2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №21 қаулысы басшылыққа алынсын.
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев