қажетсінетін үрдістердің әлсіз механикаландырылуы; ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің жоғарылығы, мал шаруашылығында өнімділігі жоғары генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылығында элиталық тұқымдардың төмен үлесі, мал шаруашылығы шикізатын даярлау, сақтау және бастапқы қайта өңдеу, көкөністі сақтау бойынша инфрақұрылымның болмауы;
– суару кезеңінде судың жеткіліксіздігі;
1.3. Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнес
Аудан экономикасының басым бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.
Ауданда 2019 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері 5871 бірлікті құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ға өскен (5508 бірлік), 2017 жылмен салыстырғанда 10,6 %-ға өскен (5309 бірлік).
2019 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ішінде ең үлкен үлес жеке кәсіпкерлерге (ЖК) – 64,9 %, шаруа (фермерлік) қожалықтарына (ШФҚ) – 29,6 % тиесілі. Тіркелген ШОК ішінде ең аз үлесі, яғни 5,5 % -ы заңды тұлғаларға тиесілі.
2019 жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі белсенді ШОК үлесі 86,5 % (2018 жылы– 80,5 %, 2017 жылы– 76,2%) құрады.
2019 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 5079 бірлікті құрады, 2018 жылы – 4434 бірлікті құрады, 2017 жылы – 4046 бірлік. Осы тұста, 2019 жылы белсенді ШОК субъектілер санын 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,5 % құрады.
Тіркелген және белсенді ШОК субъектілері санының динамикасы, бірлік
№1-сурет
2017 жылы ШОК саласында 12575 адам жұмыспен қамтылған. 2018 жылы салада жұмыспен қамтылғандар саны 12671 адамды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 100,8 % құрады. Ал 2019 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 12752 адамды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 101,4% немесе 177 адамға артқан.
Жалпы белсенді субъектілердің ішінде заңды тұлғалар небәрі 5,5 % құрайтынына қарамастан, бұл салада жалпы жұмыспен қамтылғандардың үштен бірін қамтамасыз етіп отыр (1113 адам немесе ШОК саласында жалпы жұмыспен қамтылғандардың 8,7 %).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2010-2018 жылдар аралығында Меркі ауданы бойынша аталған бағдарлама аясында оның ішінде субсидиялау тетігі бойынша 1 млрд. 254,0 млн. теңге, кепілдік беру тетігі бойынша 64 млн. 200 мың теңге, инфрақұрылым тетігі бойынша 390 млн. 200 мың теңге, қайтарымсыз грант беру бойынша 3,0 млн. теңгені құрайтын жалпы 59 жоба мақұлданған.
2018 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдендіру құралы бойынша жалпы құны 18,7 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылды.
Сауда
Меркі ауданында сауда саласында барлық жұмыс істейтін халықтың 14,7 %-ы қамтылған.
Ішкі сауданың негізгі қызмет түрлері бөлшек және көтерме саудаға бөлінеді. Бөлшек сауда айналымы 2019 жылы 7933,2 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың деңгейінен 3,8 %-ға азайған, 2018 жылы 7797,4 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың деңгейінен 30,9 %-ға артқан, 2017 жылы 5598,0 млн. теңгені құрап, 2016 жылдың деңгейінен 0,4 %-ға төмендеген (1-кесте).
№ 1 кесте. 2017-2019 жылдары ішкі сауданың даму динамикасы
| Атауы | Өлш. бір. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| Меркі ауданында бөлшек сауда айналымы | млн. тенге | 5 598,0 | 7 797,4 | 7 933,2 |
| Меркі ауданында бөлшек сауда айналымының НКИ | % | 99,6 | 130,5 | 96,2 |
ШОБ және сауданың даму жағдайына SWOT- талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті қаржылай қолдау;
· «Даму» қоры өкілдіктерінің аумақтағы тармақты жүйесі; · Аумақта ауыл кәсіпкерлігінің белсенді дамуы; · ірі бизнес пен ШОБ арасындағы серіктестік бағдарламасы; · ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау бойынша әкімдіктің жүйелі жұмыстары; · сауда көлемі дамуының және халықты жұмыспен қамтудың оң динамикасы; · әлеуметтік-маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағасы мониторингінің қалыптасқан жүйесі;
|
· ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражатының, кепілзаттық мүліктің жеткіліксіздігі;
· аймақтағы ШОБ өкілдерінің кооперациясының және мамандандырылуының жеткіліксіздігі; · бөлшек сауда бойынша заңнамада кемшіліктер, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерде заманауи терминологиялардың болмауы; · отандық кәсіпорындардың өнім түрлерінің саяздығы, оның импорт тауарларымен салыстырғандағы әлсіз бәсекеге қабілеттілігі; · көліктік-логистикалық орталықтарының болмауы, «ауылдық жер» байланысындағы логистикалық мәселе; · кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік әлсіз дайындықтары, білікті мамандардың жетіспеушілігі, оның ішінде сауда саласында. · өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі; |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану;
· Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту; · отандық азық-түлік өнімі өндірісінің өсімі; |
· Макроэкономикалық ортада жағымсыз өзгерістер: валюталық бағам, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы;
· бөлшек сауда нарығында көлеңкелі тауар айналымының өсуі; |
Салалардың проблемалары:
ШОБ-та: субъектілердің басым бөлігінде өз инвестициялық және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы; банктер ШОБ субъектілерінің кепілдікке қабілеттілігінің төмендігінен займдар бойынша пайыздық ставканы ұлғайту арқылы тәуекелділік құнын кредиттерге ауыстыруға мәжбүр; шағын бизнес үшін инженерлік-техникалық жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы.
Саудада: бөлшек сауда кәсіпорындары қауымдастықтары жанындағы сату орталықтарының, тұтыну кооперативтерінің, ірі тәуелсіз гипермаркеттердің жоқтығы; «ауылдық жер-қала» байланысына қажетті көлік-логистикалық орталықтардың болмауы; алаңдарды жалға алудың жоғары ставкалары, логистика және сақтау шығындары бүкіл сауда жүйесінің жалпы тиімсіздігін және бәсекеге қабілетсіздігін айқындайды; айналымдағы қаражаттың тапшылығы; сауда секторында топ-менеджменттің тапшылығы.
2-БАҒЫТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2.1. Білім
Мектепке дейінгі білім беру
Ауданда 28 балабақша мен (16 мемлекеттік, 12 жекеменшік) 9 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасауда, онда 3787 бала тәрбиеленуде. Есепті кезеңде қамту үлесі 1-6 жас аралығында 99,0 %, 3-6 жас аралығында 100 % құрайды.
1-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту динамикасы 2017 жыл 50,2%, 2018 жылы 52,6%, 2019 жылы 99,0 % құрап, 3 жылды салыстырғанда 48,8 % өсті.
3-6 жастағы балаларды 2019-2020 оқу жылының есептік кезеңіне дейін 100% қамту бойынша 2017 жылы мемлекеттік – 1, жекеменшік – 4, 2018 жылы жекеменшік – 2, 1 шағын орталық, 2019 жылы – 2 жекеменшік балабақша ашылды. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту динамикасы 2017 жыл 80,6%, 2018 жылы 82,5%, 2019 жылы 100% құрап, 3 жылды салыстырғанда 19,4% өсті.
№ 1 кесте. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер желісінің даму динамикасы
| Атауы | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | |||
| саны | балалармен қамту | саны | балалармен қамту | саны | балалармен қамту | |
| Барлығы | 35 | 3367 | 38 | 3752 | 38 | 3837 |
| оның ішінде | ||||||
| бала-бақшалар | 24 | 2892 | 26 | 3277 | 28 | 3337 |
| шағын орталықтар | 11 | 475 | 12 | 475 | 10 | 500 |
№ 2 кесте. 2019 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту.
| № | Ауданның атауы | Мектепке дейінгі мекеме саны, барлығы | (1-6 жас) балалар саны | (1-6 лет) қамту % | (3-6 жас) балалар саны | (3-6 лет) қамту %
|
| 5 | Меркі | 38 | 9819 | 97,2 | 3837 | 100,0 |
Жалпы орта білім
Аудан бойынша 36 күндізгі жалпы орта білім беретін мектепте (6 – бастауыш, 30 –жалпы білім беретін мектептер; 25-і қазақ тілінде, 11-і қазақ және орыс тілдерінде) 2017 жылы 15710 оқушы, 2018 жылы 16283, 2019 жылы 16856 оқушы білім алды. Бұл алдыңғы жылдардағы есепті кезеңдермен салыстырғанда білім алушылар санының сәйкесінше, жыл сайын 573-ке артқанын көрсетті. Шағын жинақталған мектептер саны-11(6 бастауыш және 5 жалпы білім беретін мектептер). Мектептердің 27-і (69,2%) типтік, 11-і (28,2%) ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 1 мектеп балшықтан соғылған.
3 жылдық білім сапасы: 2017-2018 оқу жылы -61,8%, 2018-2019 оқу жылы 70,1%, 2019-2020 оқу жылы 71,7%.
2017 жылы №13 жалпы білім беретін мектебінің ғимараты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 №13ЖББМ шатыры және №1 ЖББМ ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2018 жылы жаңадан құрылысы жүргізілген Тескентоған ауылынан №23 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. 2019 жылы жаңадан құрылысы жүргізілген №33 ЖББМ пайдалануға берілді.
Жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталуы пайызы (%)
| № | Кабинет атаулары | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
| 1 | физика | 49,0 | 49,0 | 49,0 |
| 2 | химия | 51,7 | 51,7 | 51,7 |
| 3 | биология | 55,2 | 55,2 | 55,2 |
| 4 | ЛМК | 79,3 | 81,6 | 81,6 |
Ауданда барлық мектептер компьютерлендірілген. Жалпы білім беретін мектептерде компьютерлермен қамтамасыз етілу бойынша, 2017 жылы – 13 оқушыдан құрады, 2018 жылға 12, 2019 жылы -10 оқушыны құрады. Кең жолақты Интернетке мектептердің 100%-ы қосылған .
Аудан мектептерінде 2103 педагог қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 1643 әйелдер, 1210 күндізгі, 886 сырттай білімдісі.
Жаз кезеңінде ауданда 1 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Балаларды жазғы демалыспен қамту 2017 жылы 94,4%-ды, 2018 жылы 96 пайызды құрады.
Қосымша білім беру мекемелерінің саны -5, ондағы жалпы балалар саны – 4707. Оның ішінде Қ.Жандарбеков атындағы №1 музыка мектебінде -300 бала, №2 музыка мектебінде -193 бала, «Үміт» сарайында -1514 бала, «Өркен» шығармашылықты дамыту орталығында -1901 бала, аула клубында – 799 бала.
Ауданда 2011 жылдан бері аз қамтамасыз етілген отбасылар балалары 100% ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сапалы жайлы тасымалдаумен 426 бала немесе қажеттіліктен 100% қамтылған.
Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің мәліметтері бойынша ауданда 422 ерекше білімді қажет ететін бала есепте тұр.
2017 жылы -232 бала, 2018 жылы- 211 бала, 2019 жылы-183, 2020 жылы- 181 тәрбиемен және оқытумен қамтылды. Оның ішінде: жеке бағдарлама бойынша үйде оқытумен 2017 жылы – 168, 2018 жылы- 146, 2019 жылы – 122, 2020 жылы-119 үйде оқытумен қамтылған.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға берілген компьютер – 54, оның интернетке қосылғаны – 54, бағдарламалық техникалық құралмен қамтылғаны – 40, планшетпен – 12 оқушы қамтылған.
