Меркі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 

«Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»  Меркі аудандық

 аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы

 №1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының                          2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде, Меркі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 15 (он бес) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Меркі аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Төраға                                                                  Ш. Абылкасымов

 

Хатшы                                                                    О. Тойбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меркі ауылы

№11 қаулы

13 қазан 2026 жыл

 

 

 

 

 

Меркі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы

 №11 қаулысына қосымша

 

 

Меркі аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 

№1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақтоған ауылы, С.Қосбармақов көшесі №57, Ақтоған ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Ақтоған ауылдық округінің Ақтоған, Қазақдихан және Рысқұлов ауылдық округінің Рысқұлов және Интернациональный ауылдары. Құрамына №269, №528, №287 және №288 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №153А, Аудандық орталық кітапхананың ғимараты.

Шекаралары: Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл және Жеміс-жидек ауылдары.

Құрамына №270 және №273 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Жамбыл ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №146, «Меркі ауданының білім бөлімінің  А. Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл, Тұрлыбай батыр және Талдыбұлақ ауылдары.

Құрамына №271, №272 және №274 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №167, «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимараты.

Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы және Меркі шипажайы.

Құрамына №275 және №278 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов көшесі №222, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы.

Құрамына №276 және №277 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Ысмаилов №258, балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайының ғимараты.

Шекаралары: Меркі ауылдық округінің Меркі ауылы.

Құрамына №279 және №477 сайлау учаскелерінің шекарасы кіреді.

 

№7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы,  Сарымолдаев ауылы, С.Омарходжаев көшесі №2, «Меркі ауданының білім бөлімінің  А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылы.

Құрамына №280 және №281 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы, С.Омарходжаев көшесі №1, №9 Меркі колледжінің ғимараты.

Шекаралары: Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев, Екпінді және Ойтал ауылдары.

Құрамына №478, №282 және №283 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақермен ауылы, Төлеби көшесі №27, Ақермен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Ақермен  ауылдық округінің Ақермен, Ақкөз-қайнар, Алтын арық және Кентай ауылдары. Аспара ауылдық округінің Аспара, Қайыңдысай және Құмарық ауылдары. Тәтті ауылдық округінің Тәтті, Қарасу, Беларық, Ақжол ауылдары, Тәтті станциясы, Шемен және Тасөткел разъездері.

Құрамына №300, №301, №302, №303, №304 және №305 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Парковая көшесі №1, Ойтал ауылдық клубының ғимараты.

Шекаралары: Ойтал  ауылдық округінің Меркі станциясы.

Құрамына №285 және №286 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

 

 

№11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы,  Ойтал ауылы, Достық көшесі №19,  «Меркі ауданының білім бөлімінің  №48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Ойтал  ауылдық округінің Ойтал және Маханды ауылдары.

Құрамына №284 және №479 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№12 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы, Ақарал ауылы, Сейтімбет көшесі №15, «Меркі ауданының білім бөлімінің  №5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Ақарал  ауылдық округінің Ақарал және Сыпатай ауылдары. Сұрат ауылдық округінің Сұрат, Аққайнар және Тескентоған ауылдары.

Құрамына №289, 290, №291 және №292 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№13 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы,  Қостоған ауылы, Р.Құлбаев көшесі №78, Қостоған ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатоған  ауылдық округінің Қостоған, Мыңқазан, және Қызылсай ауылдары. Кеңес ауылдық округінің Кеңес және Жауғаш батыр ауылдары.

Құрамына №293, №294, №295, және №299 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№14 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы,  Андас батыр ауылы, А.Шотаев көшесі №44, «Меркі ауданының білім бөлімінің  №21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Андас батыр  ауылдық округінің Андас батыр ауылы және Шалдабар станциясы.

Құрамына №296 және №480 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№15 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Меркі ауданы,  Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №38, «Меркі ауданының білім бөлімінің  №3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Андас батыр  ауылдық округінің Қызыл қыстақ, Арал қыстақ және Гранитогорск ауылдары.

Құрамына №297 және №298 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

 

Дата публикации
16 октября 2026