
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2026 жылғы 13 қазанда Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Ш. Абылкасымов төрағалық етті.
Отырыста 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу және өткізу мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде сайлау округтерін құру, сайлау науқаны іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.
Комиссия төрағасы сайлау науқанын заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме берді.
Алдағы сайлауды сапалы әрі заң талаптарына сай өткізу бағытындағы жұмыстар жалғасады.