Ауданның 38 жалпы білім беретін мектептерінде 2016 жылы 65 бала, 2017 жылы 72 бала, 2018 жылы 66 бала, 2019 жылы- 61, 2020 жылы – 62 оқушы инклюзивтік оқытумен қамтылған;
Бұдан басқа, ауданда 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар, онда 116 бала түзету- педагогикалық қолдау алуда.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Апаттық мектептер санын қысқарту;
· мектепке дейінгі мекемелер санының жыл сайынғы өсуі; · оқушылардың республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, конкурстарда, ғылыми жобалар байқауында жоғары нәтижелері; · ТжКБ жұмысқа орналасқан түлектері санының өсуі. |
· Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;
· үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы; · ауылдық жерлердегі білім мекемелерінің жеткіліксіз материалды-техникалық жабдықталуы; · ТжКБ мекемелерінде инженер-педагог кадрлардың тапшылығы. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Апатты мектептердің орнына жаңа мектептер құрылысы;
· техникалық және кәсіби білім берудің қол жетімділігі үшін мемлекеттік білім тапсырыстар сандарын көбейту; · жаңа мектептер құрылысы есебінен апатты мектептерді жою. |
· Педагогтардың басым бөлігінің төмен біліктілік деңгейі;
· апаттық мектептер санының көбеюі; · мектеп жасына дейінгі мекемелерде орын алу үшін кезекте тұрғандардың жыл сайынғы өсімі.
|
Саланың проблемалары:
2.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту
Ауданның еңбек нарығының негізгі индикаторлары динамикасының талдауы экономикалық белсенді халық санының (2019 жылды 2017 жылмен салыстырғанда 1,6 %-ға) азайып, жұмыспен қамтылған халық санының (1,9%-ға) жыл сайын ұлғайып отырғанын көрсетеді.
2017-2019 жылдары экономикалық белсенділік деңгейі 82,7%-дан 80,2%-ға дейін азайды, алайда ол орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болып қалуда (76 %).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны және оның жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесі ұлғаюда (2017 жылғы 65,9 %-дан 2019 жылғы 59,7 %-ға дейін). Алайда, өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың үлес салмағы әлі де болса орташа облыстық көрсеткішке қарағанда жоғары болып қалуда және облыс аумағы арасында жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай экономикалық қызметтің ауыл шаруашылық және басқа осындай түрлерімен қамтылған халықтың басым үлесімен түсіндіріледі. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған халық құрылымында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің үлесі 55,2 % құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған халықтың жоғары үлесі қазіргі заманғы индустриалдық аграрлық секторға сәйкес келмейді. Ұсақ тауарлы ауыл шаруашылығы жағдайларындағы ауылдық жердегі өзін-өзі жұмыспен қамтылудың жоғары үлесі кірістің айтарлықтай өсіміне әкелмейді және кедейшілікті сақтауда.
Сонымен қатар, жалдамалы жұмысшылар санының (2017жылмен салыстырғанда 2019 жылы 9,5 %-ға) және оның жұмыспен қамтылғандар санындағы үлесінің (42%-дан 32,4 %-ға дейін) төмендеуі байқалады.
2019 жылы экономика салалары бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымында ең көп үлес салмағы ауыл, орман және балық шаруашылығына келеді –28,2 %, өнеркәсіп және құрылыс – 8,4 % және бюджеттік сала (мемлекеттік басқару, білім, денсаулық сақтау) – 38,4 %, яғни үштен бірі (32,6%) кірісі жоғары емес салаларда жұмыс істейді.
2017-2019 жылдары халықты жұмыспен қамту құрылымында экономика үшін аса маңызды келесі экономикалық қызмет түрлері айтарлықтай азайды: өнеркәсіп (-3,1%), қаражат және сақтандыру (-2,9%), көлік және қоймалау (-1,8%). Бұл ретте оңды өсімге құрылыс (+10%), сондай-ақ адами капиталдың сапасына жауапты салалар: білім беру (+2,8%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет (+5,4%), Ауыл шаруашылығынан басқа төмендеу байқалып отырған (бұл жағымды фактор болып табылады) қалған қызмет салаларында ахуал тұрақты күйінде немесе шамалы өзгерістермен қалуда.
2017-2019 жылдары ауданда 10912 адам адам жұмыспен қамтылды, оның 7699 адамы – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғы арналған Еңбек» бағдарламасы шеңберінде. 75 «Жұмыспен қамту жол картасы» жобалар жүзеге асырылды, жобаларда ашылған жұмыс орындарына 651адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 1083 адам өтті. 396 адам микрокредит алды, олардан 386-ы (98%) өз ісін ашты. Микрокредит алған қатысушылармен барлығы 282 қосымша жұмыс орындары ашылды. Кәсіптік оқытумен 906 адам қамтылды, олар оқуын аяқтап, 600 адам жұмысқа орналасты (66,3%).
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғы арналған Еңбек» бағдарламасы шеңберінде , сондай-ақ индустриалды –инновациалық даму және басқа мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылып отырған шаралар нәтижесінде ауданда жұмыссыз халық санының қысқаруы, жалпы және ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады.
2017 жылдың маусым айынан бастап «Жұмыспен қамту» және «Жұмыс нарығы» автоматты ақпараттық жүйелері біріктіріліп, нәтижесінде ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі ұлғайды.
2019 жылдың 1 қазанына ресми тіркелген жұмыссыз деңгейі 38,5% құрады, 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарсы 11,6%.
Ауданда 2017-2019 жылдарға арналған ауданның Жұмыспен қамту картасы жасалған. Жалпы аудан бойынша жыл сайын жоғары біліктілік деңгейлі мамандардың 254 адамнан 321 адамға дейін артылуы байқалады. Сонымен қатар олардың құрамында әртүрлі біліктілік дәрежесіндегі дәрігерлер мен инженерлер жетіспейді. Сондай-ақ орта біліктілік деңгейлі мамандардың 103 адамнан 147 адамға дейін артылуы байқалады. Бұл ретте бос орындарға үміткерлердің жұмыс тәжірибесі жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.
Халықты әлеуметтік қорғау
Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру шеңберінде ауданда барынша қолдауды ай сайын және уақтылы ҚР азаматтары алады.
№1 кесте. Әлеуметтік төлем алушылардың динамикасы
| Атауы | Өлш. бір. | 2017 жыл | 2018жыл | 2019 жыл |
| МАӘК алушылар саны | жанұя/ адам | 33/152
|
985/5240 | 3638/17422 |
| Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке жарамдылар үлесі | % | 24,3 | 7,0 | 6,8 |
| 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны | жанұя/ адам | 2634/8250 | – | |
| Тұрғын үй көмегін алушылар саны | жанұя/ адам | 12/75 | 8/53 | 9/68 |
2017-2019 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының қысқаруы, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке қабілеттілері үлесінің төмендеуі байқалды, 2019 жылы бұл көрсеткіш 6,8% құрады, бұл орташа облыстық деңгейден төмен.Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының қысқаруы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп отырған іс-шаралармен байланысты, мұнда жаңа жұмыс орындарына және маусымдық жұмыстарға бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан жұмыссыздар тартылды. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті азаматтардың басым бөлігі төмен кірістері бар жалдамалы жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Мемлекеттік қолдаудың іске асырылып отырған шаралары халықтың ақшалай кірістерін ұлғайтуға және кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.Мемлекеттік емес көздерден демеушілік көмек ретінде аз қамтамасыз етілген отбасылар азаматтарына, мүгедектерге, ардагерлерге және жалғызбасты аналарға қосымша қолдау көрсетілуде. 2017-2019 жылдары 217234,7 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
№2 кесте. Табыстар және кедейшілік динамикасы
| Атауы | Өлшем бірлігі | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
| Кедейшілік шегінен табысы төмен халық үлесі | % | 0,1 | 0,4 | 0,5 |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.
Облыста жыл сайын стационар, жартылай стационар, үйде уақытша күтілу жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтер алушыларының саны өсуде.
Оңды динамика медициналық-әлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасының нығаюымен, мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды сауықтыру және бейімдеу орталықтары желісінің дамуымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы әлеуметтік қызметтер көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ уақытша күту жағдайларында әлеуметтік патруль қызметін ендірумен байланысты.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі дамуда. 96 азамат (мүгедектер, үлкен жастағы тұлғалар) арнайы әлеуметтік қызметтер алады, оның 13-уі – медициналық-әлеуметтік мекемелерде, 83-і – мүгедектерге арналған сауықтыру орталықтарында.
№7 кесте. Арнайы әлеуметтік қызмет алушылар санының динамикасы
| Көрсеткіш атауы | 2017 жыл | 2018жыл | 2019 жыл |
| стационар шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар саны (адам) | 2 | 2 | 2 |
| стационар шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар (жалпы қызмет алушылардан) үлесі (%) | 100 | 100 | 100 |
| жартылай стационар шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар саны (адам) | 22 | 25 | 14 |
| жартылай стационар шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар (жалпы қызмет алушылардан) үлесі (%) | 100 | 100 | 100 |
| үй жағдайында күту шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар саны (адам) | 100 | 108 | 100 |
| үй жағдайында күту стационар шартында арнайы әлеуметтік қызмет алушылар (жалпы қызмет алушылардан) үлесі (%) | 100 | 100 | 100 |
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тосқауылсыз орта жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017-2019 жылдары 83 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бейімделді.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2017-2019 жылдары 114 азамат жұмысқа жолдама алды. 2019 жылдың 1 қазанына 67 мүгедек жұмысқа тартылды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау (еңбек және әлеуметтік қорғау)
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылғандардың шағын несие алуға үлкен сұранысы;
· мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету; · сауықтыру шараларын жүргізу үшін және мүгедек балалардың денсаулық сапасын жақсарту үшін ең соңғы технологиялармен жабдықталған сауықтыру орталақтарының желілері кеңеюде; · «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру; |
· Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесінің жоғарылығы;
· жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі; · тұрақты жұмыс орындарының болмауы, әсіресе ауылда; · ауылдағы кедейшілікті және жұмыссыздықты оқшаулау; · атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының өсуі;
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;
· әлеуметтік қызмет және арнайы қызметтерді көрсету мекемелерінің жүйесін кеңейту; · ауылда кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал ету;
|
· Шағын несие беруге қаржыландыруға қаражаттың жетіспеушілігі;
· халықтың еңбек етуге қабілетті жасындағы көші-қондық қайтуының күшеюі; · жастар тәжірибесін өткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу барысындағы қиындықтары. |
Саланың проблемалары:
– өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа орналастырылғандардың жоғары үлесі, әсіресе ауылдық жерлерде;
– жастарды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі;
– жұмыс күші біліктілігінің төмендігі.
– еңбек заңнамасын бұзушылықтар сақталуда;
– өмір сүру деңгейінен төмен халықтың үлесінің жоғарылығы;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санындағы өз бетінше жұмыспен қамтығандардың үлесінің жоғарылығы;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуға тілек білдірмеуі;
– жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып тұрған кедейшіліктен шығу бойынша белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі.
– мүгедектерді, пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру проблемасы;
– әлеуметтік маңызды нысандардың ішінара бейімделуі, қолжетімділік тек пандустар салумен ғана шектеледі.
2.3. Мәдениет, спорт және туризм
Меркі ауданында мәдениет мекемелерінің желісі 45 нысанды құрайды. Оның ішінде 16 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылдық-15), 28 кітапхана (ауылдық – 26), 1 мұражай.
2017 жылы 1530 мәдени іс-шара өтті, оған 93561 көрермен қатысты.Солардың қатарында халықтық атағы бар «Береке» әжелер тобының шығармашылық кеші мен ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 95 жылдық мерей тойына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты мерекелік концерт өткізілді.
