«Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы»  Меркі аудандық

 аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы

 №01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының                          2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде, Меркі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Меркі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 15 (он бес) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Меркі аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                  Ш. Абылкасымов

 

 

Хатшы                                                                    О. Тойбаев

 

Дата публикации
13 октября 2026