Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлама

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2026 жылдың 8 қарашасына тағайындалған Меркі ауданы Ақермен, Аспара және Меркі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Меркі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды.

  1. Акермен ауылдық округіндегі №300 сайлау учаскесі

Шекаралары: Ақермен ауылы, Алтын-арық ауылы, Кентай ауылы, Ақкөз-қайнар ауылы

  1. Аспара ауылдық округіндегі №301 сайлау учаскесі

Шекаралары: Аспара ауылы, Қайыңды-сай ауылы, Құмарық ауылы.

  1. Меркі ауылдық округіндегі №275, 276, 277, 278, 279, 477 сайлау учаскелері.

               Шекаралары: Меркі ауылы, Меркі шипажайы.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Меркі ауылы, Ә. Ысмаилов көшесі №167, «Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

 

Дата публикации
07 октября 2026