2018 жылы 1905 мәдени іс-шара өтті, оған 148430 көрермен қатысқан. Меркі ауданының 90-жылдығына орай «Меркі қасиетті өлке» облыстық ақындар айтысы өтті.
Кітапханалардың кітап қоры 267095 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 137666 дана. Кітап қорын толықтыру үшін 2018 жылға жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге бөлінді. Оқырмандар саны – 15824 адам. Аудан кітапханаларын автоматтандыру бойынша 25 кітапхананың 25-і Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі (РАКАЖ) бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, 64-і компьютерлендірілген, 25 кітапхана Интернет желісіне қосылған.
Аудан мұражайымен 256 экскурсия, 30 әртүрлі тақырыптық көрмелер мен 26 лекциялар өткізілген. Мұражайлар қоры 13800 экспонатты құрайды. Келу көрсеткіші 6000 адамды құрайды, бұл 2016 жылға қарағанда 1,5 есеге артты.
№1 кесте. Театрлар, кітапханалар, мұражайлар және басқа мәдениет орындары
| № | Атауы | Өлш. бір. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| 1. | Театрлар | бірл. | 1 | 1 | 1 |
| Көрермен саны | адам | 6000 | 6500 | 7150 | |
| 2. | Кітапханалар | бірл. | 28 | 28 | 25 |
| Кітапхана қоры | дана | 258008 | 261031 | 268281 | |
| Тіркелген оқырмандар | адам | 19320 | 19320 | 19000 | |
| 3. | Мұражай | бірл. | 1 | 1 | 1 |
Жергілікті бюджеттен мәдениет саласын дамытуды қаржыландыру көлемі өсуде. Атап айтқанда, 2017-2019 жылдары ауданның мәдениет мекемелерін қаржыландыруды қамтамасыз етуге 1005,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 2017 жылы – 226,6 млн. теңге, 2018 жылы 297,4 млн. теңге, 2019 жылы 481,4 млн. теңге, 2018 жылға қарағанда 31,1 %, 2017 жылға қарағанда 2,1 есе ұлғайып отыр.
2017 жылы облыстық бюджеттен Аққайнар ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 56,6 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында республикалық маңызы бар 1, жергілікті маңызы бар 73, тарихи маңызы бар 114 мәдениет ескерткіштері тіркелген.
Тарихи – мәдени ескерткіштерді сақтап қалу мақсатында қорғау тақтайшаларын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мәдениет нысандарына мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін олар пандустармен жарықтандырылған. 2014 жылы аудандық кітапханалардың, аудандық мұражай ғимараттарының пандустары қайта жаңғыртылды.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Мәдениет саласын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу;
· мәдениет нысандарына келушілер мен қызмет көрсету сапасы деңгейінің артуы; · туристтік қызығушылық танытатын мәдениет нысандарының көбеюі. |
· Ауылдық жерде кадрлардың болмауы және тұрақтамауы;
· ауылдық жерде Интернетке қолжетімділіктің төмен деңгейі.
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Мәдениеттің жаңа нысандарының құрылысын Республикалық бюджеттен қаржыландыру;
· Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасының аясында мәдениет нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын одан әрі жүргізу. |
· Жаңа мәдениет нысандарының құрылысын қаржыландырудың болмауы;
· әлсіз материалдық-техникалық жабдықтау.
|
Саланың проблемалары:
– мәдениет саласы қызметкерлері еңбекақысының төмендігі және ведомстволық тұрғын үйдің жоқтығы (білікті мамандарды тарту үшін негізгі шектеуліктер);
– мәдени қызметкерлерді даярлау орталықтарының болмауы. Маркетингті және арт-менеджментті игерген жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың, шығармашылық көшбасшылардың тапшылығы проблемасы шешуді қажет етеді.
– ауылдық кітапханалардың интернетке қолжетімділігінің төмен деңгейі;
-мәдениет және мұрағат мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық жабдықталуы.
Спорт
Ауданда 2017-2019 жылдары спорт инфрақұрылымын дамытуда оңды динамика байқалды.
Спорттық нысандардың саны 2017 жылы – 194 бірлікті, 2018 жылы – 209 бірлікті 2019 жылы – 212 бірлікті құрады. 2017 жылмен салыстырғанда нысандардың саны 18 бірлікке, 2018 жылмен салыстырғанда нысандардың саны 3 бірлікке ұлғайды.
2017 жылы Ойтал ауылындығы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өттті.
Ауданымызда 2017 жылы Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал, Т.Рысқұлов ауылдық округтерінде шығынды аз қажет ететін «СтритВоркаут» алаңшалары салынды.
2018 жылы Ақермен, Тәтті ауылдық округтерінде кіші футбол алаңшасының құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындарына қызмет етуде.
2019 жылы Жаңатоған, Тәтті ауылдық округтерінде кіші футбол алаңшалары және Ақтоған, Ақарал, Андас батыр ауылдық округтерінде шығынды аз қажет ететін стритворкаут алаңшалары салынды.
2019 жылы Ақтоған ауылдық округі, Қазақ-Дихан ауылында мемлекеттік бюджет есебінен салынған жалпы білім беру мекемесінде типтік спортзалы, футбол алаңы, баскетбол алаңшасымен бірге пайдалануға берілді.
Аудандағы қолда бар 212 спорт нысандарының 59-ы ауылдық округтердің әкімшіліктерінде және мәдениет ғимараттарының бір қанатынан салынып, аудандық мәдениет бөліміне қарасты ғимараттар болса, 139 спорт нысаны білім мекемелеріне және 14 спорт нысаны спорт мекемелерінің теңгерімдегі ғимараттар болып табылады. 6 спорт нысан жеке меншікте.
Халықты спорттық нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың басында 212 спорт нысан (2017 жылы-194) таңдап алынып, халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану кестелері жасалынып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
№1 кесте Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері
| Көрсеткіш атауы | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| Спорт нысандары – барлығы бірл. | 194 | 209 | 212 |
| оның ішінде | |||
| – спорт сарайы | – | – | – |
| – стадиондар | 1 | 1 | 1 |
| – спорт залдар | 34 | 36 | 37 |
| – атқыштар тирі | 12 | 12 | – |
| – спорт алаңшалар | 101 | 109 | 121 |
| – футбол алаңдар | 38 | 38 | 40 |
| – арнайы – орнатылған спорттық залдар | 8 | 13 | 13 |
| – жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту, % | 28,6 | 29,1 | 30,0 |
| жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың саны, адам | 24090 | 24602 | 25432
|
| жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балаларды және жасөспірімдер саны | 1759 | 1942 | 2102
|
Ауданда 4 спорттық ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде 3 балалар –жасөспірімдер спорт мектептері және 1 аула клубы.
2019 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамту 30,0 % құрады, бұл 2017 жылдың деңгейінен 1,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Меркі ауданында олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрлері бойынша 18435 адам, олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлері бойынша 2888 адам, ұлттық спорт түрлері бойынша 3907 адам және 202 мүгедектер спорт түрлері бойынша спортпен шұғылданады.
Ауданда 2019 жылы дене шынықтыру және спортпен 25432 адам шұғылданады. Сонымен қатар 7-18 жас арасындағы жасөспірімдер мектептеріндегі, түрлі секцияларда, колледжде, аула клубы мен спорт мектептерінде 2102 жасөспірімдер жаттығуда.
Меркі ауданында орналасқан 37 жалпы білім беру мекемелерінде 221 дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейді. Оның ішінде 16 әйел адамы жұмыс істесе, барлық дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің 198 жоғары білімді, 15-і орта арнаулы білімі бар мамандар.
Аудан спортшылары 2017-2019 жылдары халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып, әр түрлі жүлделі орындарға ие болды.
2019 жылы бірнеше бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, олардың қатарында денсаулық фестивалі, спорт түрлерінен чемпионаттар мен біріншіліктер, «Спорт-денсаулық кепілі» айдарымен спартакиада, аудандық мектеп лигасы, аула ойындары, мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округтер, еңбекші жастар арасындағы жарыстар, сондай-ақ кәсіби мерекелерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар.
Ауданда дене шынықтыру мен спортпен айналысуға мүмкіндігі шектеулі адамдарды тартуда оңды алға ілгерілеу байқалады. Осы санаттағы тұлғалар арасында жылда әр түрлі спорттық шаралар өткізіледі. Ауданның
мүмкіндігі шектеулі спортсмендері әр түрлі облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға қатысты.
2019 жылы бұқаралық спортты дамытуға 7600,0 млн.теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуі;
· ауылдық округтерде спорт бойынша әдіскер-нұсқаушылар санының көбеюі; · түрлі бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізудің артуы; · аудан халқының дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылығының артуы.
|
· Алыстағы ауылдық жерлерде материалдық-техникалық базаның әлсіз деңгейі;
· қолданыстағы спорт ғимараттарының басым бөлігі жетілдірілген нормативтерге және техникалық пайдалану бойынша талаптарға, халықаралық реттемелерге, жарыстардың өткізу тәртіптеріне және оқу-жаттығу процестеріне сәйкес келмейтіндігі. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Ауданның инфрақұрылымында дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін мүмкіндіктерді жасау (спорт кешендерін, жабық спорт залдар, шағын-футбол, волейбол, баскетбол алаңдарың және т.б. құру);
· жоғары кәсіби кадрларды, санаты жоғары спортшыларды және ауданның лайықты спорттық резервін тәрбиелеу; · спортпен айналысу үшін қалалық және ауылдық инфрақұрылымда мүмкіндіктерді жасау: тұрғын үйлердің аулаларында, демалыс саябағында және т.б. жалпы пайдаланудағы қарапайым спорт ғимараттарының құрылысы. |
· Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуының төмен деңгейі;
· спорт ғимараттарының, спорт құрал-сайманының және ауылда жабдықтың жетіспеушілігі; · әлсіз материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымының тұрғысында спорт резервін дайындау және халықаралық санаттағы спортшыларды тәрбиелеу деңгейінің төмендігі.
|
Саланың проблемалары:
-материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі, сапалы спорттық саймандар мен жабдықтардың жоқтығы;
-балалар-жасөспірімдер мектептері мен аула клубтары желісінің жеткіліксіз дамуы;
-халық тығыз тұратын жерлер мен елдің жаппай демалатын орындарында спорт алаңдарының жеткіліксіздігі.
Туризм
Ауданда келушілерді орналастырумен айналысатын орналастыру орындарының саны 2019 жылы 8 бірлікті құрады, оларда 131 номер бар, бұл ретте бір мезгілдік сыйымдылығы 281 төсек-орынды құрайды.
№1 кесте. Туризмді дамыту көрсеткіштерінің динамикасы
| № | Көрсеткіш атауы | Өлш. бір. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| 1 | Орналастыру орындарында келушілерге қызмет көрсетілгендер саны | адам | 6632 | 7648 | 6907 |
| оның ішінде:
– резиденттер |
адам | 6632 | 7637 | 6894 | |
| – резиденттер емес | адам | – | 11 | 13 | |
| 2 | Орналастыру орындар саны | бірл. | 9 | 11 | 8 |
| 3 | Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі | млн. теңге | 68,4 | 57,2 | 62,3 |
Меркі ауданы бойынша туристтер үшін арнайы Жамбыл облысы Меркі ауданының туризмін дамыту Тұжырымдамасы әзірленді. Туристік маршрут 8 орынға барудан тұрады.
