2019 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

04.05.2019 жыл

Өнеркәсіп. 2019 жылдың қаңтар-наурызында 769,9 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 10,2 %. (2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Меркі қант зауыты» ЖШС  уақытша тоқтап тұруына байланысты өнеркәсіп өнімінің көлемі төмендеген).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурызында 2827,9 млн. теңгені құрады немесе 2018 жылдың осы кезеңіне                 102,1 %.

Мал шаруашылығының барлық санаттарында 2019 жылдың қаңтар-наурызында     3,05 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2018 жылдың осы кезеңіне 101,7 %, сүт – 6,71 мың тонна (102,2%), жұмыртқа – 504,0 мың дана (100,5 %).

МІҚ саны 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға өсіп, 47,9 мың басты құрады, қой мен ешкі саны 5,7 %-ға (281,0 мың бас), жылқы саны 13,0 %-ға                (14,4 мың бас), шошқа саны  8,8 %-ға (1,2 мың бас), кұс саны 9,7 %-ға (84,5 мың бас) өскен. Түйе саны 114 бас (100,0 %).

Есепті кезеңде 115,6 млн. теңгеге 28 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. (2018 ж. 15 дана, 41,7 млн. тенге).

2019 жылдың қаңтар-наурызының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 1593,1 млн. теңгені құрады және 2018 жылмен салыстырғанда     44,1 %-ға өсті.

2019 жылдың қаңтар-наурызында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2115,2 млн. теңгені құрады, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда            3,2 есеге артты.

Есепті кезеңде 299,6 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі – 203,6 % құрады.

«Ақ-Бұлақ» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылының ауызсу жүйесінің құрылысы 2018-2020 жылдарға жоспарланып, 2018 жылы бюджеттен 568,3 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2019 жылға бюджеттен 444,4 млн. теңге бөлінді. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 5,6 мың шаршы метрді құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңінен 46,2 %-ға артты.

Аудан бюджеті. 2019 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджеті кірістер бойынша 2 млрд. 857,7 млн. теңгеге немесе жоспарға 106,5 %-ға, өзіндік кірістер – 438,1 млн. теңгеге (165,6 %), трансферттердің түсімдері бойынша –2 млрд. 419,5 млн. теңгеге (100,0%) орындалды.

Ал шығыс бөлігі 2 млрд. 684,3 млн. теңгеге жоспарланып, 2 млрд. 663,5 млн.  теңгеге орындалып, 99,2 пайызды құрады.

      Салықтар. 2019 жылдың қаңтар-наурызында мемлекеттік бюджетке                                      730,9 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 144,5 %. Республикалық бюджетке түсімдер 113,6 млн. теңгені (107,2 %), облыстық бюджетке – 179,2 млн. теңгені (132,6 %), аудандық бюджетке – 438,1 млн. теңгені  (165,6 %) құрады.

       Денсаулық сақтау саласында есепті кезеңде жалпы денсаулық сақтау саласына             502,8 млн. теңге  бөлінді, оның ішінде: дәрі дәрмекке – 67,3 млн. теңге (2018 ж. – 53,1 млн. теңге), тамаққа – 3,8 млн. теңге (2018 ж. – 3,9 млн. теңге).

       Есепті кезеңде 100,0 мың адамға шаққанда тіркелген аурушаңдық көрсеткіші сарып (бруцеллез) –2,3 (2 факт) (2018 ж.-2,3 (2 факт)), вирустық гепатит – 0,0              (2018 ж.-2,3 (2 факт)), туберкулез – 15,3 (13 факт) (2018 ж. – 16,5 (14 факт)), қатерлі ісік аурушандығы – 28,2 (24 факт) (2018 ж. – 28,5 (24 факт), қан айналымы жүйеcінің аурушандығы – 316,1 (268 факт) (2018 ж. – 318,0 (268 факт)), қант диабеті аурушандылық көрсеткіші 61,3 (52 факт) (2018 ж. – 62,8 (53 факт).  Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда вирустық  гепатит аурушандығы 2 фактіге, туберкулез аурушандығы           1 фактіге,  қант диабеті аурушандығы 1 фактіге  төмендеп отыр.

Есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген (2018 ж. – 0), нәресте өлімінің көрсеткіші  1000 тірі туылған балаға есептегенде 2,7 құрады (1 факт) (2018 ж. – 2,7 (1 факт)),  былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде.

       Білім беру жүйесін қаржыландыруға  есепті кезеңде 2,0 млрд. теңге бөлінді,                     2018 жылмен салыстырғанда 5,2 % ұлғайып отыр.

Ауданымызда жалпы білім беретін 38 мектеп бар, есепті кезеңде аудан мектептерінде 16372 оқушы (2017-2018 оқу жылы – 15761) білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  611 оқушыға артып отыр.

Балалардың денсаулығын көтеру мақсатында ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 985 бала тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қамту үлесі 100% құрады.

Ауданда 26 балабақша мен (16 мемлекеттік, 10 жекеменшік) 12 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасауда, онда 3752 бала тәрбиеленуде. Есепті кезеңде қамту үлесі  1-6 жас аралығында 90,5 пайызды  (облыста 87,4 пайыз) құрауда, 3-6 жас аралығында 99,6 пайызды (облыста 90,2 пайыз) құрап отыр.

        Мәдениет  аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі мен 6 ауылдық мәдениет үйі,                  9 ауылдық клубтар, 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 28 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 4 «халықтық» атағы бар ұжым,                     1 «Зерде» бейнемобиль автоклубы тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді.

Жоғарыда аталған мәдениет ошақтарында 2019 жылдың қаңтар-наурызында мәдениет үйлері мен  ауылдық клубтарда  201 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған     15900  адам қатысты.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапханалар, аудандық балалар кітапханасы мен 28 ауылдық кітапханалардың кітап қоры 263073 кітапты құрап, оның ішінде: мемлекеттік тілде 138346 кітап, оқырмандар саны 7415, кітап берілімі 89516 кітап болса, өткізілген көпшілік іс-шаралар саны 127 құрады.

Спорт.  Аудан бойынша  есепті кезеңде спорт нысандарының саны 209. Оның ішінде: 1 стадион, 49 спорттық залы (36 типтік,  13 арнайы орнатылған спорт залдар), 12 атқыш тирі, 38 футбол алаңы, 109 спорттық алаңшалар (28 кіші футбол алаңшасы,                     39 волейбол, 37 баскетбол, 5 стритворкаут) бар.

Есепті кезеңде аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтан 29,3% құрады, бұл 24850 адам (2018 ж. – 29,1 %, 24686 адам).            

         Бұқаралық спортты дамытуға 2019 жылы аудан бюджетінен 7,6 млн. теңге (2018 ж. -6,6 млн. теңге).   қаражат бөлінді.

        Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде ауылдық округтерге 76,1 млн. теңге қаражат бөлініп, 20 жоба іске асырылатын болады. Есепті кезеңде Рысқұлов, Жаңатоған, Кеңес ауылдық округтері бойынша 3 жоба іске асыратын мердігерлер анықталып, келісім-шарттар жасалды.

        Ауданда қылмыспен күресу және оның алдың алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде ауданда 104 (2018 ж. – 131) қылмыс тіркелген, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,6 % төмендеп отыр. Есепті кезеңде қылмыстардың ашылуы 75,0 пайызды (2018 ж. -53,1 %) құрады. Есепті кезеңде ауданда 17 (2018 ж. -11)  жол көлік оқиғасы тіркелген немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 өскен, онын ішінде дене жарақат алған адамдар саны 15 өскен (14-тен 29-ға), адам өлімі дерегі бойынша бір дерекке өскен, яғни (1 ден 2-ге дейін).

 

Дата публикации
25 января 2021