Жайлы климат, таулы өзен – жақсы денсаулықтың серігі. Санаторий жыл бойы жұмыс атқарады, кез келген маусымда ауруларды емдеу қолайлы өтуде. Заманауи ұйықтайтын және емдік корпустар жайлы жағдайларды жасауда. Ұйықтайтын нөмір, емдік, диагностикалық кабинеттер, асхана бір корпуста орналасқан. Кешенді емдік-сауықтыру процедуралары өте сирек родон минералды суының негізінде жасалады. Кәсіподақтық «Меркі» санаториясы
500 адамға арналған. Жылда санаторий жаздық кезеңде 100 %, күзде – 50 %, көктемде 30 %, қыста 20 % жұмыс істейді.
-№1 жаяу, атты маршрут «Сандық тас» ата бабалар алқабы, маршруттың ұзақтығы аудан орталығынан 50 шақырымды құрайды;
Сандық қорған қорымы тюркі дәуірі, (археол.) Меркі өзенінің жоғарғы жағында, Сандық үстіртінің аумағында орналасқан. Географиялық координатторы 43 T3452134726129. 1996 жылы А. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Меркі археологиялық экспедициясымен, ашылған және зерттелген. 2011 жылы ескерткіштерді жинақтау «Археологиялық сараптама» ЖШС экспедициясымен қайта зерттелген (А.Досымбаева, М.Бондарев). Алты тас үймесінен тұрады диаметрі 6 м. ден 12 м. дейін, биіктігі 0,3 м. ден 1,3 м. дейін. Үлкен қорғанда тонаушылық шұнқырдың іздері сақталған және қорған жанында қызыл граниттен жасалған әйел тас мүсіні табылды. Мүсіннің көлемі 1,1 м×38 м×28 см. Тас мүсіні барельеф, шыны тәрізді үлгіде орындалған. Мүсінде басы істеліп, денеден терең емес сопақ жырашықпен бөлінген, бас киімі көрсетілген. Бет келбеті бедерлі қағу техникасымен орындалған. Қөздері көрсетілмеген, мұрны қыр, ұзартылған.
-№2 жаяу, атты маршрут «Меркі» өзенінің бастауына маршруттың ұзақтығы аудан орталығынан 75 шақырымды құрайды;
-№3 жаяу, атты маршрут «Әулекөл Айдахар апаны», маршруттың ұзақтығы аудан орталығынан 55 шақырымды құрайды;
Қырғыз Алатауының тау бөктерінде, Тянь-Шанның бір арқауында, көп ғасырлары бойы Меркі қаласы бар, ол Ұлы Жібек жолының ең бір қызу трассасында пайда болған. Қала Меркі шатқалының жоғарғы жағындағы мұз айдынынан басталатын өзеннің жағасында салынған.
Әрі қарай туристтерге Ә.Ысмаилов көшесіндегі «Рождества Божьей Матери» 20 ғ. басы (архит.), ширкеуіне баруға болады. Географиялық координатторы 43T351640,872 4748206,569. 2011 жылы ескерткіштерді жинақтау «Археологиялық сараптама» ЖШС экспедициясымен зерттелген (А.Досымбаева, М.Бондарев).
Екінші қабат С.П.Пожарскидің «Ортағасырдағы Меркі ескі қаласы» сүретімен басталады, әрі қарай «Археология» бөлмесінде Меркі ескі қаласының және Меркі ауданындағы археологиялық қазба жұмыстары кезіңде А. Х. Марғұлан атындағы археология институтының профессоры А. Досымбаевамен табылған мыс қазаны сак кезеңі III ғ.б.э., және де керамикалық ыдыстар, түйіршіктер, ішетін сусындар мен ауыз су сақтайтын балшық ыдыстар және тағыда басқа Меркі ауданының ортағасырдағы заманналық тарихының заттары орналасқан.
«Этнография» бөлімінде этнографиялық-мәдени тұрмысы, ұлттық киім, ұлттық әшекейлер XIX ғ., құран кітабы, қалындық киімі және де табиғи материалдардан теріден, жүннен, ағаштан жасалынған үй керек-жарақтары орналасқан. Жауғаш, Сыпатай батырлардың бұрыштары, Өмен Қырғызбаевтың мұражайға сыйлаған аттын заттары орналасқан.
«Ұжымдастыру және ҰОС» арналған залда Меркі ауданының, алғашқы колхоз және совхоздардың құрылғаны туралы материалдар және Ұлы Отан соғысына, Ауған соғысына арналған бұрыштар бар. Сонымен қатар осында Меркі ауданының Социалистік еңбек ерлері, ауданның құрметті азаматтары, ауданның атақты қайраткерлері А. Асқаров, А. Смаилов, С. Ахтамбердиевтер туралы мәліметтер табуға болады.
«Тәуелсіз Қазақстан» залында аттары Қазақстан ішіне және сыртына шыққан Меркі ауданының атақты қайраткерлері туралы айтылған. Оның ішінде мәдениет, білім, денсаулық және спорт қайраткерлері. Мысалы: филолог Т. Қожакеев, профессор Н. Омашев, әнші және композитор А. Қоразбаев, дизайнер С. Асанова және басқалар.
2019 жылға Меркі ауданы бойынша орналастыру объектілерінің тізімі
| №
р/с |
Объект атауы | Басшысының АТӘ
мекен-жайі, телефон, факс, E–mail |
Нөмір саны | Төсек-орын саны |
| 1. | «Меркі» қонақ үйі | Т. Алимкулов
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Смаилова көшесі,256 тел. 8(72632) 2-18-83 |
42 нөмір |
84 |
| 2. | «Айсұлу» қонақ үйі | З. Койайдарова Меркі ауданы,
Меркі ауылы, Меркі шатқалы, б/н тел.: 8(72632) 2-77-38, 2-77-40 |
11 нөмір |
20 |
| 3. | «Көк-Көл» қонақ үйі | Б. Байдалықызы
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Меркі шатқалы, б/н тел.: 8(72632) 2-44-47 |
12 нөмір
|
24 |
| 4. | «Керуен» қонақ үйі | Е. Қалысбаев
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Сарымолдаево көшесі, 158 «в» тел. 8(72632) 5-15-91 |
11 нөмір |
22 |
| 5. | «Карима» қонақ үйі | ЖК «Х. Исраилов»
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Меркі шатқалы, б/н тел.: 87774210008 |
9 нөмір |
9 |
| 6. | «Престиж» қонақ үйі | ЖК «О. Ильина»
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Меркі шатқалы, б/н тел.: 4-50-26, 87055110501 |
21 нөмір |
32 |
| 7. | Қонақ үйі | ЖК «Г. Ермекбаева»
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Меркі шатқалы,б/н тел.: 87771043840 |
9 нөмір
|
13 |
| 8. |
«Батыр» қонақ үйі |
ЖК «Г. Алиева»
Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, Смаилов көшесі, 421 тел. 87016515058, 87754552126 |
20 нөмір |
30 |
| 9. | Гостиница | ИП «Б. Хасанбаев»
Меркенский район, с.Андас батыр, ул. А. Шотаева, 3 тел. 87755291967, 87057338000 |
5 нөмір
|
6 |
| 10. | Зона отдыха
«Туран» |
Т.Алимкулов
Меркенский р-н, с.Мерке, ущелье Меркенка б/н тел.: 87017307172 |
10 нөмір |
20 |
| 11. | Зона отдыха
«Space Yurt» |
А. Түйтебаева
Меркенский р-н, с.Мерке, ущелье Меркенка б/н тел.: 87029997491 |
6 нөмір | 12 |
| Барлығы: | 156 | 272 |
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Тартымды климат, бай және көркем табиғи әлеует, бай мәдени мұра;
· өсімдік және жануарлар әлемінің әртүрлілігі, бірегей ландшафтар мен таулы жерлер пейзаждары; |
· Туристік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы;
· сервистің төмен деңгейі; · кадрларды даярлаудың әлсіз деңгейі.
|
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру;
· халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; · ішкі және кіру туризмін дамыту.
|
· Қорғау шараларын қабылдамаған жағдайда қолданыстағы нысандарды және қорларды жоғалту мүмкіндігі;
· туризм саласында қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, жеке қаражаттың және инвестициялық қорлардың тапшылығы; · туристік бизнесте кәсіби мамандық деңгейінің төмендігі, туризм саласында қызмет көрсету сапасының және деңгейінің сәйкессіздігі. |
Саланың проблемалары:
– туристік өнімдерге жоғары бағалар:
– көптеген қонақүйлердегі көрсетілетін қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;
– сервистің деңгейінің төмендігінен қазақстандық және шетелдік туристерді тартудың жеткіліксіздігі және Меркі ауданының айтулы тарихи орындарға жетудің қиындығы;
– қызмет көрсету саласында және туризм индустриясы нысандарында білікті мамандардың жоқтығы, кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін жоғарылатудың әлсіз деңгейі.
2.4. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі
Қауіпсіздікті нығайту және құқық тәртібін қорғау, қылмыспен күресу ауданның әлеуметтік дамуынның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
2017-2019 жылдары ауданда тіркелген қылмыстар санының төмендеуі байқалуда. 2017 жылы – 617, 2018 жылы – 429, 2019 жылы тіркелген қылмыстар саны – 334.
2019 жылы аудан бойынша тіркелген қылмыстар саны 2018 жылмен салыстырғанда -22,1 % төмендеген (429 дан 334 дейін), ал 2017 жылмен салыстырғанда 53,1 % төмендеп отыр (617 ден 334 дейін).
2017-2019 жылдары қылмыстардың ашылуы пайыздары жақсарды, 2017 жылы – 59,2 %, 2018 жылы – 54,0 %, 2019 жылы – 75,0 % құрады.
Сонымен бірге, 2019 жылы Меркі АПБ-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен азаматтардың қоғамдық және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қабылданды.
Қабылданған «Фазенда», «Құқыққорғау», «Есеп», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Көше» атты оперативтік алдын-алу іс шаралары арқылы, қылмыстардың өсу беталысы төмендеп, жедел-қызметтік әрекеттін негізгі бағыттарының көрсеткіштері жақсарды.
Одан басқа оқу мекемелеріндегі оперативтік жағдайды жақсарту, қылмыс және құқық бұзушылықты ескерудің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған бір қатар іс-шаралар өткізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2017-2019 жылдары қоғамдық орында жасалған қылмыс -18,8 % ( 85 тен 69 дейін), көшеде жасалған қылмыс -27,8 % ( 54 тен 39 дейін) және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс -71,4 % төмендеді ( 7 ден 2 дейін).
Бұдан басқа төменгідей қылмыс түрлерінің төмендеуіне қол жеткізілді аса ауыр қылмыс (-12,5 %, 8 ден 7 дейін), орташа қылмыс (-52,2 %, 408 ден 195 дейін), онша ауыр емес дәрежедегі қылмыс (-31,6 %, 76 ден 52 дейін).
Патрулденген маршруттарда, қоғамдық жерде немесе көшеде жасалған әрбір қылмыс бойынша, қылмыс жасауды туғызатын себептерін және жағдайын анықтау мақсатында міндетті түрде қызметтік тексерулер жүргізілді.
№1 кесте. Тіркелген қылмыстардың динамикасы
| Атау | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл | |||
| Саны | % | Саны | % | Саны | % | |
| Тіркелген қылмыс, барлығы | 617 | 100 | 429 | 100 | 334 | 100 |
| оның ішінде: | ||||||
| ауыр | 53 | 75,0 | 38 | 71,7 | 43 | 90,0 |
| аса ауыр | 8 | 75,0 | 12 | 75,0 | 7 | 100 |
| орта дәрежедегі | 408 | 52,9 | 265 | 41,8 | 195 | 65,5 |
| онша ауыр емес дәрежедегі | 76 | 61,3 | 56 | 61,0 | 52 | 80,4 |
| Оның ішінде: | ||||||
| кісіге қасақана қаза келтіру | 2 | 66,7 | 3 | 100,0 | 5 | 100 |
| денсаулыққа ауыр дәрежедегі жарақат келтіру | 5 | 80,0 | 6 | 100,0 | 6 | 100 |
| зорлау | – | – | – | |||
| қарақшылық (разбой) | 2 | 3 | 33,3 | 2 | 100 | |
| алаяқтық | 8 | 90,9 | 3 | 100,0 | – | |
| тонау (грабежи) | 2 | 100 | 4 | 100,0 | 4 | 75,0 |
| ұрлық | 6 | 33,3 | 9 | 18,2 | 11 | 91,7 |
| бұзақылық | 1 | 1 | 100,0 | 3 | 200,0 | |
| есірткі сату немесе өткізу | 24 | 84,0 | 14 | 76,9 | 6 | 80,0 |
№2 кесте. Қылмыстың ашылу деңгейінің динамикасы, %
| Наименование | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| Қылмыстардың ашылуы, оның ішінде | |||
| ауыр қылмыстар | 75,0 | 71,7 | 90,0 |
| аса ауыр қылмыстар | 75,0 | 75,0 | 100 |
| кісіге қасақана қаза келтіру | 66,7 | 100,0 | 100 |
| денсаулыққа ауыр дәрежедегі жарақат келтіру | 80,0 | 100,0 | 100 |
| зорлау | 100,0 | 100,0 | 100 |
| қарақшылық (разбой) | 0,0 | 33,3 | 100 |
| тонау (грабежи) | 100,0 | 100,0 | 75,0 |
| ұрлық | 33,3 | 100,0 | 91,7 |
| бұзақылық | 0,0 | 18,2 | 200,0 |
| есірткі сату немесе өткізу | 84,0 | 100,0 | 80,0 |
| алаяқтық | 90,9 | 76,9 | 100 |
Қылмыстар туралы түскен хабарларға уақтылы бару және «ізін суытпай» қылмыскерлерді ұстау мақсатында жол патрульдік полициясының жаяу бөлімшелері нарядтарын қылмыстар жасалуға бейім маршруттарға қою үшін олардың тығыздығы ұлғайтылған.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу саласында соңғы жылдары өзін ақтап отырған «мектеп» инспекторлары институтын дамыту жалғасуда. Бүгінгі таңда аудан мектептерінде 10 «мектеп» инспекторлары жұмыс істейді, олар алдын алу кеңестерінің, ата-аналар комитеттерінің жұмысына және жиналыстарына белсене қатысады, балалар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізеді.
2011 жылдың қантар айында ІІМ кеңейтілген алқа мәжілісінде мемлекет басшысының елде қылмыстардың жағдайының нақты статистикасын құру қажеттілігі туралы берген нұсқамасы, шын мәнінде саяси шешім болуда, осыған сәйкесІшкі істер министрлігі Бас прокуратурамен бірлесе отырып қылмыстар туралы барлық арыздар мен хабарламаларды толық және объектівті тіркеуге алу бойынша қатаң курсын жүргізуде.
Аудан көлемінде жасалған қылмыстардың нақты статистикасы адекватты жауап қайтару шараларының шығаруына және осылайша қылмыстын мемлекеттік бақылауын арттыруға мүмкіндік береді.
Басқа жағынан азаматтарға Конституциямен кепілденген әділ сотқа қол жеткізугемүмкіндік береді, оның бастапқы кезеңіқылмыстарды тіркеу және арыздар мен хабарламаларды есепке алу болып табылады.
Аудандағы құқықтық тәртіптің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарының қылмыстық қауіп-қатеріне бір қатар елеулі өзінше маңызды сыртқы және ішкі факторларлар әсер етуін жалғастыруда.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысына байланысты,экономикадағы қиындықтар,жұмыспен толық қамтылмаған халық бөлігі, әсіресе жастар, қылмыстын өсуінің бір себептері болып табылуда.
Оперативтік жағдайды қиындататын ен ауыр фактор, ол ұрлық. Жалпы қылмыстық істер құрылымында, бірнеше жылдар ішінде олар жартысын құрайды, оның әр екіншісі ашылмай қалады. Әр үшінші тіркелген ұрлық – пәтер ұрлығы.
Жамбыл облысында жабай қарақұрайдың үлкен аумақтарының бар болуы, есірткі заттарды өндірудің меншікті шикізат базасы болып табылып жағдайды шиеленістіруде.
Аудан көлемінде есірткеге байланысты 2017 жылы 24 қылмыс, 2018 жылы 14 қылмыс, 2019 жылы 6 қылмыс айқындалды немесе – 75,0 % төмендеген.
Жол-көлік кешені күрделі жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және қазіргі заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттарының өсу қарқыны көше-жол желісінің даму қарқынынан басым. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының елеулі бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, көлік жүретін бөлігі енін ұлғайтуды, оларды тосқауылдық қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды талап етеді. Жергілікті мәндегі жолдар өте қанағаттанғысыз жағдайда.
Аудан бойынша тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 2017 жылы – 74, 2018 жылы – 68, 2019 жылы – 63.
2019 жылы жол көлік оқиғаларының саны 2018 жылмен салыстырғанда
-7,3 % төмендеді. (ЖКО – 7,3 % төмендеді, 68 ден 63 дейін, жарақат алғандар -23,0 % төмендеді 104 тен 80-ге дейін және қайтыс болғандар 41,1 % төмендеді бір деңгейде 17 ден 10 дейін).
Сараптамаға байланысты, жол көлік оқиғаларының 80% жүргізушілердің тәртіпсіздігінен орын алуда.
2019 жылы ауданның автокөлік жолдарындағы апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында бір неше рет «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші» атты алдын-алу іс шаралары жүргізілді.
Құқық бұзушылықтын алдын алу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ауданда жалғасуда және АІІБ басшыларының тұрақты бақылауында болуда.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын және еркіндігін қорғау бойынша жағдайлар жасау. Қылмыс жөніндегі барлық арыздар мен хабарламалардың толық тіркелуі және есепке алынуы;
· ІІМ ұрлықтармен күресу бойынша ведомствалық бағдарламасын жүзеге асыру; · полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік дайындық деңгейін, жауынгерлік қабілеттілігін және кәсібилігін арттыру; · полиция «мектеп» инспекторларының институтын одан әрі дамыту.
|
· Қылмыс туралы барлық арыздарды және жүгінуді толық тіркеу және есепке алу негізінде полиция қызметкерлеріне жүктеме артты, бұдан ішкі істер органдарының негізгі қызметтерінде кәсіби мамандардың жылыстауын және олардың тұрақтамауын алдын алады;
· ІІБ тіркеуде тұрған тұлғалардың ішінде отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылық алдын алу бойынша шаралардың жетіспеушілігі; · тұрмыстық маскүнемділік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алуының шешілмеуі; · қиын тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің және сауықтырудың жеткіліксіз деңгейі; · облыстың ішкі істер органдарының типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмегендігі және қолданыстағыларын қайта құру қажеттілігі; · қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі және полиция бөлімшелерінің оқыту базасының болмауы; · балалардың бос уақытын ұйымдастыратын нысандардың, қайтарымсыз аула клубтарының, үйірмелердің, спорттық секциялардың жеткіліксіздігі. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Қылмыспен күресуде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;
· ақпараттандыру жүйесі мен электрондық дерекқор базасын жетілдіру және құру; · құқық бұзушылардың және қылмыстардың санын өсуін ескерту бойынша заманауи шараларды қабылдау; · оңтайландырылған сотқа дейінгі істі қолдану саласын кеңейтудің қажеттілігі; · заңсыз көші-қонның арнаны кесіп өтуін анықтау мақсатында халықаралық және республикалық шұғыл-профилактикалық «Мигрант», «Заңсыз» шараларын өткізу; · лаңкестік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін анықтау және құрықтау, әкелім, діни-экстремистік әдебиетін және басқа заттарды тарату арналарын жабу шараларын жүргізу. |
· Бірыңғай экономикалық кеңістіктің аумағында Кедендік одақтың дамуымен қылмыстық топтастырулардың белсенді шоғырланудың қауіпі өсуде, халықаралық қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын ауған героинінің транзиті және қылмыстық табыстарды жасыру үшін пайдаланудағы әрекеттерінің күшеюі. Ауғанстаннан есірткілер, еуропалық елдерден түрлі синтетикалық есірткілер контробандалық жеткізілімнің ұлғаюы;
· Қазақстанмен шектес мемлекеттердің тұрақсыз қоғамдық-саяси ахуалы көші-қон ағындарының және олармен байланысты қылмыс өсіміне ықпал етеді; · дәстүрлі емес экстремистік ағымды білдіретін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі; · Қазақстаннан білікті кадрлардың кетуі, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің біліксіз жұмыс күшінен тұратын еңбек миграциялары жосқындарының Рессейден Қазақстанға қайта бағыт алуы. |
Саланың проблемалары:
– мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының және қылмыстарды ашу бойынша арнайы операциялар санының жеткіліксіздігі;
– жол қозғалысына қатысушылардың төмен көліктік тәртібі;
– республикалық жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық бақылау құралдарының жоқтығы;
– жиі қалааралық жолаушылар тасымалының болуы;
– облыстық, аудандық мәндегі жолдарға және аудан орталықтарының көше-жол желілеріне қызмет көрсететін жол-патрульдік полиция қызметкерлері санының жеткіліксіздігі.
Қоғамдық қауіпсіздік
Әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық және геодинамикалық жағдайлар Жамбыл облысы аумағының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауын алдын ала анықтайды.
Меркі ауданындағы азаматтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін жеке құрамы 501 адамнан тұратын 19 құрылым жұмыс атқарады, оның ішінде шұғыл әрекет ету жасағы (1/60), штаттық апаттық-құтқару құрамалары (12/92), аумақтық құрамалар (23/649) және объектілік құрамалар (46/205).
№1 кесте. Облыс аумағындағы төтенше жағдайдар динамикасы
| Көрсеткіштер | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | |||
| облыс | аудан | облыс | аудан | облыс | аудан | |
| төтенше жағдайлар және оқиға саны, барлығы | 982 | 33 | 969 | 37 | 976 | 43 |
| зардап шеккендер саны, барлығы | 337 | 9 | 321 | 1 | 266 | 1 |
| қаза болғандар саны, барлығы | 65 | 3 | 64 | 1 | 38 | 5 |
| материалдық зиян млн. теңге | 93,4 | 1,4 | 157,2 | 8,9 | 99,9 | 1,06 |
Барлық техногендік төтенше жағдайлардың 80%-ы тұрмыстық және өнеркәсіптік өрттер құрайды.
2019 жылғы алдын-алу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, төтенше жағдайлар мен оқиғалардың өсуімен, жарақат алғандар мен қаза болған адамдардың көбейгені байқалады.
Жер сілкіністері
Ауданның таулы бөктері бөлігі табиғи және ауа райы жағдайы жағынан қоныстауға ең қолайлы, онда аудан халқының 70% орналасқан. Аудан өнеркәсібі әлеуетінің 85 %, негізгі көліктік магистральдары, сонымен қатар бұл ауданның жиі қоныстанған бөлігі күштілігі 8 баллдық жойқын жер сілкінісі аймағында орналасқан.
СНиП РК 2-03-30-2006 бойынша күштілігі 8 баллдық жойқын жер сілкінісі аймағында жалпы халқы 47189 адамды құрайтын Меркі ауданының 13 елді мекені орналасқан. Жер сілкіністері шаруашылық комплекстерінің , тұрғын үй қорының қиратуына әкеледі, сонымен қатар екінші қайтара факторларды шақырады: мұнай сақтау, жылы қуат өндіру нысандарындағы өрттер халық арасындағы шығындардың өсіміне жол береді.
Ауданда технологиялық процесінде аммиак, хлор атты қатты зиянды заттарды қолданатын 1 нысан жұмыс атқаруда. Авариялық жағдайда бұл зиянды заттар Меркі ауылы және бір қатар ауыл тұрғындарының зақымдалуына қауыпты жағдайлар туғызу мүмкін. Зақымдалуына қауыпты
аймақта орналасқан ауданның жалпы аумағы 30 шаршы шақырымды құрайды. Ең ауыр зардаптар Сарымолдаев және Ойтал ауылында болуы ықтимал, ондағы 1500 аудан тұрғындары зақымдалуына қауыпты аймақта қалуы мүмкін.
Ауданда салынып жатқан ғимараттар мен денсаулық сақтау, білім беру және т.б. нысандарын сейсмикалық күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде.
№2 кесте. Меркі ауданы аумағындағы сейсмикалық күшейтуді қажет ететін қоғамдық өндірістік нысандары
| Қала, аудан атаулары | Сейсмикалық күшейтуді қажет ететін қоғамдық және өнеркәсіптік объектілер саны | ||
| Білім беру объектілері | Денсаулық сақтау объектілері | Басқа қоғамдық нысандар | |
| Меркі | 4 | 1 | 1 |
| Барлығы: | 4 | 1 | 1 |
2018-2019 жылдары Меркі ауданы, Ақтоған ауылы, Қазақ Дихан ауылында № 33 жалпы білім беретін мектеп құрылысы жүргізілді.
№3 кесте. Апатты (ескі) нысандар
| Білім беру объектілері (мекетептер, бала бақшалар және т.б.) | Денсаулық сақтау объектілері | Қоғамдық нысандар | ||||||
| саны | аумағы мың. м2 | Ондағы адамдар саны (адам) | саны | аумағы мың. м2 | Ондағы адамдар саны (адам) | саны | аумағы мың. м2 | Ондағы адамдар саны (адам) |
| 1 | 98 | 64 | – | – | – | 26 | 89738,2 | 52 |
Тасқын және су басу
Меркі ауданы аумағында 5 тасқынға қауіпті аймақтар бар. Тас-балшық сел ағыстары мен селден кейінгі су тасқынының өту қаупі 5 өзен бассейндерінде (Меркі, Аспара, Талды-бұлақ, Түзу-Сұрат, Молалы өзендері) бар.
Аудан аумағындағы сел қаупі бар кезең жыл сайын сәуір айының 3-ші онкүндігінен шілде айының 3-ші онкүндігіне дейінгі аралықта болады.
Бұл ретте 5 елді мекен орналасқан аумақ бөлігіне селдердің әсер етуі мүмкін (1,3 мың адам), 8 нысан, 4 автокөпір, 2 теміржол көпірі.
№ 4 кесте. Сел қауіпті аумақ сипаты
| Аудан атауы | ТЖ аймағына кіретін объектілер саны | ТЖ аймағына кіретін тұрғын үйлер саны | ТЖ аймағына тұратын немесе жұмыс жасайтын халық саны, адам |
| Меркі | 311 | 304 | 2989 |
| Барлығы: | 311 | 304 | 2989 |
2019 жылдың қазан айында жүргізілген түгендеу жұмыстары бойынша Меркі ауданының аумағында 24 су тоғаны, 1 су қоймасы тіркелді Ленинжол, барлығы облыстық меншікте, 1 – жеке меншікте, иесіз су қоймалар тіркелген жоқ. Су қоймаларын суға толуына және істен шығуына су шаруашылығы объектілері иелерінің күнделікті бақылауы белгіленген.
Меркі ауданында су тасқыны қауіпі бар жерлерде 2 мың 989 адам тұрады және 615 тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени және өндірістік объектілер орналасқан.
Аймақтар мен тұрғындарды су басу мен су тасқындарынан қорғау үшін Меркі және Аспара өзендерінде және «Кеңес-4», «Ақермен-1», «Ақермен-2», «Мыханды», «Колтоған-1», «Колтоған-2» су қоймаларында жағалауды нығайту, гидротехникалық құрылғылардың беріктігін арттыру, су шаруашылығы нысандарын күшейту бойынша алдын-алу іс-шаралар кешені іске асырылған.
Гидрологиялық және селдік ахуалға бақылау «Казселденқорғау» ММ ЖОЭУ 2 бекетімен жүзеге асырылады.
Табиғи өрттер.
Аудан аумағы табиғи өрттерге бейім. Жыл сайын ауданның жануарлар және өсімдік әлеміне экологиялық залал әкелетін шамамен 50 жану оқиғалары орын алады.
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің өртке қарсы қызметінің қарамағында аудандағы 45 ауылдық елді мекендердің 24-сін ғана қорғай алатын 1 өрт сөндіру депосы бар, сонымен бірге 18 мың 352 астам тұрғыны бар 20 елді мекенде өртке қарсы қызмет мүлдем жоқ. Ең нашар ахуал ауылды жерлерде орын алған, онда 20-дан астам қашық елді мекендер өртке қарсы қорғаныспен қамтамасыз етілмеген, ал ең жақын өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі арақашықтық көбінесе 50 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтықты құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің мұндай қашықтығы өртке жедел әсер ету мүмкіндігін болдырмайды.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта шалғай ауылды жерлердің елді мекендерінде өртке қарсы қорғаныс құру мәселесі өте маңызды, яғни «Қала құрылысы. Қала және елді мекендерде құрылыстарды жоспарлау және салу» 3.01-01-2008 ҚР СНжЕ 16.7 тармағына сәйкес өрт сөндіру деполарының қызмет көрсету радиусы 3 шақырымнан аспауы қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтарындағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімдерінің қалалар мен елді мекендер аумағында орналасуы келесі шарт бойынша жүргізілуі тиіс: қалаларда бірінші өрт бөлімшесінің шақырылған жерге келу уақыты 10 минуттан аспауы, ал елді мекенде – 20 минуттан аспауы тиіс.
Ауданның ауылдық округтерінде құрамында 314 адам бар 35 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған, олардың құрамында 37 тіркемесі бар тракторлар, 11 су тасығыш машина бар. 315 бірлік хлопушкалар мен 260 өрт сөндіргіш құралдар дайындалған.
Соңғы кездері орын алған өрт оқиғаларына жүргізілген талдау нәтижесі, сондай – ақ олардың даму динамикасы, көптеген жағдайда жанудың үлкен аумаққа таралуы мен адамдардың қаза болуына себепші болуына өрт сөндіру бөлімдерінің шалғай орналасуына байланысты жанудың уақтылы сөндірілмеуі, көптеген ауылдық жерлерде өртке қарсы су жүйелерінің болмауы, ерікті өртке қарсы құрылымдардың өртті сөндіруге қажетті өрт және бейімделген техникамен жабдықталмауы және алғашқы өрт сөндіру құралдарының жеткіліксіздігі ықпал еткен. Бұдан басқа, ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы құрылымдарды жинауға бірнеше сағат кетеді, шаруашылық субъектілеріндегі өртті сөндіруге арналған техника өрт орнына уақтылы келмейді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Табиғи өрттің пайда болуы және көктемгі тасқын қауіпі кезеңінде қар қорының еруі ошақтарын алдын-ала анықтау бойынша ғарыштық мониторингтің болуы;
· «Қазгидромет» ақпарат құралдары бойынша ауа райы жағдайы мониторингінің болуы; · байланыс операторларымен аудан халқы үшін СМС құралдары арқылы дауыл туралы ескерту хабарламаларын жіберудің болуы. |
· Халыққа қауып-қатер немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болуы барысында шұғыл ақпаратты халыққа толық көлемде жеткізуді хабарлау жүйесінің жарамсыздығы;
· апат және табиғи апат аймақтарында жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғаныс (АҚ) қызметінің құрылымында жедел құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен және жарақтармен төмен жабдықталуы. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа АҚ және ТЖ саласында үгіт-насихат жұмыстарын кең көлемде жүргізу, әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер мен іс-әрекеттер жөнінде көрнекі құралдарды тарату ТЖ шығынын азайтуға мүмкіндік береді;
· өрт сөндіру бекеттерінің санын көбейту және дамыту табиғи өрттердің шығынын азайтады, сонымен қатар аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді; · су тасу қауіпті учаскелерінде инженерлік қорғау іс-шараларын жүргізуге, гидро құрылғыларын жетілдіру және жүйелік жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес қаражат бөлу; · төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың өмірін қамтамасыз етуге кепіл болу үшін облыс әкімі мен қалалық және аудан әкімдерінің материалдық-техникалық қорын нығайту.
|
· Ауданның сейсмикалық аудандастыру картасына, сейсмикалық күшейту жұмыстарына қаражаттың болмауына байланысты, жойқын жер сілкінісі кезінде адам өмірін қорғау мүмкіндігінің жоқтығы;
· су басу және су тасқыны учаскелерінде әлеуетті қауіпті нысандардың болуы, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға қауіп төндіреді, бұл жағалауларды күшейту және қорғау жұмыстарын жүргізуді қажет етеді; · су тасқынына және селге қарсы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарына, технико-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге әр түрлі бюджеттік іс-шаралардан қаражаттың болмауы; · авариялар мен табиғи апаттарды жоюға және қарсы іс-шараларға кешенді шаралардың толық көлемде жүргізілмеуі; · плотиналардың жағдайын зерделеуге және оларды күшейтуге қаражаттың жетіспеушілігінен, техногендік авариялар адамдардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді; · заманауи жеке қорғану құрылғыларын қамтамасыз етуге қаражат бөлмеу аумақтың химиялық улануы жағдайында адамдардың өміріне зиян келтіреді; · заманауи қосалқы қорғану басқару пунктерінің құрылысына қаражаттың болмауы. |
Саланың проблемалары:
– сейсмикалық қауіпті аудандардағы ғимараттар мен құрылғылардың құрылысын сейсмикалық қауіпті нормаларға сәйкес салу;
– қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың тірек конструкцияларын облыстың сейсмикалық тәуекелдігін ескере отырып күшейтуді көздейтін өңірлік сейсмокүшейту бағдарламасын әзірлеу;
– күрделі жөндеу, апатты үйлерді бұзу;
– Меркі және Аспара өзендерінің жаңадан анықталған учаскелерінде тереңдету және жағалауды күшейту жұмыстарын жүргізу;
– мамандандырылған ұйымдармен селге қарсы қорғаныс құрылғыларын салудың орындылығы туралы ұсынымдар бере отырып ауданның сел қауіпті аймақтарын тексеруді жүргізу;
– сел қаупі бар аумақтарында гидробекеттер салу, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ ЖОЭУ-нің жаңа учаскелерін ашу қажеттігі;
– тұрмыстық және орман дала өрттерін сөндіру, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылдық округтерде, бірінші кезекте 50 шақырымнан астам шалғайдағы елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрылымдар құру және оларды жеке құрамды жеткізуге арналған өтімділігі жоғары автомобильдермен, су тасымалдау техникасымен (суару машиналары, әмбебап өрт сөндіргіш жартылай тіркемелер), арнайы жабдықтармен және саймандармен жарақтандыру;
– табиғи және техногенді сипаттағы (ЖКО, жарылыстар және т.б.) төтенше жағдайлар кезіндегі бірінші кезектегі апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қажеттілік нормаларына сәйкес қажетті техникалық ресурстар санымен (гидравликалық апаттық құтқару құралы және жабдығы, заманауи апаттық құтқару техникасы және т.б.) жарақтандыру;
– ҚР Үкіметінің 27.06.2007ж. №542 қаулысын орындау үшін халқының саны 5 мың және одан астам адамды құрайтын шалғай елді мекендерде өрт бекеттерін кезең-кезеңмен құруға, оның ішінде көшпелі өртке қарсы техника және жабдықтар, ЕӨҚ мүшелері үшін арнайы киім және құрал-сайман сатып алуға қаржы бөлу.
3-БАҒЫТ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
3.1. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
2019 жылы құрылыс қызметін 9 шағын мердігер ұйымдар жүзеге асырды.
2019 жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 4,8 млрд. теңге, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 24,9 % төмендеп отыр. 2017 жылы атқарылған құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 6,8 млрд. теңге, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсіп отыр. 2016 жылы – 3,1 млрд. теңге (2015 жылдың деңгейінен 27,7 %-ға төмендеген).
Меркі ауданында 2017-2019 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен 88,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді.
№ 1 кесте. 2017-2019 жылдары аудан бойынша іске қосылған тұрғын үй көлемі
шаршы. метр
| № | қала/аудан | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| 1 | Меркі | 27272 | 29352 | 31336 |
Жалпы аудан орталықтары тұрғын үй құрылысын дамытуға қажетті қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар елді мекендер бас жоспарларының бөлігі түзетуді қажет етеді. Талдап тексеру үшін аудан орталықтарының егжей-тегжейлі жоспарлауын әзірлеуді қажет етеді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілуі;
· құрылысты арзандатуға мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған үй-құрылыс комбинаттарының болуы.
|
· Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі;
· халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігі; · ауданның құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрылыс қажеттілігін қамтамасыз етудегі қабілетсіздігі; · құрылысқа берілген учаскелер үшін коммуникация құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі; · салада білікті еңбек ресурстарының жеткіліксіздігі; · Аудан бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету төмендігі. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі және ЖҚЖК-2020 Бағдарламаларын жүзеге асыру;
· құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту үшін қомақты әлеуеті;
|
· Саланы қаржыландырудың қысқаруының нәтижесінде, халықтың баспанаға деген қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
· құрылыс материалдарының қымбаттауы, бұл тұрғын үйдің бағасына әсер етуі.
|
Саланың проблемалары:
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Сумен жабдықтау
Аудан бойынша су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 361,7 шқ құрайды.
2017-2019 жылдары ұзындығы 12,4 шақырым жаңа су құбырымен жабдықтау жүйелерін салу және бұрынғы қолданыстағы ауыз су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Ауданда жыл сайын су құбырлары желілерін модернизациялау бойынша іс-шаралар атқарылуда. Есепті кезеңде су құбырлары желілеріндегі тозу 2017 жылы 72,0 % тозған, 2018 жылдары 78,0% тозған, 2019 жылғы 78,0% құрады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген тұрғындар үлесі аудан бойынша 72,7 % құрайды (1 кесте).
№1 кесте 2017-2019 жылдары облыстың елді мекендерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі
| Атауы | өлш. бірл. | 2017 ж. |
2018 ж
|
2019 ж. |
| Орталықтандырылған сумен жабдықтау қол жетімді халық үлесі | % |
68,2 |
68,2 |
72,7 |
| Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған елді мекендер | елді мекен | 30 | 30 | 32 |
Аудан аумағында 2017 жылы бөлім тарапынан Меркі ауылына қарасты Мұхамеджанова көшесіне су құбырын салу мақсатында «ДТА и К» ЖШС – мен 3,1 млн. теңгеге келісім шарт жасалып, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді.
«Ақ-Бұлақ» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылының ауыз су жүесінің құрылысы 2018-2020 жылдары жүргізілуде.
Ауданда коммуналдық қызмет түрлерін көрсететін 2 мекеме бар, олар «Меркі су» ЖШС, «Мөлдір су» ЖШС, аудан тұрғындары үшін тариф 98,46 тг/м3 құрайды.
2019 жылы аудан бойынша суды есепке алу жеке құралдарымен қамтамасыз етілу 33,7% құрады (2 кесте).
№2 кесте. 2017-2019 жылдары аудан халқын суды есептеу құралымен қамту деңгейі
| Атауы | Өлш. бір. | 2017ж. | 2018ж. | 2019 ж. |
| Ауылдық елді мекендердегі халықты жеке суды есептеу құрылғысымен қамту | % | 33,7 | 33,7 | 33,7 |
2017-2019 жылдарға аудан бойынша 45 елді мекеннің 32-ы орталықтандырылған ауыз сумен, ал 13 елді мекені орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған. Ауыз су құбырының жалпы ұзындығы 361,67 шақырым, оның ішінде 316,2 шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. «Меркі су» ЖШС-нің тарифі ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін тұрғындарға су есептегіш құралымен 98,46 теңге, заңды тұлғаларға 171,49 теңге, ал су есептегіш құралсыз адам басына 419,44 теңге.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламаның шеңберінде ауданның елді мекендерінде сумен жабдықтау және су бұру бойынша жобаларды жүзеге асыру;
· халықтың сапалы ауыз суға қол жетімділік көрсеткішін 72,0%-ға дейін жетуі;
|
· Апаттар салдарынан, жоғалтулар, ішуге жарамды су сапасы деңгейінің төмендігінен тозған нысандардың, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің болуы;
· сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жаңа құрылысына, жұмыс істеп тұрғандарын қайта құруға мемлекеттік және жеке инвестицияның жеткіліксіздігі; · сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындардың басым бөлігінде қызметтерге қолданыстағы тарифтер, жүйелерде қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін шығын есесін өтемиді; · аудандардың басым бөлігінде берілетін судың сапасын бақылайтын зертхананың болмауы; · ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйелерінде қызмет көрсететін кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі; |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік беретін өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру;
· тұщы жер асты суының жаңа кен орындарын игеру; · сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазалауға және су дайындайтын шығындардың артуы; · заманауи тиімді технологияларды енгізу; · материалдық-техникалық базаны жабдықтау жолымен пайдалануға беру қызметін жетілдіру.
|
· табиғи тозу себебінен жабдықтың бұзылу мүмкіндігі;
· сумен жабдықтау және су бұру нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, бұл ұзақ мерзімге пайдалану нәтижесінде қалыптасқан; · қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
|
Жолдар мен көлік
Меркі ауданының көлік жүйесі транзиттік жүйедегі маңызды бөлік болып табылады, сондай-ақ көрші Қырғыз Республикасына шығады. Меркі ауданы арқылы өтетін маршруттар халықаралық көлік дәліздері жүйесіне енгізілген.
Жеткілікті бай және әртүрлі табиғи ресурстардың болуы дамыған өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешенмен бірге ауданда өзіндік жүк және жолаушылар ағымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ішкі өңірлік және транзиттік тасымалдаудағы қажеттілік барлық көлік түрлерімен қамтамасыз етіледі: автомобиль, теміржол.
Автомобиль жолдары
Меркі ауданының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 344,4 шақырымды құрайды, оның ішінде: республикалық мәндегі – 178,0 шқ (51,7%); облыстық мәндегі – 70,5 шқ (20,5%); аудандық мәндегі – 95,9 шқ (27,8%). Жергілікті мәндегі жолдар 218,0шқ. құрайды. Оның қатты жабындымен – 133,6 шқ., қиыршық тасты –5,2 шқ., сонымен бірге 4 көпір және 106 су өткізгіш құрылғылар орналасқан.
№ 1 кесте.
| Көрсеткіш атауы | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. |
| Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, шм | 83,2 | 80,4 | 86,3 |
Ауданның автожолдар желісі жалпы жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті. 2018 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарының техникалық жағдайы көрсеткіштерінің ара қатынасы мынадай:
Меркі ауданы «Алматы – Ташкент – Термез», «Меркі – Шу – Бурылбайтал», «Қырғызстан Республикасына батыстан кірме жолы» республикалық мәндегі автомобиль жолдарымен байланысқан. Ең көп қолданылатын автожолдар «Алматы-Ташкент-Термез», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» және «Қырғызстан Республикасына батыстан кірме жолы» болып табылады.
Меркі ауданының аумағы арқылы өтетін негізгі транзиттік дәліз – республикалық мәндегі «Алматы-Ташкент-Термез («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» қайта жаңғыртылған учаскесі), Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясымен және ҚХР-мен қосатын «Меркі-Шу-Бурылбайтал» («Алматы-Екатеринбург» автожолына қосылады) автожолдары.
Автомобиль көлігі ауданның ішкі және оның сыртында жолаушылар мен жүк тасымалының негізгі түрі болып табылады. Ауданда жолаушыларға қызмет көрсетумен «Меркі жолаушы» ЖШС айналысады, 24 автобус және шағын автобус іске қосылған. Аудан бойынша 45 елді мекеннің, 40 елді мекені қоғамдық көлікпен қамтылған. 5 елді мекеннің халық саны 100-ге жетпейді Меркі ауданы бойынша елді мекеннің қоғамдық көлікпен қамтылуы 100 %.
2017 жылға жалпы автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізуге бөлінген қаржы 538,6 млн. теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 514,0 млн. теңге, аудандық бюджеттен 24,6 млн. теңге. Есепті кезеңде Меркі ауданы аумағында «Беларық-Аспара» 1 уч. 0-6,7 шқ, «Беларық-Аспара» 2 уч. 0-14,9 шқ, «Беларық-Аспара» 3 уч. 0-6,77 шқ, «АБЗ-ға кірме жол» 0-1,9 шқ және аудандық мәндегі автомобиль жолдарының 42,5 шақырымына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылға жалпы автомобиль жолдарына бөлінген қаржы 757,5 млн. теңге. Оның ішінде аудандық мендегі автомобиль жолдар яғни «Беларық-Аспара» 1 уч. 0-5 шқ, «Беларық-Аспара» 2 уч. 0-10 шқ, «Андас-Гранитогорск» 10 шқ автомобиль жолдарына және 21 ауылішілік мәндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2019 жылы аудандық маңызы бар Ойтал – Қызыл Кишлак 0-19 шқ автомобиль жолына орташа жөндеуге 197,4 млн. теңге қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Андас батыр – Гранитогорск 12 шқ. оның ішінде 2018 жылға 239,7 млн. теңге игерілді 2019 жылға 49,9 млн. теңге 1,4 шқ. жолына қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық мәндегі автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10,0 млн. теңге қарастырылған және толығымен жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудан аумағындағы 14 ауылішілік көшелерінің 15,2 шқ. орташа жөндеу жұмыстарына 236,7 млн. теңге қаражат қарастырыл, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ойтал ауылдық округіне қарасты Темір жол вокзалына кірме жолы 1,9 шақырымға облыстық және республикалық бюджетерінен 46,6 млн. теңге қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · Аудандық мәндегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожол үлесінің артуы;
· автожолдар ауданның жеке елді мекендері үшін бірден-бір көлік қатынасы болып табылады; · өңірдің ішіндегі елді мекендер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін дамыған автокөлік жолдарының торабы; · соңғы үш жылда жолаушылар айналамының өсуі (2012 жылдан 7,5%-ға); · көліктің барлық түрлерімен жүк айналымындағы теміржол көлігінің жоғары үлесі; · өткізу қабілеттілігінің резервтері.
|
· Негізгі құрал-жабдықтардың маңызды табиғи және моральдық (инфрақұрылымның және жылжымалы құрамның тозу дәрежесі 75% жетеді) тозуы;
· жолдағы апаттылық; · заңсыз тасымалдаушылардың қызметіне байланысты, шалғай елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі; · жеке аудандарда ішкі ауданаралық жолаушылар тасымалдауының болмауы; · ауданның қоғамдық көліктерінің жылжымалы құрамының тозуы; · қоғамдық көліктің жұмысын лайықты бақылаудың жоқтығы қоғамдық көліктерінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі; · инновацияларды енгізу және процестерді автоматтандырудың төмен деңгейі; · қызмет құнын қымбаттауға әкелетін автокөлік үшін қымбат бағалы отын. |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Энергоүнемдеу технологиясын енгізу және көлік жұмысының үнемділігін жоғарылату;
· мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің механизімін дамыту; · ішкі автобағыттарды ашу және жаңарту жолымен аудан тұрғындарына арналған барлық көлік түрлерінің бағыт желілерін кеңейту. · Нұрлы-Жол және Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру; · автожол саласына, халықаралық сапаны басқару стандартын енгізу; · ауданның транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жобаларды іске асыру; · әлеуметтік маңызы бар облысішілік (ауданішілік) жолаушылар маршруттарын субсидиялау есебінен бағыт желілерін дамыту; |
· Мақсатты көрсеткішке әсер ететін макроэкономикалық қауіптің іске асырылуында көлік қызметіне деген сұраныстың төмендеуі мүмкін;
· жанармайды сатып алу шығындары, инфляциямен салыстырғанда энерго тасымалдаушыларда ішкі бағаның өсуі мемлекеттік және жекеменшік тасымалдаушы мекемелердің ұсталымының ұлғаюына әкеліп соғады; · бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы бұл автожол жағдайының алдағы нашарлауы; · негізгі тасымалдаушылармен дамыту бағдарламаларының қысқаруы; · технологендік және экологиялық қауіп.
|
Саланың проблемалары:
– жолаушылар мен жүктер тасымалдау бойынша қызмет көрсету нарығында автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын қамтамасыз ету үшін тиісті шарттары жоқ шағын кәсіпкерлік субьектілері санының ұлғаюы;
– жүргізушілердің біліктілігінің жеткіліксіздігі және көліктік тәртібінің төмендігі;
3.2. Экология және жер ресурстары
Өндірістік және тұтыну қалдықтары
Қазіргі таңда Меркі ауданында 45 елді мекен орналасқан. 45 елді мекен 14 ауылдық округке бөлінген. Аудан бойынша 4 типтік полигон орналасқан, ал қалған ауылдық округтерде күл – қоқыс тастайтын орны нақтыланған. 14 ауылдық округтің 9 – да эмиссияға рұқсаты бар және мемлекеттік актісі бар, ал 5 ауылдық округ келісім шарт бойынша ТҚҚ шығарумен айналысатын «Жасыл Меркі» ЖШС келісім шартқа отырған аталған мекеменің эмиссияға рұқсаты бар, полигон аумағы қоршалған.
1) Орталық полигон Меркі ауылдық округіне қарасты Есімбеков көшесінің аяғында орналасқан, полигонның аумағы 5,7 га құрайды қуаттылығы 1072983 эмиссия рұқсаты бар.
2) Сұрат ауылдық округінде орналасқан полигонның аумағы 1 га құрайды қуаттылығы 111975 м3 эмиссия рұқсаты бар. Құрылысы 2017 жылы аяқталған.
3) Кеңес ауылдық округінде 2017 жылы полигон құрылысы аяқталып, қазіргі таңда қабылдау өткізу актісімен қабылданды. Аталған полигонның қуаттылығы 167493 м3 аумағы 1,5 га құрайды.
4) Ақермен ауылдық округінде 2017 жылы аумағы 7,5 га метр құрайтын полигон құрылысы аяқталды.
Ақтоған – 1 га, 7341 м3; Тәтті – 1,5 га, 6711м3; Андас батыр – 2 га, 10326,4 м3; Ойтал – 1,5 га, 12368,1 м3; Аспара – 2 га, 5316,98 м3; Жанатоған – 1,5 га, 9733,26 м3 ауылдық округтері аумақтарында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған шұнқырлар орналасқан.
Қазіргі таңда аудан аумағында тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, тасымалдау және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен «Жасыл Меркі» ЖШС-гі айналысады.
Есепті кезеңде Меркі ауданының аумағында тарихи ластаулар, қараусыз қалған қалдықтар мен жердің ластану учаскелері анықталған жоқ.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау
| Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
| · табиғат пайдаланушылармен -кәсіпорындармен жыл сайынғы табиғат қорғау шараларының орындалуы;
|
· Жинақтаудың дамымаған жүйесі, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтардың бөлінбелі жинағы;
· қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың төмен көлемі; · қатты тұрмыстық қалдықтарды көлемін қолданыстағы нысандардың санитарлық ереже талаптарына сәйкессіздігі; · ормандардағы жоғары өрт қаупі; · штаттық санның және орман шаруашылығының коммуналды мемлекеттік мекемелерінің материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі (республика бойынша орташа көрсеткіштен 65% бар); |
| Мүмкіндіктер | Қауіптер |
| · Қайталама қайта өңдеуді енгізу және қалдықтарды кәдеге жарату;
· табиғи ресурстарды пайдалануға азаматтарда саналы көзқарастың қалыптасуы; · су шаруашылығы нысандарын қайта құру, жаңғырту, күрделі жөндеу, желілерде су шығындарын төмендету; · аудан аумағында сексеуілді және басқа өскелең түрлерін егу және отырғызу жолымен ормандылықтың көлемін көбейту және арттыру; · көшет материалдарының өндірісі үшін тәлімбақтардың көлемін ұлғайту; · заңсыз кесу және броконьерлік фактілерінің алдын алу жолымен облыстың мемлекеттік орман қорының аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғауды одан әрі күшейту. |
· Иесіз, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының сақталуы, сондай-ақ қайталама қайта өндеу және кәдеге жарату технологиясының болмауы;
· табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаның эмиссияларынан бюджеттік қаражаттың толық бөлінбеуі; · физико-географиялық, ауа райы жағдайларының және сужинағыш су теңгерімі элементтерінің өзгеруі;
|
Саланың проблемалары:
– ауылдарда тазартқыш құрылғылар салу және қайта жаңғырту қажет;
– қалдықтарды көму полигондарын табиғатты қорғау заңнамасы талаптарына сәйкестендіру арқылы қатты тұрмыстық қалдықтардың жабайы, өз бетінше құралған орындарының пайда болуын алдын алу;
– тұрмыстық қалдықтарды және оларға теңестірілген өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдейтін өндірістік кешендер құрылысы;
– ауданның ауылдық округтерінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы;
– қалдықтарды қайта кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемдерінің азаюына әкеледі.
III. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Мақсаттар, мақсатты индикатор және оларға қол жеткізу жолдары
Бағыт: Экономика
3.1.1. Өнеркәсіп және инвестициялар
Мақсат 3.1.1.1: Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін және инвестицияны арттыру
|
р/с |
Нысаналы индикаторлар | Өлш. бірл. | 2014 ж. нақты | 2015 ж. нақты | жоспар | Ақпарат көзі | ||||
| 2016 ж.
|
2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | ||||||
| 1 | Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі | % | 107,0 | 97,9 | 154,3 | 57,2 | 92,9 | 39,1 | 103,0 | ресми статистикалық деректер |
| 2 | Негізгі капиталға салынған инвестициялар | % | 90,9 | 110,8 | – | – | – | 100,1 | 102,0 | |
| Қол жеткізуге жауаптылар: Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі | ||||||||||
Қол жеткізу жолдары:
– Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмыс атқаруы, жаңа өндірістерді жаңғырту және іске қосу;
– Өңірлік деңгейде «ИИДМБ» Мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды Индустрияландыру картасына енгізе отырып, жүзеге асырылуын қолдау.
Индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан «Са-Ба ЛТД» ЖШС – «Мұнай өнімдерін өңдейтін зауытты қайта жаңғырту» жобасы енгізілді. Жоба құны 662,0 млн. теңге. 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Са-Ба ЛТД» ЖШС-де іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп, комиссия қорытындысына сәйкес пайдалануға берілді.
3.1.2. Агроөнеркәсіп кешені
Мақсат 3.1.2.1: Агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау
| №
р/с |
Нысаналы индикаторлар | Өлш. бірл. | 2014 ж. нақты | 2015 ж. нақты | жоспар | Ақпарат көзі | ||||
| 2016 ж.
|
2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | ||||||
| 1. | Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілген қызметтердің) нақты көлемінің индексі | % | 108,3 | 112,4 | 102,5 | 102,6 | 102,7 | 105,0 | 105,6 | ресми статистикалық деректер |
| 2. | Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі | % | – | – | 119,0 | 119,0 | 130,0 | 90,0 | 100,0 | ресми статистикалық деректер |
| 3. | Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялардың НКИ | % | – | 18,6 | 299,7 | 109,7 | 110,4 | 150 | 110,9 | |
| 4. | Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және ұсақ мал басының үлесі | %
МІҚ |
47,9 | 38,8 | 33,9 | 34,8 | 34,9 | 36,1 | 37,2 | ЖАО ведомстволық есептілігі |
| %
ҰММ |
40,9 | 36,9 | 46,1 | 46,6 | 47,8 | 50,4 | 50,9 | |||
| Қол жеткізуге жауаптылар: Меркі ауданы әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімі, ауылдық округ әкімдері. | ||||||||||
Қол жеткізу жолдары:
Бағдарламаның 2-кезеңінде 2016-2020 жылдары «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде – ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін кеңейту, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша облыстың импортқа тәуелділігін азайту, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру, еңбек өнімділігін ұлғайту, АӨК-нің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.
Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар); ылғалды ресурсты үнемдеу технологиясын (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.) пайдалану; көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысы; ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру ; қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамту пайызын арттыру; биязы жүнді, майлы ет бағытындағы қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; аудандарда және ірі елді мекендерде бордақылау алаңдарын кеңейту және типтік мал сою пунктерінің құрылысын жүргізу; аудандарда ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; жемдік базаны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; ауыл тұрғындарына шағын несие беруді арттыру (жылсайын 3-5%-ға дейін); аудандарда және елді мекендерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.
3.1.3. Шағын және орта бизнес
Мақсат 3.1.3.1: ШОБ субъектілерінің өсуіне жағдай жасау
| №
р/с |
Нысаналы индикаторлар | Өлш. бірл. | 2014 ж. нақты | 2015 ж. нақты | жоспар | Ақпарат көзі | ||||
| 2016 ж. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | ||||||
| 1 | Жұмыс істеп тұрған ШОК тіркелгендер санындағы үлесі | – | – | – | – | 80,5 | 81,0 | 81,5 | ||
| 2 | Бөлшек сауданың нақты көлем индексі | % | 183,2 | 83,1 | 78,5 | 99,6 | 130,5 | 104,5 | 105,0 | ресми статистикалық деректер |
| Қол жеткізуге жауаптылар: Меркі ауданы әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі. | ||||||||||
Қол жеткізу жолдары:
Меркі ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.
Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында:
– кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
– «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру;
– «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
– қаржылық даму институттарының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру;
– «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсету, оның ішінде бизнес-жобаларды әзірлеу;
Сауда саласында:
– заманауи сауда нысандары алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру;
– базарларды техникалық жарақтандыру;
– базарлардағы сауданың ашықтығын арттыру.
Бағыт: Әлеуметтік сала
3.1.4. Білім
Мақсат 3.1.4.1: Білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыру
| №
р/с |
Нысаналы индикаторлар | Өлш. бірл. | 2014 ж. нақты | 2015 ж. нақты | жоспар | Ақпарат көзі | ||||
| 2016 ж. | 2017 ж. | 2018 ж. | 2019 ж. | 2020 ж. | ||||||
| 1 | Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш аусымды мектептер саны | бірлік | ||||||||